Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    23 мамыр. Бүгінгі күн депутат Г.Нұрымова үшін өте мазмұнды болды. Бүгін 6 маңызды іс-шара өтті - 5 министрліктер; ДСМ, БҒМ, МСМ, ЕХӘҚМ, АҚДМ-нің 2021 жылға арналған республикалық бюджетті атқару бойынша комитетінің бес отырысы, сондай-ақ әскери полиция мәселелері жөніндегі заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

    Денсаулық сақтау министрлігі. ДСМ өкілінің баяндамасынан кейін депутаттар бірқатар сұрақ қойды, бірақ сұрақтардың көбіне толық, сауатты жауаптар болған жоқ. Депутат үш сұрақ қойды:

1. Сан-эпид тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы бойынша 3,3 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды. Қандай бұзушылықтар?

2. Сондай-ақ, бөлінген қаражаттың 18,1 млрд теңгесі пайдаланылмағаны анықталды. Неліктен мұндай қаражат игерілмеген?

3. Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша 1,2 млрд теңгенің тиімсіз пайдалануы анықталды. Қандай мақсаттарға қаражат тиімсіз жұмсалған және жол берген лауазымды тұлғалар бұл үшін жауапкершілікке тартылды ма?

    Осы және басқа сұрақтарға ДСМ өкілдерінің жауаптары депутаттарды қанағаттандырмады, сондықтан әріптестерім талқылауды тоқтатып, отырысты вице-министрлердің қатысуымен ертеңге ауыстырды.

    Сондай-ақ, бүгін Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Мәдениет және спорт, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің 2021 жылға арналған республикалық бюджетті орындауы бойынша отырыстар өтті. Әр министрліктің вице-министрлері сөз сөйлегеннен кейін депутаттар көптеген сұрақтар қойды.

Г.Нұрымованың сұрақтары:

-БҒМ:

1. Министрліктің деректері бойынша мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі бойынша индикаторға 91% (жоспар бойынша 91%) қол жеткізілді. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Сондықтан комитет депутаттары бұл тармақпен келіспейді.
2. Мемлекеттік мектептердің жалпы санынан апатты және үш ауысымды мектептер үлесінің көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ. Жоспар бойынша 1,9%, ал ақпарат бойынша 2,5% - ды құрайды. Жақында депутат Қордай ауданындағы Бәйтерек ауылында болдым. Онда балалар мектептің шамадан тыс жүктелуіне байланысты контейнер бөлмесінде оқуға мәжбүр болды.
3. Шешуді талап ететін өзекті мәселе - ТжӨО-ны мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін оқытатын жекеменшік колледждерді қаржыландыру, өйткені мемлекеттік колледждермен салыстырғанда айырмашылығы үлкен. Қаржыландырудың жеткіліксіздігі нәтижесінде жеке колледж педагогтеріне жалақы көтерілмейді, бүгінгі күні жалақы бойынша айырмашылығы 75% құрайды. Сондықтан педагогтер аталған колледждерден кетуде.
-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі бастаған министрлік өкілдері де отырысқа дайындалмай келген. Г.Нұрымова 2 сұрақ қойды:
1. "Еңбек" атты мемлекеттік бағдарламасы бойынша 26 мыңға жуық адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар берілді. Нәтижесі қандай? Бұл жобалар жұмыс істей ме, жұмыс орындары құрылды ма, салық төлей ме?
2. Ұсынылған ақпаратта Жамбыл облысында Оңалту орталығының құрылысы туралы жазылған. Ол туралы толық ақпаратты беріңіз: қайда, неше орынға, қандай бағытқа және т. б. Министрлік өкілдері жауап бере алмады.

МСМ:

1.Ұсынылған ақпарат бойынша келесі макроиндикаторға қол жеткізілді - халықтың мәдениет саласындағы көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі -71,4% (жоспар бойынша 72,9%). Бұл көрсеткіш қандай әдістеме бойынша анықталды? Әлеуметтік зерттеулер, сауалнамалар немесе басқа әдістер қолданды ма? Жауап бойынша - кинотеатрларға, концерттерге және т.б. бару мәліметтері бойынша көрсеткіш анықталады, бірақ, менің ойымша, бұл көрсеткіштің сенімділігі әлі де анық емес.
2. Министрліктің мәліметінше, 2021 жылы ішкі туристер саны 6,9 млн адам болды (жоспар бойынша - 5,3). Егер шетелдік туристерді виза арқылы немесе шекарадан өткен кезде анықтауға болатын болса, онда ішкі туристердің саны қалай есептеледі? Жауап: мұражайларға, тарихи орындарға бару туралы статистикалық есеп бойынша. Бұл да күмән тудырады және толық түсініксіз.


    Нәтижесінде депутат өз ойын білдірді: бөлінген қаражат жеткілікті, бірақ әртүрлі себептермен олар мақсатына сай пайдалынбайды.