Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін "Еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білімі бар мамандарды даярлау сапасын арттыру" тақырыбында Комитет отырысы өтті. Депутаттар ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саятсаттың, сондай-ақ ЕХӘҚ вице-министрі О. Т. Ордбаевтың, Денсаулық сақтау вице-министрі Ж. К. Бүркітбаевтың баяндамаларын тыңдады. Қазіргі заманғы білім беру дағдыларды үнемі жетілдіруді ғана емес, сонымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандандыруды талап ететін үздіксіз процеске айналатынын атап өткім келеді. Ал еңбек нарығы өз кезегінде маманнан икемділікті, жылдам және тұрақты оқытуды және ұтқырлықты талап етеді. Ұзақ уақыт бойы біз жоғары оқу орындары мен еңбек нарығы арасындағы өзара іс-қимылдың жоқтығына куә болдық, түлектерді жұмысқа орналастыру да, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының қажеттіліктеріне ден қою тетіктері де реттелмеген. Демек, талап етілмеген заңгерлер, халықаралық мамандар көп, ал дәрігерлер, медбикелер, жоғары дәрежелі жұмысшылар, мұғалімдер жетіспейді.
    Осы министрліктердің басшылығына депутат Г.Нұрымова келесі сұрақтар қойды:
1.Білім беру сапасын арттыру мақсатында еліміздің жоғары оқу орындарына, оның ішінде медициналық жоғары оқу орындарына Болон жүйесі енгізілді. Іс жүзінде білім беру сапасын ерекше жақсарту болған жоқ. Егер бұрын медициналық институттарда интернатурамен 7 жыл оқыған болса және бұл ретте білім сапасы жеткілікті деңгейде болса, онда дәрігерлік кадрлар тапшылығы жағдайында медвуздарда ұзақ мерзімді оқытудың қажеттілігі қандай? Өйткені, бұл ұзарту сапаға әсер еткен жоқ.
2.Әр түрлі профильдегі және бағыттағы ірі жекелеген жоғары оқу орындарын біріктіру қандай мақсатта болды? Мысалы, Таразда Технологиялық институт, Педагогикалық және бірегей гидромелиоративтік-құрылыс институты біріктірілді. Шындығында, бұл керемет, ерекше Институт осылайша жойылды.