РАУ
Альберт
Павлович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Орынбасары

Депутатқа хат
Қазақстан-Германия: парламентаралық ынтымақтастықты жандандыру туралы

Нұр-Сұлтан, 21 мамыр, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары Германия Бундестагындағы әріптестерімен онлайн кездесу барысында екіжақты, оның ішінде парламентаралық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Парламентаралық достық топтарының басшылары Альберт Рау мен Майфред Грундтың әңгімесінде Қазақстан мен Германия сенімді саяси және экономикалық әріптестер болып табылатындығы атап өтілді. Байланыстардың арқасында жоғары деңгейде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар табысты дамуда. Сонымен қатар, екі елдің парламенттері мемлекет басшыларының осы қатынастардағы бастамаларын заңнамалық тұрғыдан қолдауға дайын екендігі атап өтілді. Альберт Рау Қазақстанды Германияның "жасыл" экономика, жаңартылатын энергия көздері, сондай-ақ аграрлық сектор саласындағы тәжірибесі қызықтыратынын айтты. Өз кезегінде Майфред Грунд парламенттік дипломатияның мемлекетаралық қатынастарды дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өсу серпіні байқалатынын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан-Германия қатынастарын түрлі бағыттарда дамытуға уағдаласты, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды жандандыру жөніндегі бірлескен жоспарларды белгіледі. Қазақстан тарапынан кездесуге Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Александр Милютин және Шамиль Осин, сондай-ақ Қазақстанның ГФР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Карипов қатысты.