Сарым
Айдос
Әміроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы

Депутатқа хат
Мәжілісте Қазақстан-Британ ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды

Астана, 19 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Парламенті Қауымдар палатасының Сыртқы істер комитетінің мүшелерімен Қазақстан-Британ екіжақты қарым-қатынастарын дамыту және нығайту мәселелерін талқылады.

  Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Ұлыбританиямен ынтымақтастық Қазақстанның еуропалық бағыттағы сыртқы саяси басымдықтарының бірі екенін атап өтті. «Елдеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жылдан астам уақыт ішінде стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне қол жеткіздік. Біз сындарлы саяси диалог орната алдық және Жалпыпартиялық парламенттік ынтымақтастық тобы, Стратегиялық диалог, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия және Іскерлік кеңес сияқты екіжақты ынтымақтастықтың тиімді тетіктерін қалыптастырдық», – деді комитет төрайымы. Тараптар парламентаралық, оның ішінде Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Жалпыпартиялық парламенттік топ аясындағы байланысты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. «Жалпы біз Ұлыбританиямен барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты дамытудың жақсы перспективаларын көріп отырғанымызды және Қазақстан-Британ стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайту үшін жұмыс істеуге дайын екенімізді атап өткім келеді», – деп қорытындылады Айгүл Құспан. Кездесуге сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым мен Ермұрат Бапи, британдық тараптан парламентшілер Крис Брайант, Лиам Бирн және Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич қатысты. Мәжілістің Баспасөз қызметі 74-63-04, Фото С.Майлыбаев.

_________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі

Ақпарат көзі: http://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50129/1/1

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі