Сарым
Айдос
Әміроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы

Депутатқа хат
Қазақстан мен Корея Республикасының депутаттары парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға келісті

Қонақтарды қарсы ала отырып, "Қазақстан – Корея" достық тобының жетекшісі Айдос Сарым Корея Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты аймағындағы негізгі саяси және экономикалық серіктестерінің бірі екенін мәлімдеді. Өткен жылы республикалардың дипломатиялық қатынастарына 30 жыл толды. Әріптестік мемлекет басшыларының өзара сапарлары деңгейінде бекітілген. Елдер арасында парламентаралық ынтымақтастық та белсенді дамып келеді. Мәжілісмен атап өткендей, оны нығайтуда екі елдің достық топтары үлкен рөл атқарады. – Парламентаралық достық топтары арасындағы байланысты нығайту үшін жыл сайын олардың Төрағаларының өзара сапарларын тұрақты негізде өткізуді ұсынамын. Сондай-ақ тұрақты жұмыс тобын құру және оның отырыстарын жылына кемінде екі рет жеке немесе онлайн-форматта өткізу. Жұмыс тобы шеңберінде ақпараттық технологияларды реттеу, цифрландыру, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, жасыл экономиканы ілгерілету және елдеріміздің мүдделеріне сай келетін басқа да тақырыптар бойынша заңнамалық тәжірибе алмасуды нығайту мәселелері талқылануы мүмкін, - деп атап өтті Айдос Сарым. Өз кезегінде "Корея – Қазақстан" достық тобының жетекшісі У Вон Шик әріптестерінің ұсынысын қолдады. Ол Қазақстанға парламентаралық ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелерді талқылау мақсатында келгенін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Достық топтары желісі бойынша өзара іс-қимылын нығайтуға келісті.