Савченко
Александр
Георгиевич

VIII сайланған
Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

1951 жылғы 30 наурызда Жамбыл қаласында дүниеге келген. № 1 Ленин атындағы мектепте оқып, орта білім алды. 1968 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының кешкі бөліміне түсіп, мерзімді әскери қызметіне үзіліс жасап барып, 1976 жылы бітірген. Оқумен қатар былғары өңдеу- аяқкиім бірлестігінде еңбек жолын бастаған, ол жерде 1981 жылға дейін жұмыс істеді.

1968 жылдың қазан айынан слесарь-жөндеушінің оқушысы болып бастап, кәсіби өсу жолының барлық кезеңінен өткен: слесарь, слесарлар бригадирі және былғары өңдеу зауыттарының бас механигі болған.

1981 жылы партия-кеңес және мемлекеттік басқару органдарындағы қызметін бастады. 1981-1994 жылдар аралығындағы кезеңде Жамбыл қаласы Орталық аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің инструкторы, Жамбыл облысы әкімшілігінің өнеркәсіп салаларын дамыту, энергетика және транспорт бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Орталық аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, Жамбыл қаласындағы осы ауданның атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

1991 жылы политология және басқару институтын бітіріп, политолог, жоғары және орта білім беру оқу орындарындағы қоғамдық-саяси пәндерінің оқытушысы мамандығын алып шықты.

1994 жылғы ақпаннан 1995 жылғы қарашаға дейін «Коммунмаш» акционерлік қоғамының директоры болып қызмет атқарды.

1995 жылғы қарашада Жамбыл қаласы әкімінің орынбасары

– 1995 жылдың желтоқсанында – Жамбыл облысы Әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

1997 жылдың наурызынан бүгінгі күнге дейін облыс Әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарыды

.Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші шақырылымының Сенат Депутаты. Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің мүшесі.

Мемлекеттік басқару органдарында қызмет атқару кезеңінде менің еңбегім бірқатар мемлекеттік наградалармен: «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астана қаласына 10 жыл» және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдай жөніндегі министрлігінің «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін»медальдарымен бағаланды.

Үйленген. Екі баласы бар.