Шүкіжанова
Динара
Аманжелқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

1987 жылы 15 қаңтарда Қостанай облысының, Қарасу ауданында дүниеге келген.

2004-2008 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша;

2009-2010 жылдары Алматы қаласының Халықаралық бизнес университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген, МВА дәрежесіне ие.

-2008 жылы Рудный қаласындағы "ССКӨБ" АҚ бас бухгалтер қызметін атқарды;

- 2009-2011 жылдары жеке компанияда қызметкерлер бойынша менеджер қызметін атқарды;

- 2011 жылы "Агромашхолдинг KZ" АҚ-ға жұмысқа шақырылып:

- 2011 жылдан 2014 жылға дейін баспасөз хатшысы және HR-басқарма бастығы лауазымдарында еңбек етті;

- 2016 жылы ұйымдастырушылық даму жөніндегі Басқарушы директор лауазымына ауыстырылды, бұдан әрі 2018 жылға дейін Басқарма төрағасының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді;

- 2018 жылы атқарушы директордың бірінші орынбасары, компанияның бірінші вице-президенті лауазымына тағайындалды.

- 2022 жылы "Агромашхолдинг KZ" АҚ президенті қызметін атқарды.

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі болып табылады.

"Қазақстанның 100 жаңа есімі " Республикалық байқауының жеңімпазы.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

2023 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып табылады.