Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
26.10.2017 ж.«Мемлекеттік рәміздер мақтанышым!» және «Мәңгілік ел – мұратым!» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған Астана қалалық жас ақындар арасында өткен мүшәйраның қорытынды марапаттау рәсімі іс-шарада қ

 

ПРЕСС РЕЛИЗ

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

«Мемлекеттік рәміздер мақтанышым!» және «Мәңгілік ел – мұратым!» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің

25 жылдығына арналған Астана қалалық жас ақындар арасында өткен мүшәйраның қорытынды марапаттау рәсімі

Астана қласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мемлекеттік рәміздер мақтанышым!» және «Мәңгілік ел – мұратым!» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған Астана қалалық жас ақындар арасында өткен мүшәйраның қорытынды марапаттау рәсімін өткізуде.

МҮШӘЙРАНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТТАРЫ

Ø Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде жастар арасында ұлттық бірегейлік пен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау;

Ø Қазақ халқының «туған жерге», «рухани дәстүрге», «ұлттық санаға», «жалпыұлттық қасиетке», «ұлттық мәдениетке» деген озық үлгілі дәстүрлері мен ұстанымдарын және «мемлекеттік рәміздерді» насихаттай отырып жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Ø Жас ақындардың шығармашылық дамуына жағдайлар жасау;

Ø Жас ақындарға өз дарыны мен шеберлігін көрсетуге мүмкіндік жасау;

Ø Поэзия жанрын дәстүрлі өнер бағыты ретінде қолдай отырып, аға буын мен жас ақындар арасындағы сабақтастықты дамыту.

Мүшәйраға 16 – 29 аралығындағы 200 ге жуық жас ақындар қатысты.

Мүшәйра жеңімпаздарын марапаттау ҚР Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл, ақын жазушы Несіппек Айтұлы, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, ақын Қалқаман Сарин және басқа да белгілі қоғам қайраткерлері қатысады. Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен қорытынды концерттік бағдарламасы және мерекелік фуршет Астана қаласында 2017 жылдың 26 қазанында сағат 11.00-де Рамада плаза қонақүйінде өтеді.

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ

Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен және Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ақшалай сыйлығымен марапатталады.

· 1 орын - 1 адам (300 000 тг);

· 2 орын- 2 адам (200 000 тг);

· 3 орын - 3адам (100 000 тг);

· Номинация: 4 «ҮЗДІК АҚЫН» (50 000 тг)