Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
25.10.2017 ж. «ӘКЕ БАЛАҒА СЫНШЫ» атты қалааралық ер балалар сайысында жюри ретінде қатысты.

 

«ӘКЕ БАЛАҒА СЫНШЫ»

атты қаларалық ер балалар сайысының

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы отбасылық, мәдени, рухани құндылықтарды насихаттауға және балалардың мәдени-әдептілік деңгейін арттыруға, отбасында балаларды тәрбиелеу бойынша«Әке балаға сыншы» атты қаларалық ер балалар сайысын өткізу жоспарлануда.

Сайыстың мақсаттары мен міндеттері

Ø Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен насихаттау.

Ø Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

Ø Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

Ø Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Сайысқа 16-23 жас аралығындағы ер балалар қатыса алады.

Сайыс кезеңдері:

I. «Өзін-өзі таныстыру» (әр қатысушыға 3 минут беріледі).

II. «Cұрақ-жауап» (халқымыздың салт-дәстүріне, тарихына қатысты).

III. «Өнерім-өмірім» (қолөнер, ән-би, өз шығармашылығы, аспапта ойнау т.б.)

IV. «Мен алыппын» (гір тасын көтеру)

Сайыстың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.