Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
25.11.16 ж. Аграрлық Университетте "Тәуелсіздік тұмарым, Мәңгілік Ел ұраным" тақырып аясында студенттермен кездесу өтті.

25 қараша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ардагерлері» Ауғанстандағы соғыс ардагерлері Ассоциациясының Төрағасы, қоғам қайраткері Бақытбек Смағұлдың жастармен кездесуі өтті. Шара «Жастар – Отанға!» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Шара аясында «Жас Отан» жастар қанаты Төрағасы Шахмардан Байманов жастармен еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін айтып, жастарды ұлт тарихындағы маңызды тарихи оқиғалармен, ұлттың ұлы тұлғаларының ерлік істері, өнегелік өмірін негізге ала отырып тәрбиелеу арқылы олардың нақты пікірі мен тоқтамды ойын жүйелеп, отансүйгіштікке баулитын кеңестерімен бөлісті. Ауған соғысындағы ерліктері үшін 2-ші дәрежелі «Айбын» Орденінің Кавалері, «Құрмет», «За заслуги», «Долг и честь» ордендерiмен, «Ауғанның от-жалыны», «Мен көрген соғыс», «Война, которую видел я», «Қан кешкен күндер», Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев туралы «Намыстың құлы – Алаштың ұлы», «Қаһарман» атты жастарымызды отан сүйгiштiкке тәрбиелеп, ерлiкке баулитын патриоттық кiтаптарының авторы Бақытбек Смағұл жастарға өлеңдерін оқып, өміріндегі түрлі оқиғаларды баяндап берді. Кездесу барысында депутат ең басты құндылықтарымыз -еліміздің келісімі мен ауызбіршілігі деп, және де бұл асылдарымызды сақтауға баршамыз ат салысуға міндетті екенімізді ерекше атап өтті. Шара аясында Бақтыбек Смағұлдың «Мен көрген соғыс» кітабының желісімен түсірілген фильмнің көрсетілімі болды. Қатысушылар қонақтың әңгімелерін назар қойып тыңдады. Бақытбек Смағұлмен кездесу жастарға ереше әсер қалдырды. Жастар сұрақтар жаудырып, пайдалы ақпарат алумен қатар болашақтағы игі істері үшін жақсы уәждеме алып ынталанды. Шараның мақсаты – жастарды рухани-адамгершілік, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, аға ұрпақтан жастарға мәдени-рухани құндылықтарды дәріптеу.