Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Жаужүрек мың бала» әскери-патриоттық ойынының салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты


2016 жылдың 8 қараша күні «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас  Отан» Жастар  қанатының Астана қалалық филиалы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Астана қаласының орта-мамандандырылған, кәсіптік оқу орындарының арасында «Жаужүрек мың бала» әскери – патриоттық ойынының салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

«Жаужүрек-мың бала» әскери – патриоттық ойынының салтанатты марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев, Бақытбек Смағұл, ҚР ҚК-нің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшылығы Астана қаласының әскери-патриоттық клубтары мен әскери кафедра тәрбиеленушілері, ҚР ҚК әскер тектерінің әскери қызметшілер, генерал С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» РМ ұландары қатысты.

Іс-шара барысында әскери-патриоттық ойынның жәңімпаздары марапатталып, ҚР ҚК-нің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық ансамблі, Орталық әскери оркестрінің сүйемелдеуімен концерттік бағдарлама өткізілді.

Қатысушылардың назарына ҚР-ның ҚК Құрлық әскерлерінің 68665 ә/б «Құрмет қарауыл ротасы» мен ҚР ҚК ҰӘПО Орталық оркестрі дефиле, «Қалқан» арнайы жасағы қоян-қолтық ұрыс көрсетілімдері ұсынылды.