Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Жастар – Отанға!» жастар саяси лагерде қатысты. Алматы облысы. Қапшағай қ.


Бүгін Алматы облысы Қапшағай қаласындағы «Алтын Эмель»  сауықтыру орталығында «Жастар – Отанға!» жастар саяси лагері өз жұмысын бастады. Лагерьге жастар ұйымдарының және студенттердің өзін-өзі басқару өкілдері, өнерпаз жастар, спортшылар,  жас ғалымдар, журналисттер, блогерлер мен «Жас Отан» ЖҚ белсенді мүшелері қатарынан 250 жас қатысады.

«Жастар – Отанға!» лагері – Қазақстанның барлық аймақтарынан жиналған жас көшбасшыларға түрлі семинар-тренингтерден өтуге, жаңа идеялар мен жобалар ұсынып, тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік беретін тиімді диалогты алаң.

Лагерь барысында жастар үшін жеке және кәсіби қасиеттерін дамытуға және жобалық қызметті үйренуге бағытталған тренингтерден тұратын бағдарлама қарастырылған. Сонымен қатар, бағдарлама футбол, волейбол, үстел теннисі сияқты спорт ойындарынан тұратын спорттық шаралар мен түрлі шығармашыл жарыстардан тұрады.

Лагерь аясында саяси және қоғам қайраткерлерімен кездесулер өткізіледі. Бұл кездесулерде жастар қонақтарға сұрақтар қойып, өз жобаларын ұсынып, білімдерін шыңдауға мүмкіндік алады. Жас көшбасшылар «Нұр Отан» партиясының басшылығымен, ҚР Парламент Мәжілісі депуттарымен Б.Смағұл және т.б., танымал саясаттанушы және журналисттермен кездеседі.

«Жастар - Отанға!» жастар саяси лагеріне қатысушылармен тренинг-семинарлар өзкізу үшін «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінің сарапшылары шақырылған.

Қатысушылар үшін Елбасының кіші отаны Шамалған ауылына экскурсия ұйымдастырылады. Жастар Президентіміз оқу жолын бастаған мектебіне барып, балалық шағы өткен Үшқоңыр жайлауының көрінісін тамашалай алады.

Жастар саяси лагерінінің қорытындылары бойынша қатысушылар жас кәсіпкерлікті, инновациялық қызметті қолдауға, волонтерлікті дамытуға, IT технологиялар мен әлеуметтік желілерді тиімді пайдалануға бағытталған түрлі жобаларды ұсынады.

Еске сала кетейік, «Жас Отан» жастар қанаты Елбасының тапсырмасымен «Жастар - Отанға!» партиялық жобасы аясында жастарға арналған жыл сайынғы жазғы саяси лагерін 2009 жылдан бері өткізуде.

Негізгі мақсаты - жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен ұлттық құндылықтарды насихаттау.