Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
28 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Біздің Президент. Көшбасшылық феномені» тақырыбындағы кітап көрмесіне қатысты


28 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған мынадай іс-шаралар өтеді: «Біздің Президент. Көшбасшылық феномені» тақырыбындағы кітап көрмесінің ашылуы, «Н. Назарбаев – Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізін қалаушы», «Ұлы Дала Елі және тарихтағы тарихи сана хаһында» тақырыптарындағы дәрістер, «Менің Тұңғыш Президентім» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған тәрбие сағаты, «Топ – 25 қызықты кітаптар» көрмесі.

Сағ. 11.00-де «Біздің Президент. Көшбасшылық феномені» тақырыбында кітап көрмесі ашылады. Көрме экспозициясы келесідей бес бөлімнен тұрады: «Өмірбаян және отбасы», «Мемлекеттік рәміздер», «Атақ дәрежесі және марапаттары», «Халықаралық форумдар», «Елі таңдаған Елбасы». Мұнда Президенттің бүкіл өмірі алақандағыдай айқын көрініс алған: балалық шағы, бозбала және жастық шағы, кемелдік кезеңі және Мемлекет басшысының мемлекетті нығайтуға, экономиканы, әлеуметтік-мәдени салаларды дамытуға, Қазақстанның басқа елдермен халықаралық байланыстарын орнықтыруға бағытталған Тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолындағы көп қырлы қайраткерлігі. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астананың қалыптасу тарихында Елбасының рөлі ерекше болды. Президент елордамызды гүлдендіруге, экономикасы мен инфрақұрылымын жетілдіруге өлшеусіз үлес қосты. Бұл туралы көрмеде баяндалады. Экспозицияның үлкен бір бөлімі Президент Н. Назарбаевтың кітаптарынан тұрады. Оқырмандар Президенттің «ХХІ ғасыр босағасында», «G-Global: ХХІ ғасыр әлемі» (қаз., орыс. және ағылшын тілдерінде) тәрізді туындыларымен, Мемлекет басшысының қайраткерлігі туралы түрлі кітаптармен, яғни В.Ф.Михайлов, Т.А.Мансуровтардың «Өнегелі адамдар өмірі» сериясымен жарық көрген «Нурсултан Назарбаев» атты кітабымен және «ХХІ век станет звездным веком Казахстана» («ХХI century will be Kazakhstan’s century to celebrate») атты басылымдарымен таныса алады. Бұл кітаптарда Қазақстан Республикасы Президентінің сирек кездесетін фотосуреттері берілген, сол суреттерден оқырманның көз алдына Мемлекет басшысы ретінде емес, халқының нағыз Көшбасшысы әрі отансүйгіш азамат ретіндегі Нұрсұлтан

Назарбаев келеді. Басылымда Нұрсұлтан Назарбаевтың Отан, ұлттық салт-дәстүрлерімен ерекшеленген Қазақстан халқы туралы қанатты сөздері келтірілген.

Сағ. 12.00-де «Н. Назарбаев – Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізін қалаушы», «Ұлы Дала Елі және тарихтағы тарихи сана хаһында» тақырыптарында дәрістер оқылады. Дәріскерлер: ҚР БжҒМ Мемлекет тарихы институтының мамандары – тарих ғылымдарының докторы, профессор Қарасаев Ғани Мұқашұлы және жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты Ерімбетова Құндызай Мырзашқызы. Онлайн-режімдегі дәрісті еліміздің түрлі аймағынан кітапхана оқырмандары мен мектеп оқушылары тыңдай алады. Айталық; Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» әмбебап ғылыми кітапханасы, Алматы қаласындағы №40 орта мектеп, Шымкент қаласындағы №22 «Ақжар» орта мектебі.

Бұл күні «Топ – 25 қызықты кітаптар» тақырыбымен тағы бір кітап көрмесі қойылады. Мұнда түптеу өнері, полиграфиялық үлгісі, көркемдік безендірілуі жағынан сирек кездесетін кітаптар мен СD-дискілер, шағын көлемді басылымдар қойылады. Бұл қатарда «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні», «Қазақтың халық әндері», «Қазақтың батырлық дастандары» тәрізді кітаптар мен CD-дискілерден тұратын ұлттық антологиялар, «Жаһандық антиядролық қозғалыс көшбасшысы. Ұлт көшбасшысы», «Сенім. Дәстүр. Транспаренттілік. Төзімділік» кітаптары, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы (қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдерде) бар.