Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
31.05.2018 ж. Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні Ақтөбе қ. Түйетөбенің басындағы репрессия құрбандарына арналған ескерткіш маңында гүл шоқыны салды.

 

ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР

Не көрмеген, бәрін көрген азаптың

Сол болды ғой сорақысы мазақтың

Сардалаға сары сүйек  шашылып

Ит мүжіді алтын басын қазақтың

Бауырына басу үшін даласын

Қынадай ғып қырды қазақ баласын

Тең жарымы жер бетінен жоқ болған

Кімге айтады момын халық наласын

Қиянатпен қолдан жасап аштықты

Қалың елдің көмейіне тас тықты

Елін жойып жерін басып алатын

Кім болжаған мұндай сұмдық қастықты.

Аштық жалмап небір жайсаң нар ұлын

Таппай қалдық боздақтардың қабірін

Қадірлеуге аялауға міндетті

Бүгінгі ұрпақ тоқшылықтың қадірін.

Жойылмады Алаш елі алайда

Аман қалып үлгі болды талайға

Елбасымыз күні-түні толғанды

Қазақ елін ел қылам деп қалайда

Қазақ елі - Мәңгілік ел, Қазағым,

Сенің ұлы тарихыңды жазамын.

Аштықтағы Алашымның азабын,

Ескерткіш қып мәңгілікке қалдырған,

Азат елге  арналады ғазалым!!!