Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Тәжік-ауған ардагерлері ұлықталды

Тәжік-ауған ардагерлері ұлықталды

Жамбыл облысына сапарлап қайттым. Оның аясында Гвардейский гарнизонында орнатылған «Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мемориалдық ескерткішінің» ашылу салтанатына қатыстым.
Салтанатты шара «Халық қаһарманы», Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Рәсімге менен басқа, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының ардагерлері, Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай және тағы басқа да тұлғалар қатысты.
Мемориалдық кешен жауынгерлік бауырластықтың, соғыстағы ерлік пен батылдықтың біртұтас рухын бейнелейді.
1992 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық жауынгерлер тәжік-ауған жерінде мемлекеттік шекараны күзету және қорғау жолында жауынгерлік міндетті орындады. Осы жылдар ішінде осы іске 9,5 мыңнан астам әскери қызметші тартылған. Оның 4 мыңға жуығы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері болды. Барлық жеке құрамның ішінде шамамен 42 пайызы Қазақстанның жеке атқыштар құрама батальонының үлесіне тиді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – ардагерлердің өскелең ұрпақты тәбиелей отырып, жастар арасында әскери қызметтің имиджін көтеру.
Шара соңында ардагерлер мен қонақтар концерттік қойылымды тамашалады.
Бақытбек Смағұл
«Nur Otan» фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakhytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул