Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қызылорда облысындағы іс-шаралар

Қызылорда облысындағы іс-шаралар

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қалаға еліміздің әр өңірінен жиылған Ауған ардагерлерінің республикалық және облыстық ұйымдарының төрағаларын қабылдады.
Осы кезде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнап, QAZAQSTAN ARDAGERLERI Қауымдастығы Қызылорда қаласында «Nur Otan» партиясының қолдауымен, Республикалық Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының Орталық кеңесінің Конференциясын өткізген болатын.
Сондай-ақ Қауымдастық 30 қыркүйек-1 қазан күндері Әмбебап жекпе-жектен ерлер мен әйелдер және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатын ұйымдастырды. Оның егжей-тегжейін кешегі постта жаздым.
Еліміздегі ардагерлер ұйымдарының төрағалары Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерімізге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімін өткізіп, қан майданда шейіт болған қаруластарымызға Құран бағыштадық.
Бақытбек Смағұл
Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #deputatnurotan #Ардагерлер #Ветераны #ОрталықКеңес #ЦентральныйСовет #ӘмбебапЖекпежек #Унибой #Қызылорда