Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
15 ақпан - кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні

Бүгін елордадағы мемориалға - Ауғанстанда қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсіміне қатыстық. Сол сұрапыл майданда мерт болған қарулас достарымызды, қыршын кеткен боздақтарды қайғыра еске алдық. Жандары жәннатта болсын!

Жаралансақ та, Отанға аман оралған біз үшін оларды ұмытпай, еске алып отыру - парыз!