Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2021 жылғы 29 сәуірде, сағат 15.00-де Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының Орталық Кеңесінің отырысы өткізіледі

«Ардагерлер туралы» заңының қабылданғанына бір жылдай уақыт өтті.

Осы уақыт ішінде ол заңды тәжірибеде қолдану барысында туындаған және бұған дейін шешімін таба алмаған мәселелер жаңа заң жобасында көрініс табуы тиіс.

Осы мәселені ардагерлер жауапты министрліктермен бірге талқыға салады.
Ертең, 2021 жылғы 29 сәуірде, сағат 15.00-де елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының Орталық Кеңесінің отырысы онлайн режимде өткізіледі.

Отырысқа Орталық Кеңес мүшелері, Парламент және Нұр-Сұлтан қаласы маслихатының депутаттары, орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, «Nur Otan» партиясының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Жиында Орталық Кеңестің, жекелеген ұйымдардың «Ардагерлер туралы» заңына қатысты ұсыныстарын талқылау, «Qazaqstan Аrdagerleri» Қауымдастығының ағымдағы жұмысының қорытындыларын, сондай-ақ Орталық Кеңеске 2021 жылы төрағалық ететін ұйымды және төрағаны бекіту мәселелерін қарау жоспарланып отыр.
Уәкілетті органның мәліметіне сәйкес, бүгінде елімізде 539 Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сонымен қатар 100 мыңнан астам ҰОС мүгедектері және Ұлы Отан соғысындағы жеңіске үлес қосқан басқа азаматтар, шамамен 16 мыңнан астам Ауған ардагері, Чернобыль АЭС-тегі авария зардаптарын жоюға қатысқан 5 мыңнан астам адам, шамамен 11 мың «тәжік-ауғандық», «ирактықтар» өмір сүруде.
Міне, осы кең ауқымды санаттың мүддесін қорғау мақсатында былтыр, 2020 жылғы 6 мамырда «Ардагерлер туралы» заңы қабылданды.
Бұл заңда патриоттық пен Отан алдындағы антына адалдық танытып, мемлекеттің тапсырмасын орындаған, халықаралық құқықтық тәртіптің тұрақтылығын сақтауға және Отанның көркеюіне үлес қосқан «ардагерлер» санаттары енгізілді.
Ардагерлерге деген оң көзқарас қоғам мен мемлекеттің кемелдігін, саяси мәдениетінің, ұлттық сана-сезімінің жоғары екенін көрсетеді.
Сондықтан ардагерлердің мемлекет пен ұлт алдында сіңірген еңбегі тиісті бағалануы, лайықты құрмет пен қошемет көрсетілуі маңызды.
Сонымен қатар, ардагерлерге адами капиталы мен әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беру, олардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайына қамқорлық жасау бағытында кешенді шаралар қабылдануға тиіс.
«Ардагерлер туралы» заңының өмірге жолдама алғанына бір жылдай уақыт болып қалды, осы кезеңде бұл заңның олқылықтары да байқалды. Сол себепті аталған отырыста ардагерлер туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстар талқыланатын болады.
Отырысты өткізу барысында COVID-19 пандемиясына қарсы санитарлық нормалардың талабы қатаң сақталатын болады.

Бақытбек Смағұл,
«Nur Otan» фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakhytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #Афганцы #Ветераны #NurOtan