Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Армиясындағы тұңғыш театр

Қазақстан Армиясындағы тұңғыш театр

Ұлттық ұланның Ән-би ансамблі әскери театры тобының тұсауы кесілді

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы және Қазақстан полициясы күніне орай Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Ұлттық ұланның Ән-би ансамблінің «Жеңіс жалауы» спектаклінің тұсаукесері өтті.
Бұл туынды Ұлы Отан соғысының қаһарманы, Рейхстагқа Жеңіс туын бірінші болып тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне арналған.
Спектакль тұсаукесеріне Парламент депутаттары, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ішкі істер министрінің басшылық құрамы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, ардагер генералдар, өнер және мәдениет қайраткерлері, әскерилер қатысты.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өнер ұжымын әскери театрдың ашылуымен және қойылымның тұсаукесерімен құттықтады.
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов айтқандай, қойылымды қоюдағы мақсат – ел халқы мен өскелең ұрпаққа Рақымжан бастаған қазақ жастарының Жеңісті жақындатуға қосқан үлесін, олардың майдан даласындағы ерлігін әспеттеу.
Спектакль Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің театрландырылған тұңғыш қойылымы болып отыр.
Әскери драма жанрындағы қойылымның авторы – Қ.Жүнісов, қоюшы режиссері – Д.Серғазин, қоюшы суретшісі – Е.Тұяқов, Ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі – майор Дархан Рахымғалиев.

#BaqytbekSmagul #BakhytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #ҰлттықҰлан #НацГвардия #ӘнБиАнсамбліӘскериТеатры #АнсамбльПесниТанцаНацГвардии