Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Тәуелсіздіктің тұғыры, мемлекеттіліктің ұстыны болған Ата заңымыздың мерекесі құтты болсын, ардақты достар!

Тәуелсіздіктің тұғыры, мемлекеттіліктің ұстыны болған Ата заңымыздың мерекесі құтты болсын, ардақты достар!

АТА ЗАҢ
Ақ ары – сенер мияты,
Басынан нелер өтпеген.
Ұлт едік уыз-ұяты
Уыстан шығып кетпеген.

Жуаны сөзге жығылып,
Дуалы сөзге тоқтаған.
Даланың заңын ұғынып
Бетімен кеткен жоқ бабам!

Ел едік кеше тәу етер
Даланың дархан заңына.
Тәукелер еткен тәуекел,
Алаң боп елдің қамына.

Айналып заңға көшелі,
Кеңіді бүгін арнасы.
Әз Тәуке жазған кешегі
«Жеті Жарғының» жалғасы.

Кеше де және бүгінде ел
Сүйеніп саған кешті өмір.
Әділет барын түбінде
Тұрасың салып еске бір.

«Есім хан салған ескі жол»
Ес болды еркін еліме.
«Қасым хан салған қасқа жол»
Құт болып қонып жеріме.

Ақ ары – сенер мияты,
Басынан нелер өтпеген.
Ұлт едік уыз-ұяты
Уыстан шығып кетпеген.

Арайлы күнге жол аштың,
Аманат болып атадан.
Айбыны сенсің Алаштың,
Арымдай асқақ Ата заң!

Раббысын ғана растайтын,
Басымды ием мың рет.
Тура бір жолға бастайтын,
Құраннан соңғы құдірет!
Бақытбек Смағұл

Фото: Almaty TV

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #АтаЗаң #Конституция