Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейлі мерейтойы құтты болсын, ағайын!

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейлі мерейтойы құтты болсын, ағайын!
Поздравляю вас с национальным праздником – 30-летием Независимости Республики Казахстан!

Қазақ елі қалай жетті бұл күнге:
Жал-құйрығын от шарпыған құландай,
Ұясынан безіп кеткен ұлардай,
Рухымен қайта жылап табысты
Жоғалтып ап, әзер тапқан тұмардай.

Қазақ елі қалай жетті бұл күнге:
Жеті өзенді кешіп өтіп өлмеген.
Ата-баба дәстүріне шөлдеген,
Көк байрағын көк аспанға көтерді
Қиындықпен арпалысып көлденең.

Қазақ елі қалай жетті бұл күнге:
Қан мен жасқа иленгендей әр тасы,
Алатау һәм Атырау, Алтай, Арқасы...
Тәуелсіздік таңыменен нұрланды,
Жер бетінде қазағымның картасы.

Қазақ елі қалай жетті бұл күнге:
Айбат шексе, ғайбаты көп, не түрлі үн,
Қазағыммен бір болуға бекіндім,
Мәңгі саған қорған болсам не арман?!
Жанарымның қарашығы секілдім.
Бақытбек Смағұл
Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #ТәуелсіздікКүні #Азаттық #СДнемНезависимости #deputatnurotan