Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
13.09.2017 ж. ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында "Қару саудасы туралы шартты ратификациялау туралы" заңжобасы бойынша баяндама істеді.

 

Рахмет, құрметті Нұрлан Зайроллаұлы !

Құрметті әріптестер!

        Баяндамашы өз сөзінде қаралып отырған заң жобасының барлық негізгі мәселелерін айтып өтті.

       Мен өз кезегімде Қару саудасы туралы шарттың-айналымы шектеулі, халықаралық қару саудасын реттейтін көп жақты шарт екендігін атап өткім келеді.

       Қару саудасы туралы халықаралық шарттың негізгі қағидаттарының бірі – ашықтық қағидаты болып табылады, онда қару-жарақ пен оқ-дәрілерді беру жөніндегі барлық мәмілелер туралы ақпаратты қоса алғанда, қатысушы мемлекеттердің жыл сайын ұлттық баяндаманы ұсынуы тиіс екендігі көзделген.

       Қазақстанның осы Шартқа қосылуы біздің халықаралық және өңірлік деңгейдегі бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты бекітуге деген ұмтылысымызды білдіреді, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі мәртебесін бекіте түседі.

       Осы заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.