Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
14.06.2017 ж. ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы өтті.

     14.06.2017 ж. ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы өтті. Депутат "Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасында Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігі көрсететін қызметтерге қол жеткізуді реттеу тәртібін қолдану туралы келдісімді ратификациялау туралы" заң жоба бойынша сұрақ қойды.

    Қарастырылып отырған Келісіммен Қазақстан Республиасы мен Қырғыз Республикасы теміржол көлігі саласын реттеу жөніндегі ережелерді 2017 жылғы қаңтардан бастап, яғни осы Келісімге қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткен соң қолданады.

    Алайда, "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты Қырғыз Республикасының қолдануы жөніндегі шарттар  мен өтпелі ережелер туралы" Келісімге сәйкес, теміржол көлігі саласын реттеу жөніндегі ережелерді Қырғыз тарапы ағымдағы жылғы тамыздан бастап қана қолдануға тиіс. Мерзімдерде осындай айырмашылықтар неден туындағанын түсіндіріңізші, бұл немен байланысты?