Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
09.10.2017 ж, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 83-қадамын іске асыруға орай ҚР Еңбек Кодексінің жаңа моделін енгізу барысы туралы" Үкімет сағатында сұрақ қойды.

 

    Бұрынғы Кодекспен салыстырғанда, енді жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі туралы нормалар айтарлықтай өзгерді. Қазіргі кезде дауласушы тараптарға сотқа жүгінгенге дейін алдын ала ерікті түрде бітімге келу талабы қойылады. Және бұл міндетті сипатқа ие.

Тиісінше, әрбір дау туған кәсіпорында келісім комиссиясы құрылуға тиіс. Бір сөзбен айтқанда, егер осындай комиссияда алдын ала қаралмаса, бірде бір еңбек дауы сотқа дейін жете алмайды.

Статистикалық деректерге сенсек, соттарға жүгіну саны азаюда. Атап айтқанда, егер 2015 жылға дейін соттарға шағым түсірулер санының өскені байқалса, ал келесі 2016 жылы бұл көрсеткіш бірден 200 шағымға кеміп кеткен.

Әзірге келісім комиссияларының қызметінің тиімділігі туралы қорытынды жасау қиын, себебі, бізге салалар мен өңірлер бөлінісінде олардың саны бойынша мәліметтер ұсынылған жоқ.

Осыған байланысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне сұрақ туады: Сіздің министрлікте осы келісім комиссияларының нақты саны мен олардың жергілікті жерлердегі қызметінің тиімділігі туралы деректер бар ма?