Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
17.10.2017 ж. "Рухани жаңғыру- береке-бірлік жолы" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда қатысты.

 

Астанада рухани-адамгершілік жаңғыру мәселелері талқыланады

2017 жылғы 17-18 қазанда Астанада «Руxани жаңғыру - береке-бірлік жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған ҚР-ның Дін істері және азаматтық қоғам министрі  Ермекбаев Нұрлан, астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек, Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Есин Данияр, «Мәдениет арқылы бейбітшілікке қол жеткізу» атты Халықаралық қауымдастық президенті Мұхамеджанов Төлеген, саясат және қоғам қайраткері Сүлейменов олжас, КСРО және РФ-ның халық әртісі Кобзон Иосиф, ВФДК төрағасы, Әдеп институтының директоры Августат Вильгельм, Еуразия халықтары Ассамблеясының төрағасы Бельянинов Андрей Юрьевич, Ғаламдық қауіпсіздік институтының президенті, Ұлттық қауіпсіздік және қаруландыруды бақылау бойынша Америка заңгерлер ассоциациясы Комитетінің тең төрағасы, БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздік және қарусыздандыру Комитетінің ҮЕҰ-ның вице-президенті Джонатан Гранофф, және де Еуразия халықтарының ассамблеясы өкілдері, халықаралық ұйымдар, ҚР министрліктері, Астана қаласының әкімдігі, ғылыми және рухани орта өкілдері қатысты.  

«Рухани жаңғыру – береке-бірлік жолы» халықаралық конференциясының басты мақсаты қазіргі дәуірді, оның ерекшеліктері мен өзіндік артықшылықтарын адамзат алдындағы бірқатар заманауи күрделі мәселелерді оңтайлы шешу мен жаңа ғылыми негіздерге сүйене отырып байыптауға негізделген Қазақстан мен Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамалары қарастырылды. Конференция түрлі елдердің ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің, дінбасылар мен мемлекет қызметшілерінің бас қосып, пікір алмасатын алаңына айналды.

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Ермекбаев Нұрлан өз сөзінде қазіргі таңда әлемде көптеген жанжалдар болып жатқанын айтып өтті. Оның пікірінше, өзара мәдениетті түсіну мен рухани қажеттілікті құрметтегенде және білім бар жерде ғана сенім туындайды. «Қазақстан Республикасының Президентін еуразияның идеологы деп атайды. «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында айтылған бағдарламалар, тапсырмалар мен жобалар еуразиялық ынтымақтастықтың да мағынасында қызығушылық тудырады. Осы ретте «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» бағдарламасы аса өзекті. «Туған жер» бағдарламасының да өзектілігі тұрғысынан талқылануы аз емес. Ол патриоттық тәрбие мен азаматтық белсенділік жүйесін жетілдіруге негізделген» - деді министр.

Айта кету керек, конференцияның пленарлық отырысында конференция қатысушылары атынан Еуразия халықтарына Үндеу қабылданды.  Онда қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік жаңғыруы, гуманизация, мәдени өсуі жолындағы әрекеттерді арттыра түсу керегі айтылды. Бұған қол жеткізудің құралы - қоғамдық сананы жаңғырту. Бұл Үндеу Еуразия халықтары қауымдастығының биыл жыл соңында Парижде өтетін отырысында да оқылады.

Шетелден келген конференцияға қатысушылар Астананың қоғам қайраткерлерімен кездесті. Мысалы, арабтанушы-шығыстанушы, “Russia Today” телеарнасындағы «Дәуір куәгерлері» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Халид Әл Рошд, журналистермен кездесіп, «Әлемдік ақпараттық майдан жағдайындағы заманауи журналистиканың рөлі» атты шеберлік сыныбын өткізді.

Келесі күні дін өкілдері, дінтанушы және саясаттанушыларға Халид Әл Рошд геосаясат жөнәнде дәріс оқыды. Ол АҚШ-та 11 қыркүйекте теракт арұылы бастау алған Жаңа Таяу шығыс жобасы жайында айтты. Дәрісте Парсы шығанағындағы 1991 жылдан бүгінге дейінгі оқиғалар, Сириядағы жағдайларды қадағалау барысында соғыстан шыққан буындардың түпкі мақсаты болып табылатын Ирандағы режимді құлату жайында айтылды. Дәріс ОББ-ның (ЦРУ)  Ливия және Ирак бойынша бұрынғы тыңшылары Съюзан Линдауэр, АҚШ  ІҚД-тің бұрынғы тыңшысы Джон Перкинс, бұрынғы Британия бақылау қызметкері Алистаир Крук және де БҰҰ-ның Ирактағы инспекциялық топ жетекшісі Скотт Риттермен болған автордың жеке сұхбаттарына негізделген.

            Қоғам қайраткері, Құранның орыс тіліндегі әдеби аудармашысы Валерия Прохова және Салыстырмалы дінтануды терең зерттеу институтының қызметкері Мэри Пэт Фишер Еуразия ұлттық университетінде дінтану мамандығының оқытушылары мен сдуденттеріне дәріс оқыды.

Рухани келісім күні Қазақстанда жыл сайынауқымды  қайырымдылық акциялары өтеді. Конференция аясында еріктілер әлеуметтік тұрғыдан тұрмысы төмен отбасыларына 1000 азық-түлік жиынтығын таратып берді. Сонымен қатар, Қазақстанның Қызыл жарты ай қоғамының өкілдері шеберлік сыныбын өткізді.