Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
АҚШ-та «Аманат» Қазақ күйлері антологиясының халықаралық тұсаукесері өтті

БҰЛ БІР ТАРИХИ ОҚИҒА БОЛДЫ!!!

Америка Құрама Штаттарының төрінде, Вашингтон қаласында «Аманат» Қазақ күйлері антологиясының халықаралық тұсаукесері өтті!
Антологияны «САУАП» қоғамдық қоры өз қаражатына шығарып отыр. Ол қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жарық көрді. Бұл – теңдесі жоқ, бірегей жинақ!
Антологияның әрбір кітабы цифрлық тасығышпен жабдықталған. Оларға бұрын жоғалып кетті деп есептелген, отандық және шетелдік мемлекеттік, жеке архивтерден табылған байырғы әрі бірегей қазақ күйлері жазылды. «Аманаттың» тағы бір ерекшелігі сол, оның жинағында қазақтың күйшілері туралы деректер, сондай-ақ күйлердің шығу тарихтары мен аңыз-әңгімелері үш тілде қатар берілді.
Жинақ аудиотасығыштармен бірге АҚШ Конгресінің Кітапханасына және америкалық ірі мемлекеттік кітапханаларға табысталды. Яғни, енді қазақ күйлерін әлемдегі барлық зерттеушілер, ғалымдар, білімді жастар тыңдап, ағылшын тіліндегі сауатты түсініктеме негізінде күйлерімізге зерттеу жүргізу мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шараны «САУАП» қоры Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігімен және Caspian Policy Center америкалық ғылыми орталықпен бірлесіп өткізді.
«САУАП» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы ретінде мен салтанатты рәсімге онлайн қатысып, сөз сөйледім.
Қазақ күйлері антологиясы – әрбір қазақстандықтың және әлемнің барлық еліндегі отандастарымыздың үйінің төрінде тұруға лайық асыл мұра, құнды тарту!
АҚШ-тағы тұсаукесерге Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Ашықбаев, америкалық беделді дипломат, АҚШ Сыртқы саясат жөніндегі ұлттық комитетінің төрайымы Сьюзан Эллиот, Америкадағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Мәртебелі меймандар «Аманат» жобасын биік бағалады. Оны ұрпақ үшін теңдессіз мирас екенін атап өтті.
«Аманат» жобасына қатысты толық ақпаратты «САУАП» Қоғамдық қорының кеңесшісі, доктор Muslim Khassenov (Мүслім Хасенов) айтты.
Осы шараны қолдағаны үшін Премьер-Министрдің орынбасары–Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеубердіге, сондай-ақ Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаевқа зор алғысымды білдіргім келеді. Мемлекеттік билікте Ұлы даланың ұлтжанды азаматтары жүргенінің өзі игілік. Себебі, ұлттық қазынамыздың қатарына қосылып отырған осы тамаша жинақты қолдау – нағыз патриоттықтың белгісі!
«Аманат» Қазақ күйлері антологиясы туралы егжей-тегжейлі ақпаратты https://amanat-sauap.kz/ сайтынан ала аласыздар!
Бақытбек Смағұл
«Nur Otan» фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakhytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #Аманат #ҚазақКүйлеріАнтологиясы #АнтологияКазахскогоКюя #AnthologyOfKazakhKyui #КазахиВАмерике #Күй