Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақтың аты аңызға айналған батыры Б.Момышұлына Куба Республикасында ескерткіш орнату туралы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

М.Б. Тілеубердіге



Құрметті Мұхтар Бескенұлы!


Қазақстанның Тұңғыш Президенті–Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтқандай, батыр бабаларымыз «жерімізді ғана емес, ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті».

Халықаралық қоғамдастық мойындаған ұлы тұлғаларымыздың бірі – даңқты қолбасшы, білікті әскери стратег, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы. Ол дүниежүзілік әскери өнер тарихына тың тактикаларды, жаңа айла-тәсілдерді енгiзiп кетті. Бауыржан Момышұлының теорияда дәлелденiп, iс жүзiнде, яғни, майдан даласында тиімділігін паш еткен әскери әдіс-тәсілдері қазіргі кездің өзінде Кубаның, Израильдың, Венгрияның, Ресейдің және басқа елдердің әскери жоғары оқу орындарында оқытылады.

Бауыржан бабаның ерлігі мен мұрасы – халқымызды дүниежүзіне танытатын, мойындататын рухани елші, біздің «жұмсақ күшіміз».

Қазақтың аты аңызға айналған батыры Б.Момышұлына Куба Республикасында ескерткіш орнатқан маңызды.

Менде бар ақпаратқа сайкес бұл мәселені Қазақстанның Кубадағы дипломатиялық миссиясы 2018 жылдан бері ұсынып келеді. Қазақстанның Кубадағы сол кездегі Уақытша сенімді өкілі (қазір ол АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы еліміздің бас консулы) Азамат Әбдірайымов Кубаның Сыртқы істер, Қорғаныс, Мәдениет министрліктерімен, Гавана қаласы құндылықтарының бас сақтаушысы Э.Леальмен кездесулер өткізген.

Келіссөздер барысында Куба Қарулы күштерінің, қорғаныс және әскери саласының қалыптасуына сүбелі үлес қосып, ел тарихында өшпес із қалдырған Б.Момышұлының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында оның мүсінін Гавана қаласындағы саябақтардың бірінде орнату мәселесі талқыланды.

Бүгінде Куба тарапы ескерткіш орнатуға алдын ала келісімін беріп, оның орналасатын алаңы мен жерін анықтап отыр. Сондай-ақ Кубаның Мәдениет министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымынан ескерткішті жасау жұмыстары мен бағалары көрсетілген коммерциялық ұсыныс та алынды. Алайда коронавирус пандемиясы жобаны іске асыруға кедергі болып, бастама дағдарған жайы бар.

Айтылғанды негізге алып және Куба астанасы Гаванада Бауыржан Момышұлына ескерткіш орнату мәселесін Қазақстан Республикасының Парламентінде талқылау үшін Сыртқы істер министрілгінің ұстанымын беруіңізді сұраймын.



Құрметпен,

Мәжіліс депутаты,

Nur Otan фракциясының мүшесі                                             Б. Смағұл




ЖАУАП:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІСТЕР, ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ

Б. СМАҒҰЛҒА

Б.Момышұлына Кубада ескерткіш орнату туралы

09.11.2021 ж. №6-11-1093 хатқа

Құрметті Бақытбек Смағұл!

Қазақстан Республикасының Кубадағы Елшілігі 2018 жылдан бері қазақ батыры Б.Момышұлының есімін мәңгі есте қалдыру бойынша жұмыс Кубаның Сыртқы істер министрлігімен, Мәдениет министрлігімен, Революциялық әскери күштері министрлігімен берге пысықталуда.

2018 жылғы желтоқсанда Кубаның Мәдениет министрлігі басшылығымен (Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Р.Родригес пен Мәдениет саласында индустрия және қызмет департаментінің директоры К.де ла Йеро) келіссөздер жүргізу аясында Кеңес Одағының Батыры Б.Момышұлына Гавана қаласында ескерткіш-мүсін орнату жөнінде меморандумға қол қойылды.

Кубада ескерткіштерді орнатудың келесі тәртібі қолданылады:

Бұл мәселені пысықтау аясында 2018 жылы Кубаның Мәдениет министрі Абель Приетомен, Революциялық әскери күштер министрінің орынбасары, Бас қолбасшының басшысы, Кубаның Батыры А.Миерамен және Гавана қаласының тарихи құндылықтарды сақтаушы Э.Леальмен кездесулер өткізілді. Олардың барысында кубалық тарап оң шешім шығару мен ескерткіш орнату үдерісін тездетуге, сондай-ақ ескерткішті жасайтын мүсіншіні белгілеуге қолғабыс көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Мүсінді орнатуға қажетті қаржы шамамен 25 мың АҚШ долл. құрайды.

Қазақстан Республикасының Кубадағы Елшілігі кубалық тарапқа Б.Момышұлына ескерткіш орнатуға қатысты оң шешім шығару жөнінде ресми нота жолдады, алайда жалғасып отырған коронавирус індетіне орай бұл мәселенің қаралуы баяулады.

Қазіргі таңда кубалық тарап ескерткіш орнатуға алдын ала келісімі алынған және мүсінді орнату үшін Гавана қаласындағы саябақтардың бірінде орын белгіленген.

ҚР Сыртқы істер министрлігі тиісті қаражат бөлінген жағдайда Гавана қаласында Б.Момышұлына арналған ескерткіш мүсін орнатуға қажетті қолғабыс көрсетуге дайын екендігін хабарлайды.

МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ                                   А. РАХМЕТУЛЛИН