Смышляева
Екатерина
Васильевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы

Депутатқа хат
Мәжіліс депутаттары Аманғали Бердалинмен және Снежана Имашевамен бірлесіп жұмыс сапарымен Беларусь Ұлттық жиналысына барып қайттық.

Парламентаралық достық топтарының отырысында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік кооперация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқыға салдық.

Мемлекеттер арасындағы кооперациялық байланыстарды дамыту перспективаларын талқылау барысында қазақстандық тарап өнеркәсіптік кооперация және кадрларды оқыту саласындағы Беларусь тәжірибесін зерделеуге, сондай-ақ байланыс және ақпараттандыру саласындағы өзара іс-қимылға мүдделі екенін атап өттім.

Сондай-ақ, әріптестеріме Қазақстанда қаржы саласында цифрлық технологиялар белсенді енгізіліп жатқандығы туралы хабарладым.