Сүлейменова
Жұлдыз
Досбергенқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжілістің Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің депутаттары Астана қаласындағы денсаулық сақтау нысандарын аралады.

t.me/mazhilis_kz

Қазан айында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі бойынша Үкімет сағаты өтеді. Осыған орай Мәжілістің Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің депутаттары Астана қаласындағы денсаулық сақтау нысандарын аралады. Емханалар мен ауруханаларға барып, мәселелерді дәрігерлер мен емделушілердің өздерінен естіп қайтты.

Мәжілісмендер №9 қалалық емхана, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, №1 қалалық аурухана және көпсалалы медициналық орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Олар емдеу нысандарындағы жағдайды тек сол мекеменің емес, бүкіл елдің мәселесі деп қарау керектігіне назар аударды.

– МӘМС жүйесі бойынша сұрақ тым көп. Мәселелерді көтеріп қана қоймай, оған заңнамалық тұрғыда өзгерістер керек болса, тиісті шешімдер қабылдаймыз. Айына осынша адам келеді, соған ғана қаражат алады деген сызықтық шкала бойынша қаржыландыру жүйесі енгізілген. Осы шешімнің кесірінен азаматтар зардап шегуде. Сондай-ақ балалар мен ересектер ауруханаларына мемлекеттен төленетін қаржы бойынша тариф айырмашылығы өте үлкен. Бұдан бөлек емделушілердің медицина қызметкерлеріне қол көтеру мәселесін де айтып қалды. Сондықтан дәрігерлерді қолдау үшін кешенді шаралар қабылдауымыз қажет, – деді Асхат Аймағамбетов.

Аталған нысандарды аралауға Мәжіліс депутаттары – Нұргүл Тау, Дәулет Мұқаев, Таңсәуле Серіков, Жұлдыз Сүлейменова, Гауһар Танашева, Үнзила Шапақ қатысты.

Ауруханалар мен емханаларда көтерілген бұл мәселелер алдағы Үкімет сағатында талқыланады. Депутаттар денсаулық сақтау мәселелері бойынша заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулер аясында Парламент деңгейінде Үкіметпен бірлесіп тиісті шешімдер қабылданатынын мәлімдеді.

Толығырақ parlam.kz сайтында.