Сүлейменова
Жұлдыз
Досбергенқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ақтөбе қаласындағы «Қазақстандық мұнай жабдығы зауыты» ЖШС жұмысымен таныстым.


http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0MnRWNVHSMkaRCXWK1fndwhiL1bFUJ37H1skZQ25pSmWczMBT4so8zVanGD6miy5tl&id=100001071131503&mibextid=Nif5ozАқтөбе Ақтөбе қаласындағы «Қазақстандық мұнай жабдығы зауыты» ЖШС жұмысымен таныстым.

2017 жылы ашылған. Кәсіпорын екі жүзге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазір 3 бірдей цехта мұнай кен орындарына қажетті құбырлар, бекіту арматурасы, бұрғылау құрылғылары шығарылады. Зауытқа партияның Жол картасы аясында 4,9 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, 100 жұмыс орны құрылды.

Бұл ретте жалпы жұмысшының айлығы екі жүз мың теңгеден басталатын кәсіпорында жергілікті жас мамандар жетіспейді. Серіктестік басшылары мамандарды даярлау үшін барлық жағдай жасалған техникалық колледждермен ынтымақтастыққа дайын екенін алға тартты.

Биыл қол қойылып қабылданған "Қазақстан Республикасының Кәсіптік біліктілік туралы" Заңы аясында кадрларды даярлау жұмысы кезең-кезеңімен шешілу жолдары айтылды.

#DeputatAMANAT