Сүлейменова
Жұлдыз
Досбергенқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Кәсіптік біліктілік туралы заң жобасы Мәжілістің жаңа құрамына таныстырылды

2023 жылғы 12 сәуірде сағат 14.00-де Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Кәсіптік біліктілік туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобаларының таныстырылымы өтті. Заң жобасы туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Темірбекұлы Ордабаев баяндама жасады. Жиынға депутат Ж.Д. Сулейменова жетекшілік етті.Заң жобасының негізгі ережелері мен оған ілеспе түзетулерді Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелеріне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев таныстырды. – Технологиялық прогресті жеделдету және экономиканы цифрландыру Қазақстандағы еңбек ресурстарының сапасына жаңа талаптар қойып отыр. Бұрын біліктілікті он жылға жуық арттырусыз білім өзекті болса, бүгінде көптеген мамандық бойынша екі жылға ғана сақталады, - деп түсіндірді Еңбек вице-министрі. Бұл заң жобасы бойынша жұмыс Мәжілістің жетінші шақырылымында басталып, 2022 жылдың желтоқсанында бірінші оқылымнан өткен еді.  Жаңа шақырылымда жоба бойынша жұмыс тобына депутат Жұлдыз Сүлейменова жетекшілік етеді. Заң аясында Ұлттық біліктілік жүйесі әзірленіп, бекітіледі және кәсіби біліктілік жүргізілетін мамандықтар тізбесі жасалады.  Бұл тізілімді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында жүргізу жоспарланып отыр. Тізілімге қатысты ұсыныстарды мемлекеттік органдар мен салалық кеңестер енгізеді. Әзірлеушілердің пікірінше, заң жобаларының қабылдануы азаматтардың біліктілігін арттыруға, дағдылары мен құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді. Таныстырылым барысында депутаттар мен басқа да қатысушылар тиісті министрлік өкілдеріне нақты сұрақтарын қойды. Заң жобасын талқылау жұмыс тобында жалғасады. Оның құрамына Мәжіліс депутаттарымен қатар мемлекеттік органдар, білім және бизнес салаларының сарапшылары кіреді.