Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы көшпелі отырыс барысында Павлодарда «Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасындағы салық саясаты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпкерлер, жұртшылық және БАҚ өкілдері қатысты.
Талқылаудың басты тақырыбы ҚР Салық кодексіне алда енгізілетін заңнамалық өзгерістер болды. Ел экономикасы, ШОБ-ты дамыту үшін де ыңғайлы қарапайым, түсінікті және баршаға қолжетімді заңдар жиынтығы қажет.
– Менің ойымша, бұл жақсы, ашық әңгіме болды, - деп атап өтті ҚХП фракциясының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов. - Біздің міндетіміз-бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық қиындықтар мен проблемаларды мүмкіндігінше жою, бұл елдің экономикасын жаңғыртудың жаңа бағытына сай болу. – ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің өкілі Ирина Смирнованың пікірінше, өнеркәсіптік өндірісті де, ауыл шаруашылығы саласын да, шамадан тыс салықпен басып-жаншу емес, барынша қолдау жасау. Бұл мемлекет мүддесі үшін аса қажет.
– Егер бизнес мемлекет жасаған қолайлы жағдайларда табысты әрі дамитын болса, ол көп салық төлей алады, - деді мәжілісмен. - Өкінішке қарай, мұны әлі де түсінбейді. Ол үшін әрине, көп жұмыс істеу керек.
– Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы Павлодар облысына барып, жергілікті индустриялдық кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізді.