Сұңқар
Ислам
Еркінұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал

 

2023ж. «24» мамырда  жарияланды                                     

                                                                                       Қазақстан Республикасы

                                                                  премьер-министрінің

                                                   орынбасары

                                                        А.С. Көлгіновке

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Алтай Сейдірұлы!

Балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету мемлекеттік басым міндеттерінің бірі болып табылады. Үкіметтің есебінше, білім беру сапасын жақсарту бағытында бірқатар бастамалар ойдағыдай шешілуде.

 Қазақстан Халық партиясына Астана қаласы Жеңіс даңғылы, 33, мекенжайында орналасқан Қазақ ұлттық өнер университетінің (бұдан әрі – ҚазҰӨУ) колледжінде, мектеп-интернатында оқитын балалардың ата-аналары хабарласып, жалпы білім беру және музыкалық білім алу үшін жайлы жағдай қарастырылмағанына шағымданды.

Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары оқу орнына бардық.

Нәтижесінде асханада 1-4 сынып оқушыларына тегін тамақ берілмейтіні, түскі астың орташа құны - 1000 теңге екені анықталды. Жеделсатылардың жұмыс істемейтіні туралы ақпарат расталды. Балалар сегізінші қабатқа дейін музыкалық аспаптарды арқалап жүруге мәжбүр. Жертөледе – ылғал, кабинет жетіспеушілігінен балалар дәлізде дайындалады,

ғимаратта жарық аз, жағымсыз иіс, дәретханалар жұмыс істемейді, қабырғалар қырылған, турникеттер, ауа баптағыштар, бейнебақылау камералары жоқ. Спортзалда жуынатын бөлме жоқ – ол қойма ретінде пайдаланылады. Оқушылар кейбір қабаттарда ерлер мен әйелдердің дәретханасы ортақ екеніне шағымданды.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, барлық анықталған бұзушылықтарды түзету жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы колледждер мен мамандандырылған мектептерді, оның ішінде ҚазҰӨУ колледжі мен мектеп-интернатына қарастырылған  қаражатты жұмсау жөніндегі соңғы үш жылдағы есепті ұсынуды және бұл мәселеге Экономикалық тергеу қызметінің назарын аудару талап етеміз.

Біз тиісті штатпен қамтамасыз ете отырып, орта және арнаулы орта оқу орындарында тамақтану және тазалау қызметін ұсыну бойынша тендер өткізу жүйесін жою қажет деп санаймыз.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27- бабына сәйкес, депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

          Құрметпен,

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

И. Сұңқар

М. Магеррамов

К. Сейітжан

И. Смирнова

Г. Танашева

Орынд.Муратова М.

Тел:74-67-52, muratova@parlam.kz