Сұңқар
Ислам
Еркінұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауалдың жауабы

 

№ исх: 16-10/2022 дз   от: 01.06.2023

№ вх.2048//16-10/2022дз/ДС-126  от: 01.06.2023

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

депутаттарына

(тізім бойынша)

2023 жылғы 3 мамырдағы

№ ДС-126

Құрметті депутаттар!

Студенттік жатақханалардағы орын тапшылығын азайтуға қатысты сауалдарыңызға келесіні хабарлаймын.

2023-2024 оқу жылының соңында ЖОО және колледж студенттері үшін жатақханалардан 70 мыңға жуық орын қажет, олардың көпшілігі ірі қалаларда. 

Мәселелерді жүйелі шешу үшін Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды, оған сәйкес объектілерді салуға және реконструкциялауға жеке инвестицияларды тарту, мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен шығыстарды субсидиялау арқылы, жыл сайын 10 мың жаңа орынды пайдалануға беру жоспарланған.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірге 2023 жылы жатақхана объектілерін іске қосу бойынша Жол картасын қабылдады.

Қажеттіліктің Алматы қаласында жоғары екенін ескере отырып, Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы қаласының әкімдігімен бірге әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеу үшін бір терезе қағидаты бойынша Жобалық офис құрды.

Инвестициялық тартымдылықты күшейту мақсатында жатақханалар салу кезінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі 8 жылдан 6 жылға дейін қысқартылды, бірақ жатақханадағы бір орын үшін мемлекеттік тапсырыстың мөлшері 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке дейін (672 750 теңге), Алматы қаласы үшін 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін (793 500 теңге) ұлғайтылды.

Реконструкциялау кезінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру:

- республикалық маңызы бар қалалар мен Астанада 92 АЕК (317 400 теңге);

- өзге елді мекендерде – 47 АЕК (162 150 теңге).

Бұл ретте реконструкциялау  кезінде пайдалануға енгізілетін орындардың көлемі ескеріледі:

- облыс орталықтары, республикалық маңызы бар қалалар және Астана үшін кемінде жүз орын;

- қалған елді мекендер үшін кемінде елу орын.

Бұдан басқа, жатақхананың нысаналы мақсатын өзгерту құқығына кемінде жиырма жыл мерзімге ауыртпалық салу міндетті болып табылады.

Бұл тәсіл мемлекеттік тапсырыс шеңберінде нысаналы қаржыландырудың және бюджет қаражатының жұмсалуын бақылаудың, өнім берушінің жатақханада жаңа және іс жүзінде бос емес орындарды енгізуіне мониторинг жүргізудің тиімділігін қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысының  тапсырмасын орындау шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарының (ХӘОТ) жекелеген санаттары қатарынан басқа қаладан келген студенттердің жатақханада тұруға жұмсалатын шығындарын субсидиялау мәселесі пысықталуда.

Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің деректері бойынша 2022-2023 оқу жылында ЖОО мен колледждерде ХӘОТ санатынан шамамен 218,5 мың студент оқып жүр (ЖОО-да 168,1 мың адам, колледждерде 50,3 мың адам), осыған байланысты үш жылдық бюджетке қосымша қажеттілік шамамен 54,7 млрд теңгені құрайды (ЖОО студенттеріне – 42 млрд теңге, колледждер – 12,7 млрд теңге).

Сонымен қатар пәтер жалдауға жұмсайтын шығындарын өтеу үшін Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері республикалық бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік көмекке ең мұқтаж екі санатты анықтады:

- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер (1 846 адам);

- мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар (758 адам).

Үш жылдық бюджетке қажеттілік шамамен 1,9 млрд теңгені құрайды.

Студенттерді орналастырудың санитариялық нормаларын қайта қарауға келсек, жатақханалардағы 1 адамға (кемінде 6 м2) арналған алаңның нормативі санитариялық қағидаларда  реттелгенін және ғылыми негізделген гигиеналық талап болып табылатынын хабарлаймыз. 

Норматив білім алушылардың жас ерекшеліктерін, тұрғын бөлмелердің жарақтандырылуын, ағзаның физиологиялық қажеттіліктерін (ауа алмасу, үй-жайлардың биіктігі, жыл мезгілдерін ескере отырып оңтайлы микроклимат, жеткілікті табиғи және жасанды жарық, ауа ортасының жай-күйі, ақыл-ой еңбегімен айналысу, студенттердің демалысы мен ұйқысы үшін жағдайлар және т. б.) ескере отырып белгіленген.

Тиісінше, тұрғын бөлмедегі аудан нормативінің төмендеуі онда тұратындарың көбейіп кетуіне, ауа алмасудың бұзылуына және студенттердің демалу жағдайларының нашарлауына ықпал етеді.

Өз кезегінде шағын кеңістікте тұратын студенттер санының ұлғаюы жайлы өмір сүру жағдайларының төмендеуіне әкеледі, бұл олардың психоэмоционалды жағдайына теріс әсер етуі мүмкін.

Сіздер көтерген мәселелер ағымдағы жылғы 31 мамырда мен төрағалық еткен кеңесте қаралды, өңірлердің әкімдеріне 2023 жылы жатақханаларды, оның ішінде инвесторлармен бірге уақтылы іске қосу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Жалпы Үкімет студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша сындарлы ұсыныстарды жұртшылықпен, депутаттар корпусым бірге талқылауға дайын екендігін білдіреді.

А. Көлгінов