Сұңқар
Ислам
Еркінұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауалдың жауабы

 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

депутаттарына

(тізім бойынша)

2023 жылғы 20 сәуірдегі № ДС-78 хатқа

Құрметті депутаттар!

Сейсмикалық қауіпті аймақтардағы құрылысқа қатысты депутаттық сауалды қарап, мынаны хабарлаймыз.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес елді мекендердің аумақтарын дамыту және салу үшін жер учаскелерін беру белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарлар негізінде жүргізіледі. Бас жоспарды әзірлеуді және аумақты салу туралы шешімдер қабылдауды тиісті заңнамалық рәсімдер жүргізілгеннен кейін жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) жүзеге асырады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қабылданған (а. ж. 5 сәуір) заң шеңберінде кешенді қала құрылысы сараптамасы енгізілді, ол бойынша жаңадан әзірленген және түзетілген қала құрылысы жобалары (бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және құрылыс салу жобалары) тек қана «Госэкспертиза» РМК да сараптамадан өтетін болады.

Бұл сәулет-құрылыс нормаларынан (тығыздық, қабаттылық, көгалдандыру, санитарлық-қорғау аймақтары, экологиялық және сейсмикалық талаптар және т.б.) ауытқудың алдын алуға және оларды қабылдау кезінде бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.

2019 жылы Төтенше жағдайлар министрлігімен Алматы қаласының сейсмикалық микроаймақтандыру картасы әзірлегенін, онда селдерге, көшкіндерге және жер сілкіністеріне ұшырауы мүмкін жер учаскелері (баллдық деңгейін ескере отырып) бейнеленгенін қосымша атап өтеміз. Қазіргі уақытта қала құрылысы құжаттарына өзгерістер, сондай-ақ қалада құрылысқа жер учаскелерін беру осы сейсмокартаға сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы стандарттарға, регламенттер мен құрылыс нормаларына қатысты Қылмыстық кодекс пен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекс шеңберінде азаматтық қорғау және сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындамағаны үшін құрылыс субъектілерінің жауапкершілік нормалары көзделгенін хабарлаймыз (ӘҚБтК-нің 313-315, ҚК-нің 277-279-баптары).

Бұдан басқа, Ұлттық экономика министрімен бекітілген ережелер шеңберінде сейсмикалық қауіпті аудандарда құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін құрылыс субъектілерінің (құрылыс компаниялары, авторлық және техникалық қадағалаулар, жобалау ұйымдары) сейсмикаға төзімді құрылыс туралы курстардан өту бойынша міндеттемелері көзделген.

Сонымен қатар, құрылыс кезінде бақылауды күшейту мақсатында Парламент Мәжілісінің қарауындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында «жедел шара қабылдау» жаңа бақылау тетігін енгізу бойынша түзетулер көзделген.

Бақылаудың жаңа нысаны «еQurulys» ақпараттық жүйесіне хабарлау, БАҚ-тағы хабарламалар, шығу мониторингтер және т. б. арқылы құрылыс сапасына уақтылы инспекция жүргізуге, объектілерді салу кезінде бекітілген жобалық шешімдердің бұзылуының жолын болдырмауға және сейсмикалық қауіпсіздік бойынша ауытқуларды анықтауға, оның ішінде рұқсат беру құжаттарының күшін жоюға және құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтатуға дейін мүмкіндік береді.

Өз кезегінде құрылыс кодексінің әзірленіп жатқан жобасы шеңберінде қала құрылысы құжаттарының жобаларын міндетті қоғамдық талқылауды жүргізу, оларды келісу бойынша төтенше жағдайлар органдарының құзыретіне беру жөніндегі нормаларды көздеу жоспарланып отырғанын атап өтеміз.

                                                                                                          Р. Скляр