Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің тақырыптық кеңейтілген отырысы өтткіздік

Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары, энергетика министрі А.М. Сәтқалиев, вице-министрлер және энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Отырысты аша отырып, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Е. Т. Жаңбыршин Парламенттің 8-ші шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Электр энергетикасы нарығын дамытудың жаңа моделін дайындау жөнінде тапсырма бергенін атап өтті. Бұл құжат Электр энергетикасы саласының барынша ашықтығын қамтамасыз етуге және осы салаға қосымша инвестициялар тартуға тиіс. Сондай-ақ, энергетика министрі Министрліктің негізгі міндеті отын-энергетика кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету екенін атап өтті. Бүгінгі таңда заңнамалық нормалар қабылданды, олар электр энергиясы нарығының жаңа моделін енгізуді көздейді, жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту бойынша жобалар іске асырылуда, олар 2027 жылға қарай 1 700 МВт-тан астам қуат қосуға мүмкіндік береді. Электр энергетикасы саласында 2029 жылға қарай 11,7 ГВт көлемінде жаңа қуаттарды іске қосу жоспарлануда, бұл ретте жұмыс қуаты 27,7 ГВт құрайды, бұл 2022 жылмен (16 ГВт) салыстырғанда 1,7 есе артық және қуаттың 21% резервін қамтамасыз етеді (2029 жылы ең жоғары жүктеме 22,9 ГВт деңгейінде күтіледі.). Тақырыптық отырыс барысында депутаттардың сұрақтарына жауаптар берілді. Электр энергетикасын дамыту стратегиясын әзірлеу және қабылдау, энергетикалық картаны әзірлеу, Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің бақылау-қадағалау функцияларын күшейту, проблемалық ЖЭО, Екібастұз энергия торабын жаңғырту, электр энергиясы мен газға трансшекаралық бағалар, білікті кадрларды даярлау мәселелері ерекше қызығушылық тудырды. Отырысты қорытындылай келе, Комитет төрағасы Еділ Терекбайұлы қазіргі уақытта Комитетте жұмыста энергетика министрлігінің мәселелері бойынша 6 заң жобасы бар екенін атап өтті. Депутаттар барлық проблемалық мәселелерді бірлесіп талқылауға, оларды шешу бойынша өз көзқарастарын ұсынуға, сондай-ақ сапалы және жұмыс істейтін заңдарды дайындауға дайын.