Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
АУЫЛДЫҚ МЕДИЦИНАНЫ ДАМЫТУ – УАҚЫТТЫҢ ТАЛАБЫ

Исатай ауданында медициналық пункттің құрылыс алаңында болдым. Мәселесі көп нысан. Жобадағы көптеген қателіктерге байланысты құрылыс кешіктіріліп жатыр. Олардың ішінде – негізгі көшеге қатысты ғимараттың дұрыс орналаспауы, электр қуатына қатысты және де тағыда басқа көптеген мәселелер. Құрылыс 2022 жылдың қарашасында басталуы керек болса да, қосалқы мердігерлер жұмысын биылғы жылдың ақпан айында ғана бастады. Берілген мәліметке сәйкес, бас мердігер келісім-шартқа 2022 жылы қол қойған, бірақ, биыл ғана оны қосалқы мердігерге берген. Яғни, мәселе жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауында. Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталуына жақын. Облысқа келесі сапарымда осы фельдшерлік-акушерлік пунктқа барып, оның жүзеге асырылу кезеңін көруді жоспарлайтын боламын.