Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау

Тұрғындармен кездесуден кейін, бүгін азаматтардың да жеке мәселелері бойынша қабылдауын да өткіздім. Оның бірі – ІІ топтағы мүгедекті баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты. Маған келген ауыл тұрғынының бірі баспанаға кезекте тұр, бірақ, қазір 72-ші орында. Кезек келесі жылы келеді және ол тек жалдамалы баспанаға болады. Азаматтар өздерінің меншігінде болатын баспанаға үміт артып отыр. Қазір тұрғын үй саясаты туралы заң жобасы аясында пәтер беру мәселесі депутаттармен пысықталуда. Сондай-ақ, біз осы заң жобасы аясында мүгедектерге қатысты ережелерді пысықтайтын боламыз. Көптеген сұрақтар бар, олардың кейбірін жергілікті атқарушы органдармен, кейбірін заңнамалық деңгейде әрі қарай қарастыратын боламын.