Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Шалғайдағы елді мекендердің, шағын ауылдардың мәселелері

Өңірлерге іс-сапарларымда шалғайдағы елді мекендерге, шағын ауылдарға үнемі көңіл бөлемін. Бүгін мен Қызылқоға ауданында жұмыс істеймін: Мұқыр және Сағыз ауылдарын электрмен қамту мәселелерін талқылап, сумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен танысып, азаматтарды қабылдаймын. Мұқыр ауылында 190 үй және 900-ге жуық тұрғыны бар. Көптен бері шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі – халықты сенімді электр қуатымен қамтамасыз ету. Электр желілері ескі, тозығы жеткен, оны ауыл тұрғындары өз күштерімен жүргізген. Осыны ескере отырып, үзіліссіз электрмен жабдықтау проблемалары туындайды. Шұғыл шаралар қабылданбаса, келешекте бұл мәселе ушыға түседі. Ауылға 250 бағана орнату, 10,5 мың метр кабель және ескірген 3 трансформаторды ауыстыру қажет. Қазіргі таңда «АтырауЖарық» АҚ инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруға кірісіп кетті. Бірақ, жұмыс қарқынын арттыру керек.