Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Атыраудағы кәріздік тазарту қондырғыларының жұмысы – түйткілді мәселелердің бірі.

Атыраудағы кәріздік тазарту қондырғыларының жұмысы – түйткілді мәселелердің бірі. Оның бірнеше себептері бар: қолданыстағы су тазарту қондырғыларының тозуы мен қала халқының санының өсуіне дейін, жаңа тұрғын үй объектілерінің пайда болуы және тиісінше, таза су мен канализацияға деген қажеттіліктің артуы. Мәселенің шешімі «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасына енгізілген. Өңірдегі жұмысымның аясында қаланың оң жағалау бөлігіндегі кәріздік тазарту қондырғысының құрылыс барысымен таныстым. Жағдайды 2021 жылы басталған құрылыс жұмыстарының құнының көтерілуіне байланысты жобаны түзету қажеттілігінен тоқтатуға мәжбүр болғаны қиындатады. Түзетілген жоба бойынша оң сараптамадан кейін жұмыс қайта жалғасты, бірақ, бүгінгі таңда жұмыс тек 30%-ға ғана орындалды. Жұмысты жылдамдату керек екені анық, өйткені, мәселенің одан әрі үлкейуі мүмкін