Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Атырау су арнасы» мекемесіне бардым

Атырауда барып аралаған тағы бір нысан – «Атырау су арнасы». Өткен жылдың желтоқсан айының басында кәсіпорын қалаға су берудің шектелуі мен қаланың су құбырын қалпына келтіруге атсалысқан сүңгуірлердің жұмысына байланысты республикалық ақпарат агенттіктерінің лентасына түскен болатын. «Атырау су арнасы» шуга пайда болуына және өзендегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты Атырау қаласының су тазарту қондырғысына су беруді тоқтатуға мәжбүр болды. Үлкен көлемдегі жұмыстар атқарылды: балық қорғау қондырғысының торларын жууға қазандықтан ыстық су беру үшін I-ші су қоймасының сорғы стансасындағы су алу орындарында сорғы қондырғысы және де жылы ауаны беруге арналған компрессор орнатылды. Бұдан басқа, су тазарту құрылыстарының жұмысына және Жайық өзенінен су алу үдерісіне тәулік бойы мониторинг жүргізілуде. Кездесу барысында «Атырау су арнасы» ұжымымен бірқатар түйткілді мәселелер талқыланды. Бірінші кезекте қуаты тәулігіне 180 мың шаршы метр I-ші су қоймасының сорғы станциясын қайта құру, сапалы сорғыларды сатып алу, штатқа кәсіпқой сүңгуірлерді тарту, үстеме жұмысқа ақы төлеу. Сонымен қатар, бұл №5, 6 сүзгі станцияларының құрылысы, шайылған суды Жайық өзеніне қайта ағызбау үшін Атырау қаласының су тазарту қондырғысына түбіндегі шөгінді дренаждық станцияны жобалау және салу. қалаға көлемі 10 мың текше метр болатын екі таза су қоймасын салу қажет. Тағы бір мәселені – автокөліктерден ағынды суларды ағызатын пунктерді талқыладық. Мұндай пункт тек қаланың оң жағалауындағы кәріздік тазарту қондырғыларында ғана қарастырылған. «Атырау қаласының оң жағалау бөлігіндегі кәріздік тазарту құрылыстарын қайта құру» жобасы бойынша небәрі 4 су ағызу пунктері жоспарланған, бұл жеткіліксіз. Кемінде 15 пункт қажет. Жалпы, бұл одан әрі пысықтайтын мәселе.