Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң жобаларымен таныстыру өтткіздік

Таныстыруға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Энергетика министрі А. М. Сәтқалиев, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен сарапшылар қатысты. Отырысты аша отырып, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеттің төрағасы Е. Т. Жаңбыршин Парламенттің 8-ші шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев инфрақұрылымды дамытуға қатысты ұстанымды қайта қарау қажеттігі туралы айтып, бұл ретте қатты тозған энергетикалық инфрақұрылым жұмыс істемейтінін атап өтті. Петропавл, Теміртау, Степногорск, Риддер қалаларында болған апаттар нәтижесінде осы қалалардың тұрғындары бірнеше күн бойы жылусыз және ыстық сусыз қалды, сенімді және үздіксіз жылумен жабдықтаудағы проблемалардың жүйелілігі алаңдаушылық туғызады. Қазақстанда көптеген ЖЭО елу жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген. ЖЭО-ның негізгі және қосалқы жабдықтарының, қазандықтардың, жылу желілері мен жылу тұтыну жүйелерінің моральдық және физикалық тозуы 70% - дан асады, бұл қазірдің өзінде өте маңызды және олар кез келген уақытта істен шығуы мүмкін. Бұл жағдайдың басты себебі-жылу энергетикасы саласында бірыңғай саясаттың болмауы. Бұл үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдауға сигнал. Энергетика министрі А.М. Сәтқалиев өз баяндамасында бұл заң жобалары жылу энергетикасы саласындағы стратегиялық мақсаттар мен даму жоспарларының болмауы, салада инвестициялардың болмауы, кәсіпорындардың тиімсіздігі және т. б. осы сияқты проблемалық мәселелерді реттеу мақсатында әзірленгенін атап өтті. Заң жобасын таныстыру барысында Энергетика министрі мен тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары депутаттардың сұрақтарына жауап берді, оның ішінде электр энергиясының сату бағасы, отынның өзіндік құнын жабу, операциялық шығындар, энергетиктердің жалақы деңгейі, ЖЭО-ның нашар жағдайы, жылудың төмен тарифі. Айтылған мәселелер мен ұсыныстар жұмыс тобының отырыстарында қаралатын болады.