Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Батыс өңірлерді сумен жабдықтау проблемасы бойынша депутаттық сауал жолдадым

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары

Р.В. Склярға

Құрметті Роман Васильевич!

Ұлт Көшбасшысы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан-2050 "Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында XXI ғасырдың он жаһандық сын-қатерін атап өтті.

Олардың бірі өткір су тапшылығының пайда болуы. Соңғы алпыс жыл ішінде планетада ауыз суды тұтыну сегіз есе өсті.

Басқа да басты мақсаттардың бірі табиғи ресурстардың сарқылуы болып табылады.

Бұл екі үлкен проблеманың Батыс аймаққа тікелей қатысы бар.

Су азаюының ұзаққа созылуы шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауда және Қазақстанның батыс облыстарының экономикасында күрделі жағдайдың орын алуына  себеп болып отыр.

Жайық өзені апатты жағдайда жылдам құрғау үстінде. Ол таязданып емес, кеуіп жатыр. Мұндайды апат деп атауға болады.

Мен бір интернет-басылымда жазылған сөзді келтірейінші: «Биік мінбелерден апатты жағдай туралы мың мәрте айтуға болады, үкіметаралық комиссиялар мен жұмыс топтарын құрып, жылдар бойы отырыстарын өткізуге болады, бірақ мұның бәрі өзенді құтқара алмайды. Ол ақырын жойылуда».

Осы өнірдің шағын өзендерінде де осындай жағдай.

Атап айтқанда, Атырау облысындағы шағын өзендер тобына кіретін Ойыл өзенінің төменгі сағасы құрғап жатыр. Ойыл өзені арнасының құрғауына байланысты тұщы судың жерасты көздері бітеліп, жарамсыз күйге түсуде, флора мен фауна тозуға ұшырап, жайылымдық жерлердің жойылып кету                     қаупі туындап отыр.

Осының салдарынан Атырау облысының бірқатар аудандарында қиын жағдай орын алды.

Мысалы, Қызылқоға ауданының 8 ауылдық округі су тапшылығын бастан өткеріп отыр. Аудан сумен Тайсойған құм массивінің бір жерасты тұщы су көзінен ғана қамтамасыз етіледі, оның да артық қоры түгесіліп жатыр. Жақын арада мұндай ахуал ауданның 18 мыңнан астам тұрғынын көшіру қажеттілігіне алып келуі мүмкін.

Бұдан бөлек, осы уақытқа дейін Жайық өзені ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің қатарына қосылмаған. Мұндай ұсыныспен мемлекеттік органдардың келісімі бар және ол ешқандай қаржылық шығындарды  талап етпейді.

2021-2024 жылдарға арналған Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі қазақстан-ресей ынтымақтастығының бағдарламасы әзірге тек 2024 жылдың соңында аяқталатын зерттеулер жүргізуді ғана көздейді. Бұл бағдарламаны түзету қажеттілігі де өзекті болып қала береді

Сонымен қатар, Бағдарламаның іс-шараларын тиісінше қаржыландырмай әрі іс жүзінде жүзеге асырмай Жайық өзенін қалпына келтіру мүмкін емес және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы іс-шараларын орындаудың бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.

Жем, Ойыл және Сағыз өзендеріндегі су көлемі азаюының негізгі себептерінің бірі жүйесіз және заңсыз салынған қорғау бөгеттері болып отыр. Бұл бөгеттердің көпшілігі су шаруашылығы объектісі ретінде ресми тіркелмеген. Бас прокуратураның нұсқамасы бойынша Экология министрлігі Ақтөбе облысындағы гидротехникалық құрылысжайлардың жай-күйін тексеруді ұйымдастырған болатын.

Нәтижесінде әртүрлі 57 объект анықталды, олардың ішінде 36-сы иесіз бөгеттер, қорғау бөгеттері мен су қоймалары, сондай-ақ қараусыз қалған бұлақтар.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар әлі күнге дейін осы проблемаларды шешу жөнінде жеткілікті  шаралар қолданбаған.

Бұдан басқа, Министрліктің су ресурстары комитетінің деректеріне сәйкес, елде 6960 гидротехникалық құрылыс бар, оның ішінде: республикалық меншікте-5751, коммуналдық меншікте – 980, жеке меншікте – 229, иесіз – 10.

Қанағаттанарлықсыз жағдайда немесе жөндеуді талап етеді: 9 су қоймасы, 1 тоған, 10 бөгет, 1 бөгет, 10 су торабы, 2156 канал.

Демек, мемлекеттік органдарда істің нақты мән-жайы туралы ақпарат жоқ, гидротехникалық құрылысжайлардың іс жүзіндегі есебін жүргізбейді және осы мәселені ретке келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдамайды,  ал мұның бәрі халықтың наразылығын тудырып отыр.

Дәл осындай жағдай жерасты суларының артық қорларын пайдалану, анықтау және растау, өздігінен ағатын ұңғымаларды жою мәселелерінде де байқалады.

Қазіргі уақытта республиканың 4286 су көзі орнында 2 мыңнан астам апатты ұңғымадан су бақылаусыз  далаға кетіп жатыр.

Мәселен, 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасын бағалау жөніндегі есеп комитетінің қорытындысында 2015 жылдан бастап іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу функциясы жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне берілгені атап өтілді. 2020 жылға дейінгі іс-шараларды іске асыру мониторингін Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі жүзеге асырды. 2020 жылдан бастап іздестіру-барлау жұмыстары жөніндегі іс-шараларды "Нұрлы жер" жаңа мемлекеттік бағдарламасына енгізбеу себебінен мемлекеттік органдар тарапынан бақылау мен үйлестіру жүзеге асырылмады.

Нәтижесінде сумен жабдықтау саласында мемлекеттік реттеудің келісілмеуі сақталады, бұл мақсатқа қол жеткізуге қатысатын барлық мемлекеттік органдар (ЭГТРМ, ИИДМ, ҰЭМ, Еңбекмині және жергілікті атқарушы органдар) арасында орталықтандырылған үйлестірудің, мониторингтің, бақылаудың, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың және өкілеттіктерді бөлудің болмауына әкеп соғады. Осының нәтижесінде 7 жыл ішінде (2012-2019жж.) іздестіру-барлау жұмыстары және жете барлау бойынша жоспар тиісінше 86% және 91% - ға ғана орындалды.

Мемлекеттік органдар іс-әрекеттерінің мұндай сәйкессіздігі мен тиімсіздігі халық үшін де, жалпы ел экономикасы үшін де жойқын салдарларға алып келуі мүмкін, сондықтан іздестіру-барлау жұмыстары мәселелеріндегі іс-қимылдарды бақылау және үйлестіру жөніндегі мемлекеттік органды айқындау қажет.Жоғарыда айтылғандардың негізінде мыналарды ұсынамыз:

- Жайық өзенін Үкіметтің қаулысымен айқындалған ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің тізбесіне енгізу;

- Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы бағдарламасын түзету және іске асыру процесін жеделдету;

- Сағыз, Ойыл, Жем шағын өзендерін сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

- жергілікті органдарға Бас прокуратураның заңсыз салынған бөгеттерді жою жөніндегі нұсқамасын орындауды және бөгеттер мен су қоймаларын есепке алу мен салуды одан әрі ретке келтіру жөнінде  шаралар қабылдауды тапсыру;

- ірі жерасты су көздері бар Атырау облысындағы «Тайсойған» полигоны жерінің бір бөлігін мемлекет иелігінен алу жөнінде шаралар қабылдау;

 - мемлекеттік органдар тарапынан іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша тиісті үйлестіруді қамтамасыз ету және жұмыс істеп тұрған ұңғымаларды жөндеу және өздігінен ағатын ұңғымаларды жою бойынша шаралар қабылдау.

Қойылған барлық мәселенің толық қаралуын қамтамасыз етуді және заңнамада белгіленген мерзімде   жауап беруді сұраймыз.

Құрметпен,

Депутаттар,

«NUR OTAN»

партиясы фракциясының

мүшелері                

Д. Турғанов

С. Нақпаев

А. Жамалов

Е.Жаңбыршин

С.Мусабаев

Ғ.Елуов

«Ақ жол» Қазақстан

Демократиялық партиясы

фракциясының мүшесі

С. Ерубаев