Жаңбыршин
Еділ
Терекбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы

Депутатқа хат
Өмірбаяны

23 наурыз 1966 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Таушық ауылында дүниеге келген.

Білімі:

Жоғары білімді, инженер-жылуэнергетик, мамандығы «Жылу электр станциялары» (үздік диплом), Алматы энергетикалық институты, Алматы қ., 1990 ж.

Инженер-зерттеуші, аспирантура, Ш. Чокин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты, Алматы қ. 1993 ж.

Ғылыми атағы мен дәрежесі:

Техника ғылымдарының кандидаты, мамандығы 05.14.04 – «Өндірістік жылуэнергетика», Ш. Чокин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты, Алматы қ. 1993 ж.,

Доцент, мамандығы «Энергетика», 1998 ж.

ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүше корреспонденті, 1998 ж.

Техника ғылымдарының докторы, мамандығы 25.00.36 – «Геоэкология», 2006 ж.

ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академиялық кеңесшісі, 2013 г.

Магистр, магистратура, мамандығы «Мемлекеттік және муниципалдық басқару», бағыты («Қоғамдық байланыс және медиасаясат бағдарламасы) (үздік диплом), РФ Президенті жанындағы халықшаруашылық және мемлекеттік қызмет Ресей академиясы, Москва қ., 2019 ж.

Жұмыс тәжірибесі:

27.03.2023 ж. бастап 8-ші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің комитетінің төрағасы.

13.01.2021 ж. – 19.01.2023 ж. 7-ші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

19.05.2016 ж. – 13.01.2021 ж. «Азия Техно Сервис» ЖШС инновация жөніндегі директордың орынбасары.

Шілде 2015 ж. -19.05.2016 ж. «Азия Техно Сервис» ЖШС кеңесші.

12.09.2012 ж. - 10.07.2015 ж. – Ақтау қаласының әкімі.

2011-2012 ж.ж. – Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

2008-2011 ж.ж. – «Азия Техно Сервис» ЖШС директоры.

2007-2008 ж.ж. – «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Маңғыстау облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы Ақтау филиалында профессоры (қызметті қоса атқару).

2006-2008 ж.ж. – Маңғыстау облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.

2000-2007 ж.ж. – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Ақтау филиалының директоры.

1999-2000 г.г. – Орталық-Азия университеті Ақтау филиалы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

1995-1999 ж.ж. – Ш. Есенов атындағы Ақтау университетінің мұнай-химия факультетінің деканы.

1993-1995 ж.ж. – Ақтау политехникалық институтында аға оқытушы, доцент, ғылыми хатшы.

1992-1993 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Білім министрілігінің жоғары білім бас басқармасының жетекші маманы.

1990-1992 ж.ж. – Алматы энергетикалық институты «Жылу-энергетикалық қондырғылар» кафедрасының ассистент оқытушысы.

1986-1990 ж.ж. – Алматы энергетикалық институтының студенті.

1984-1986 ж.ж. – Кеңес Одағы әскери қарулы күштерінде жауынгер.

1983-1984 ж.ж. – Алматы энергетикалық институтының студенті.

Қосымша ақпарат:

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2-ші (1999-2003) және 4-ші (2007-2012) шақырылымдарының депутаты.

2007 жылы «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының төрағасы.

2007-2008 жылдары Маңғыстау облысы бойынша Тәртіптік Кеңестің мүшесі.

2008-2010 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі 25.00.36 – «Геоэкология» және 03.00.16 – «Экология» мамандықтары бойынша докторлық диссертация қорғайтын Диссертациялық Кеңестің мүшесі.

2012-2015 ж.ж. Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы Экологиялық Кеңес төрағасының орынбасары.

2013-2015 ж.ж. «Қалалардың бірлестігі және жергілікті билік» Бүкіләлемдік ұйымның Атқарушы бюросының мүшесі, Барселона қ.

2013 жылдан «Астаналар мен ірі қалалар Халықаралық Ассамблеясының» сараптама кеңесінің мүшесі, Москва қ.

Бүкіләлемдік ұйымдар «Қалалардың бірлестігі және жергілікті билік» (ОГМВ), «Бүкіләлемдік Мұралар Қалаларының Ұйымы» (ОГВН), Түрік Әлемі муниципалитеттерінің Одағы, сонымен қатар Қарамай (ҚХР), Махачкала (РФ), Самсун (Турция), Элиста (РФ), Клайпеда (Литва) қалалары мен Ақтау қаласы арасында халықаралық байланыс жасаудың бастамашысы.

ЮНЕСКО, ОГВН, ОГМВ аясында өткен Евразия бүкіләлемдік мұралары қалаларының VII халықаралық конференциясы (Ақтау, 2014) мен Астаналар мен ірі қалалар Халықаралық Ассамблеясының ХХІІІ сессиясының шегінде «Құрлыс және тұрғын-үй шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу» халықаралық конференциясының (Ақтау, 2015) ұйымдастыру комитетінің төрағасы.

2019 жылдан Маңғыстау облыстық өңірлік кәсіпкерлік палатасының мүшесі.

2020 жылдан Маңғыстау облыстық өңірлік кәсіпкерлік палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Атамекен» ҰҚП президиумының мүшесі.

2022-2023 ж.ж. 7-ші сайланған Мәжілістің «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының тең төрағасы.

2022 жылдан «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық Экологиялық Кеңесінің төрағасы.

2022 жылдан ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі.

2022 жылдан VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палата мүшесі.

Қазақстан Республикасында өнертабысқа берілетін 3-і патенттің, 3 алдын ала патенттің және 90 астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік публицистикалық жұмыстардың авторы.

9 ғылыми-өндірістік жобалардың жұмыстарына қатысқан, оның ішінде 8-не ғылыми жетекші ретінде. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі «Ембімұнай», «Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қарақұдықмұнай», «Маерск Ойл ГмбХ Қазақстан», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» мұнай компанияларында және Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарында енгізілген. Мұнай-газ саласының экологиясына қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін Иран, Германия, АҚШ, Жапонияда өткен халықаралық симпозиумдар мен конференцияларда баяндаған.

Еділ Терекбайұлының инновациялық инжекциялық газ оттығы мұнай-газ кен орындарындағы мұнай және су қыздыратын пештерге енгізіліп, олардың жылутехникалық және экологиялық көрсеткіштерін анағұрлым жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.

«Геоэкология» мамандығы бойынша 1 техника ғылымдарының докторын және 2 техника ғылымдарының кандидатын дайындаған.

Маңғыстау облысының «Жыл адамы» 1-ші конкурсының «Жыл ғалымы» номинациясының жеңімпазы, 2006 ж.

«Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының «Жылдың үздік парламентарийі» номинациясының жеңімпазы, 2021 ж.

«2022 жылдың үздік депутаты», «Адырна» ұлттық порталының сауалнамасы бойынша, 2022 ж.

Ордендер:

Астаналар мен ірі қалалар Халықаралық Ассамблеясының құрмет белгі-ордені «За вклад в устойчивое развитие городов СНГ», 2018 ж.

«Құрмет», 2020 ж.

«Парасат», 2022 ж.

Медальдар:

Мерекелік медаль «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», 2001 ж.

Мерекелік медаль «Астанаға 10 жыл», 2008 ж.

Мерекелік медаль «Халықаралық ядроға қарсы Невада-Семей қозғалысына 20 жыл», 2009 ж.

Мерекелік медаль «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», 2011 ж.

Мерекелік медаль «20 лет Международной Ассоциации столиц и крупных городов», 2013 ж.

Мерекелік медаль «Ақтау қаласына 50 жыл», 2013 ж.

Мерекелік медаль «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», 2014 ж.

Мерекелік медаль «Халықаралық ядроға қарсы Невада-Семей қозғалысына 25 жыл», 2014 ж.

Мерекелік медаль «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», 2015 ж.

Мерекелік медаль «Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жыл», 2018 ж.

Мерекелік медаль «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», 2019 ж.

Мерекелік медаль «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл», 2021 ж.

«Атамекен» ҰКП «Адал еңбегі үшін» III дәрежелі медалі, 2021 ж.

«Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі, 2022 ж.

«Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі, 2022 ж.

Мерекелік медаль «Қазақстан Гидрометеорологиялық қызметіне 100 жыл», 2022 ж.

Төс белгілер:

«Маңғыстау облысына 35 жыл»

«Маңғыстау облысына 40 жыл»

«Маңғыстау мұнайына 50 жыл»

«NUR OTAN» партиясының «Белсенді қызметі үшін» белгісі, 2021 ж.

«Экология саласының үздігі», 2022 ж.

«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл», 2022 ж.

Грамоталар мен алғыс хаттар:

Маңғыстау облысының қоғамдық-саяси жұмыстарына белсене қатысқаны үшін берілген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Алғыс хаттары, 2005 ж., 2007 ж.

Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет Грамотасы, 2011 ж.

ҚР Экология,геология және табиғи ресурстар министрінің Құрмет грамотасы, 2020 ж.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың Алғыс хаты, 2022 ж.

Отбасылы, үш қыз баласы бар.