Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған заңнамалық актілер тізімі
Артқа
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997
ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат;
№ 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21,
774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8,
53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; №
10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24,
192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18,
142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17,
97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13,
53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22,
87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3,
22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; №
12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1,
2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; №
9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17,
140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14,
58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23,
114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7,
32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73,
75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24,
121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2,
5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11,
59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21,
119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24,
149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19,
28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20,
158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24,
196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2,
13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат;
№ 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12,
84-құжат; 2013 ж.,
№ 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат;
№ 10-11, 54, 56-құжаттар;
№ 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат):
1) мазмұнындағы 136, 140 және 362-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«136-бап. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау»;
«140-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағудан жалтару»;
«362-бап. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау»;
2) 40-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жазалаудың негiзгi түрi ретiнде тағайындалған айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда, ол осы Кодекстiң 42, 43-баптарында көзделген қағидалар сақтала отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үш еселенген мөлшерiне сәйкес келетін айыппұл сомасы үшін тиiсiнше бiр ай түзеу жұмыстарына немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тарту есебінен қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартумен ауыстырылады.»;
3) 136 және 140-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«136-бап. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын
күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау
1. Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы, –
бір жүз жиырма сағаттан бір жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Кәмелетке толған, еңбекке жарамды адамның сот шешiмi бойынша өзiнiң еңбекке жарамсыз ата-анасын күтіп-бағуға қаражат төлеуден үш айдан астам жалтаруы –
бір жүз жиырма сағаттан бір жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
«140-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағудан
жалтару
Еңбекке жарамды адамның сот шешiмi бойынша еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы, мұны дәл осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адам жасағанда, –
бір жүз жиырма сағаттан бір жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»;
4) 357-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Соттың үкiмi немесе қаулысы бойынша тәркiлеуге жататын мүлiктi жасыру немесе иеленiп алу, сол сияқты соттың мүлiкті тәркiлеуді тағайындау туралы заңды күшiне енген үкiмiн немесе қаулысын орындаудан өзге де жалтару –
бір жүз сексен сағаттан екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
5) 362-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«362-бап. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актісін және
атқарушылық құжатты орындамау
1. Заңды күшiне енген сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамау, сол сияқты олардың орындалуына кедергі келтіру, мұны дәл осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адам жасағанда, –
бір жүз сексен сағаттан екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Билік өкiлi, мемлекеттiк қызметшi, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының қызметшісі, сол сияқты мемлекеттiк мекеменiң, коммерциялық немесе өзге де ұйымның қызметшісi жасаған дәл сол әрекеттер, –
бес жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не бір жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, өндіріп алу қылмыс жасалу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын әрекеттер, сол сияқты олардың орындалуына кедергi келтіру –
төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға сот белгiлеген әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын бұзу, сол сияқты әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару мақсатында қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерiнен өз бетiмен кетiп қалуы немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейiн қадағалаудағы адамның таңдап алған тұрғылықты жерiне демалыс және мереке күндерін есептемегенде бес тәулік ішінде бармауы –
бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
2. 1997 жылғы 13
желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат;
1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4,
66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8,
53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18,
245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4,
32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24,
192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004
ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153,
154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13,
53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24,
123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6,
31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1,
2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; №
13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16,
62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., №
6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; №
17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар;
№ 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2,
4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18,
111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22,
130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1,
9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19,
145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24,
196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3,
26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; №
6, 44-құжат; № 10,
77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10,
13-құжаттар; № 7, 36-құжат;
№ 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76,
78-құжаттар):
1) 161-баптың он бірінші бөлігіндегі «, ал соттың атқарушысы - мүлiк тiзiмiн жасайды» деген сөздер «жасайды, ал сот орындаушысы тыйым салу туралы қаулы шығарады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 169-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық қуыным толық немесе iшiнара қанағаттандырылған жағдайларда сот азаматтық қуыным бөлiгiнде үкімді ерiктi түрде орындау үшiн мерзiм белгілейді және оны үкiмде көрсетедi. Сот үкімі азаматтық қуыным бөлігінде ерікті түрде орындау үшін берілген мерзімде орындалмаған жағдайда, сот азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен үкімді азаматтық қуыным бөлігінде мәжбүрлеп орындатуға жібереді. Мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.»;
3) 171-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «талап», «талапты» деген сөздер тиісінше «қуыным», «қуынымды» деген сөздермен, «атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдарда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 192-баптың екінші бөлігі «361-бабында,» деген сөздерден кейін «362-бабында (біріншi, екiншi және үшінші бөлiктерiнде),» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 285-баптың екінші
бөлігінің бірінші абзацындағы
«362-баптарында» деген сөздер «362
(төртінші бөлiгінде)-баптарында» деген сөздермен
ауыстырылсын.
3. 1997 жылғы 13
желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат;
2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат;
№ 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18,
245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24,
192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139,
142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13,
53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2,
18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; №
10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20,
152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., №
15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7,
28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; № 19,
145-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3,
26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат;
2013 ж., № 1, 2-құжат; №13,
62-құжат; № 14, 72-құжат):
1) мазмұнындағы 23-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Айыппұл төлеуден жалтару»;
2) 23-бапта:
тақырыбындағы «қасақана» деген сөз алып тасталсын;
1-тармақтағы «қасақана» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақтағы «қасақана», «мемлекеттiк» деген сөздер алып тасталсын.
4. 1999 жылғы 1 шiлдедегi
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне
(Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат;
2000 ж., № 3-4,
66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат;
2001 ж., № 23, 309-құжат;
№ 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., №
1-2, 7-құжат; № 4,
25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат;
№ 15, 138, 139-құжаттар;
2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6,
42-құжат; № 16, 91-құжат;
№ 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23,
104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8,
45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат;
2007 ж.,
№ 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6,
37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9,
67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3,
16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат;
№ 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4,
12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; №
15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж.,
№ 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50,
53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24,
196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8,
64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; №
13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20,
121-құжат; № 21-22,
124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат;
№ 15, 82-құжат):
740-баптың 1-тармағы «туралы заңнамасында» деген сөздердің алдынан «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын.
5. 1999
жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы
Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат;
2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат;
2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22,
281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17,
155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14,
109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5,
25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат;
№ 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13,
53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2,
19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; №
12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3,
20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9,
67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат;
2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16,
62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17,
81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., №
1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28,
32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22,
130-құжат; № 24, 151-құжат;
2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5,
43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; №
16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2,
14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8,
64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14,
93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9,
51-құжат; № 10-11, 56-құжат;
№ 13, 64-құжат; №14, 72, 74-құжаттар; № 15,
76-құжат):
1) 161-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«161-бап. Қуынымды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау
Қуынымды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды сот тиісті органдар мен ұйымдарға орындау үшін жібереді.
Органдар мен ұйымдар ұйғарым келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ұйғарымды жіберген сотты орындау нәтижелері жөнінде хабардар етеді.
Қамтамасыз ету шаралары қолданылған мүліктің тізбесі болмаған жағдайда соттың ұйғарымы орындау үшін сот орындаушысына жіберілуге тиіс.»;
2) 236-баптың алтыншы бөлігі мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғанға дейін сот шешімін орындаған борышкер шешім шығарған сотты бұл туралы үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге тиіс.
Сот атқарушылық құжатты аумағы бойынша тиісті атқарушылық іс жүргізу органына жіберген немесе егер өндіріп алушыға сот шешімінің орындалуы туралы хабарланғанға дейін атқарушылық құжат оған берілген жағдайда, борышкер өндіріп алушыны хабардар етеді.»;
3) 240-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Іс бойынша шешімге қаулы қабылдаған немесе бұйрық шығарған сот, сондай-ақ сот қаулысы орындалатын жердегі сот өндіріп алушысы мемлекет болып табылатын атқарушылық іс жүргізу бойынша мемлекеттік сот орындаушысының өтінішхаты бойынша және атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкін емес ететін мән-жайлар болған кезде атқарушылық іс жүргізудегі тараптардың өтініші бойынша оны орындау тәсілін немесе тәртібін өзгерте алады.
Сот атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша сот қаулысын орындауды кейінге қалдыра алады немесе мерзімін ұзарта алады, сондай-ақ бітімгершілік келісімді бекіте алады.»;
4) 446-баптың үшінші бөлігі «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын.
6. 2001
жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат;
№ 17-18, 241-құжат;
№ 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17,
155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4,
25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64,
68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122,
139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22,
160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6,
42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат;
№ 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат;
2005 ж., № 5,
5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; №
13, 53-құжат; № 14, 58-құжат;
№ 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23,
104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19,
20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6,
31-құжат; № 8,
45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; №
12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92,
95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23,
141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16,
18-құжаттар; № 3, 20,
23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6,
40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; №
12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15,
106-құжат; № 16,
131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143,
144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат;
№ 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7,
27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57,
58-құжаттар; № 15-16,
62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; №
23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., №
2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар;
№ 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75,
76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар;
№ 19, 88-құжат; № 23, 97, 115,
117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133,
134-құжаттар; 2010 ж.,
№ 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28,
32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9,
44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; №
15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21,
119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146,
149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2,
19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6,
50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; №
12,
111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14,
117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар;
№ 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21,
161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1,
5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22,
25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35,
36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10,
77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13,
91-құжат; № 14, 92, 93,
94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20,
121-құжат; № 23-24, 125-құжат;
2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар;
№ 4, 21-құжат; № 7,
36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; №
10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; №
14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81,
82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2013 жылғы 14
желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская
правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек
көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы»
2013 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
79-6, 524, 526, 527 және 528-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«79-6-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағудан жалтару»;
«524-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау»;
«526-бап. Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын адамның жұмыс орны мен тұрғылықты жерiнiң ауысқандығы туралы сот орындаушысына хабарламау
527-бап. Атқарушылық құжатты жоғалту
528-бап. Сот орындаушысына атқарушылық құжаттарды орындауға кедергi келтіру»;
мазмұны мынадай мазмұндағы 551-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«551-2-бап. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган»;
2) 79-6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«79-6-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағудан
жалтару
Еңбекке жарамды адамның сот шешімі бойынша еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға қаражат төлеуден үш айдан астам жалтаруы –
айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.»;
3) 521-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«521-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот
орындаушысына, сот приставына келмеу
Прокурорға, тергеушiге, анықтау органына айғақтар беру үшiн, сот орындаушысына, сот приставына атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша келмеу, сол сияқты айғақ беруден бас тарту немесе көрiнеу жалған айғақтар беру -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерінде, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 522-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштің оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәуліктен он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.»;
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «қасақана» деген сөз алып тасталсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәуліктен он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.»;
5) 524-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«524-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және
атқарушылық құжатты орындамау
Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау –
жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде не бес тәуліктен он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамаққа алуға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 525-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Лауазымды адамдар мен жеке тұлғалардың сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындаумен байланысты, оның iшiнде оларға белгiлеген мерзiмде борышкердiң жұмыс орны мен оның табыстары, атқарушылық құжатқа сәйкес табысынан ұстап қалу iсiн жүргiзу және өндiрiп алынған соманы өндiрiп алушыға салып жiберу туралы, борышкердiң өзге де жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомасы мен мүлкiне өндiрiп алуды қолдану жөнiндегi қаулыларын және заңды талаптарын дәлелсiз себептермен орындамауы -»;
7) 526, 527 және 528-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«526-бап. Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып
табылатын адамның жұмыс орны мен тұрғылықты жерiнiң
ауысқандығы туралы сот орындаушысына хабарламау
Атқарушылық құжат бойынша ұстап қалуды жүргiзетiн адамның дәлелсіз себептер бойынша бір ай мерзімде төлем төлейтін адамның жұмыстан босатылғаны туралы, сондай-ақ оның жаңа жұмыс орны мен тұрғылықты жері туралы, егер бұл оған белгілі болса, сот орындаушысына және алимент алатын адамға хабарламауы, –
айлық есептiк көрсеткiштің бестен онға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
527-бап. Атқарушылық құжатты жоғалту
Атқарушылық құжатты жоғалту -
айлық есептiк көрсеткiштің оннан отызға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе: Осы бап бойынша өндіріп алушылар әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
528-бап. Сот орындаушысына атқарушылық құжаттарды орындауға
кедергi келтіру
Жеке тұлғалардың және ұйымдардың лауазымды адамдарының сот орындаушысының мүлiкке өндiрiп алуды қолдану іс-әрекеттерін (тiзiмдеу, бағалау, тыйым салу, сауда-саттық өткізу) жасауына кедергi келтіруі немесе осыған байланысты оның талаптарын орындаудан бас тартуы –
жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәуліктен он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.»;
8) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «520 - 537-1-баптарында» деген сөздер «520 – 524, 528 – 537-1-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) мынадай мазмұндағы 551-2-баппен толықтырылсын:
«551-2-бап. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету
саласындағы уәкілетті орган
1. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 525 – 527-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және әкімшілік жазалар қолдану туралы көрсетілген істерді қарауды атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарының (аумақтық органдар) басшылары мен олардың орынбасарлары жүзеге асырады.»;
10) 630-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «, 524 (461 – 471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)» деген сөздер алып тасталсын;»;
11) 636-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшаның екінші абзацындағы «524 (461 – 471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын;
2)
тармақшадағы «(513 – 531-баптар)» деген сөздер «(513 – 524,
528 – 531-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 708-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс істемесе немесе айыппұлды жалақысынан немесе басқа да себептер бойынша өзге де табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы сот, қаулы шығарған уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушысына жібереді.»;
13) 709-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының ақша төлемі және аударымы және атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен заңды тұлғаның банктік шотынан оның келісімінсіз ақша алу үшiн сот орындаушысына жiбередi.»;
14) 709-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Айыппұл салу туралы қаулы сот орындаушыларына айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жіберіледі.
Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама сот орындаушысына жіберілген кезде оған айыппұл сомасының мемлекет кірісіне түспегені туралы мәліметтер қоса беріледі.».
7. «Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы
10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық
кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат, 2009 ж.,
№ 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16,
74-құжат; № 17,
82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат;
№ 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5,
23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11,
58-құжат; № 15,
71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130,
132-құжаттар; № 24, 145, 146,
149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21,
25-құжаттар; № 4,
37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; №
12, 111-құжат; № 13,
116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15,
120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20,
151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24,
196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11,
15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4,
32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43,
44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10,
77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13,
91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; №
20, 121-құжат; № 21-22,
124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1,
3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3,
15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11,
56-құжат; № 12,
57-құжат; № 14,
72-құжат; № 15,
76, 81, 82-құжаттар;
№ 16, 83-құжат; 2013
жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және
«Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық
мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013
жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңы; 2013 жылғы 11 желтоқсанда «Егемен
Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде
жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 14
желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская
правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек
көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 10 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 465-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «соттардың атқарушы құжаттарын мемлекет пайдасына мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушы» деген сөздер «атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 467-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
3) 615-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «жүргiзу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 622-баптың үшінші бөлігі «туралы заңнамасында» деген сөздердің алдынан «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын.
8. 2011
жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық)
және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22,
174-құжат; 2012 ж., №
21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат;
№ 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат):
169-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «айлық жалақының ең төменгi» деген сөздер «орташа айлық жалақының» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу
туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16,
109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1,
180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12,
183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; №
17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., №
3-4, 63, 64-құжаттар; № 22,
408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8,
52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18,
157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15,
139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13,
53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23,
104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15,
95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3,
20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат;
№ 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122,
125-құжаттар;
2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11,
102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17,
136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13,
91-құжат;
№ 21 - 22, 124-құжат; 2013 ж., № 10 - 11, 56-құжат):
11-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы «бар болса» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан асатын берешегі жоқ адамды қоспағанда, егер құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның заңды тұлғаны құрған құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын.
10.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк
қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат;
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2,
184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19,
370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14,
205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12,
176-құжат; № 17-18,
224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4,
66-құжат; № 22,
408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9,
86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат;
2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56,
67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12,
66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; №
23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55,
58-құжаттар; № 23,
104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4,
24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11,
55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2,
18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар;
2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23,
114-құжат; 2009 ж.,
№ 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19,
88-құжат; № 24,
134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7,
28-құжат; № 17-18, 111-құжат;
2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6,
50-құжат; № 12, 111-құжат;
№ 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24,
196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8,
64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; №
20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24,
125-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат;
№ 15, 76-құжат):
51-баптың тақырыбындағы «арест» деген сөз «тыйым» деген сөзбен ауыстырылсын және 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «атқарушылық iс жүргiзу органдары мен жеке» деген сөздер алып тасталып, «Атқарушылық iс жүргiзу органдары, жеке сот» деген сөздер «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын.
11.
«Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10,
49-құжат; 2004 ж.,
№ 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8,
52-құжат; № 20,
152-құжат; 2010 ж., № 5,
23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 144-құжат;
2011 ж.,
№ 1, 3-құжат):
7-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Ақша төлемі және
аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы
Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24,
445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4,
25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар;
№ 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., №
14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23,
114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19,
88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат, 2011 ж., № 13,
116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10,
77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., №10-11,
56-құжат):
15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Инкассолық өкiм берілген кезде пайдаланылатын құжаттар
Ақша жөнелтушiнің келiсiмiнсiз ақшаны алып қоюға инкассолық өкiм атқарушылық құжаттардың негiзiнде беріледі.».
13. «Мемлекеттік құқықтық
статистика және арнайы есепке алу туралы»
2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы
Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24,
176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19,
88-құжат; 2010 ж., № 5,
23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11,
102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., №14,
75-құжат):
1) 1-баптың 13) тармақшасындағы «заңдарына», «органдар» деген сөздер тиісінше «заңнамасына», «органдар мен ұйымдар, сондай-ақ адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 3-тармағының 13) тармақшасындағы «оқиғаларын арнайы есепке алуды жүзеге асырады.» деген сөздер «оқиғаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын;
«14) атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерін орындамаған адамдарды, сондай-ақ әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындамаған адамдарды;
15) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекеттің мүддесі үшін ұсынылған, сондай-ақ алименттер өндіріп алу туралы, асыраушының мертігуінен немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, қайтыс болуынан келген залалды өтеу туралы қуынымдар бойынша жауапкер болып табылатын іздеудегі адамдарды арнайы есепке алуды жүзеге асырады.».
14.
«Ойын бизнесi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы
Қазақстан Республикасының Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2,
15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18,
84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5,
23-құжат; № 17-18, 111-құжат;
№ 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11,
102-құжат; № 19,
145-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
14-баптың 4-тармағы «жүргiзу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын.
15. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21
шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17,
135-құжат; 2008 ж., № 13-14,
58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; №
24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47,
49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78,
82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5,
23-құжат; № 7, 28,
29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18,
108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2,
26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; №
11, 102-құжат; № 13,
115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161,
171-құжаттар; 2012 ж., № 2,
11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; №
8, 64-құжат; № 12, 83-құжат;
№ 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15,
97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013
ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14,
75-құжат; № 15, 76-құжат):
4-баптың 1-тармағы 40) тармақшасының екінші абзацы «жүргiзу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын.
16. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4
мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., №
9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19,
88-құжат;
2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11,
102-құжат; № 12,
111-құжат; 2012 ж., №10,
77-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №4,
21-құжат; №14, 75-құжат):
24-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) атқарушылық іс жүргізу органдары мен жеке сот орындаушыларына: сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған және сот санкция берген қаулысы негізінде өздерінің іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;».
17. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №2, 10-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №15, 76-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) атқарушылық іс жүргізу – борышкерден атқарушылық санкциясын, атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлды және шығыстарды өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату;
2) Борышкерлердің бірыңғай тізілімі – атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын деректердің біріздендірілген электрондық банкі;
3) бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы – ақпараттық жүйе, дерекқордың, электрондық аукционға қатысушыларға бірыңғай жалпы қолжетімді қол жеткізу нүктесін ұсынатын, электрондық аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық, телекоммуникациялық және басқа да құралдардың жиынтығы;
4) жеке сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкiлеттi орган берген лицензия (бұдан әрі - жеке сот орындаушысының лицензиясы) негiзiнде, заңды тұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
5) мемлекеттiк сот орындаушысы – мемлекеттiк қызметтегi және атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi өзiне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын лауазымды адам;
6) сот орындаушысы - атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi өздерiне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын және осы Заңда көзделген алып қоюлар үшін тең құқықтары мен мiндеттерi бар мемлекеттiк сот орындаушысы және жеке сот орындаушысы;
7) сот орындаушысының қаулысы – атқарушылық іс жүргізу процесінде сот орындаушысы қабылдайтын іс жүргізу шешімі тіркелетін іс жүргізу құжаты;
8) толық мәжбүрлеп орындату – атқарушылық құжат сот орындаушысының іс жүргізуінде болған кезеңде оны толық көлемде орындау;
9) уәкiлеттi орган – атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және осы саладағы қызметтi мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
10) электрондық аукцион – аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттықтың тәсілі, онда тыйым салынған және мемлекет кірісіне айналдырылған мүлік бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы пайдаланыла отырып, оларға барлық әлеуетті сатып алушылардың тең қол жеткізуі негізінде өткізіледі.»;
2) 4-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот
орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.»;
3) 6-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот
орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының қолданылу тәртiбi»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
4) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау ішкі істер органдары және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.»;
5) 9-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «қаулылары.» деген сөз «қаулылары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) сот орындаушысының атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде келтірілген шығыстарды өтеу туралы қаулысы;
10) жеке сот орындаушысының өзінің қызмет ақысының сомасын бекіту туралы қаулысы.»;
6) 10-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аумақтық бөлiмнiң атауы және мекенжайы немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайы;»
4-тармақтың бірінші бөлігі «басшысының» деген сөзден кейін «– аға сот орындаушысының» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 11-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжаттар заңды күшіне енгеннен кейін бес жұмыс күнінен соң мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін.»;
8) 14-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) атқарушылық құжатта қамтылған талаптарды орындауға жәрдемдесетін өзге де адамдар (оның ішінде ішкі істер органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері, аудармашы, куәгерлер, маман, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті күзетуге немесе сақтауға берген адам) атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар болып танылады.»;
9) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Атқарушылық iс жүргiзу тараптары өздерiне берiлген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның талаптарын орындауға мiндеттi.
Борышкер жұмыс орнының, тұрғылықты және орналасқан жерінің өзгергені, сондай-ақ жаңа табыс көздерінің және мүлкінің пайда болғаны туралы көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндетті.
Борышкер атқарушылық іс жүргізу аяқталғанға дейін айына бір рет, сондай-ақ шақырған жағдайларда сот орындаушысына келуге міндетті. Келмеуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.»;
10) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Атқарушылық iс жүргiзудегi құқықтық мирасқорлық
1. Борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, борыш ауысқан) жағдайда мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мемлекеттік сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы шешім шығарған сотқа борышкерді оның құқықтық мирасқорына ауыстыру жөнінде ұйғарым шығару туралы ұсыныспен ұсыну жібереді. Ұсыну сот орындаушысына борышкердің құқықтық мирасқорлығы туралы белгілі болған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Құқықтық мирасқордың атқарушылық іс жүргізуге кіріскеніне дейін жасалған барлық іс-әрекет борышкер үшін қалай міндетті болса, ол үшін де сондай дәрежеде міндетті болады.
2. Өзге жағдайлардың бәрінде құқықтық мирасқорлық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өндіріп алушының өтініші бойынша белгіленеді.»;
11) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Судьялар, прокурорлар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, өкілді органдардың депутаттары, уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), олардың тиісті ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдері ретінде атқарушылық іс жүргізуге қатысу жағдайларынан басқа, атқарушылық іс жүргізуде өкіл бола алмайды. Егер мүдделері өкілдік берушінің мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетіп жатса немесе бұрын көрсеткен болса, сондай-ақ егер ол сот орындаушысының жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы болып табылса, ол адам өкіл бола алмайды.»;
12) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Сот орындаушыларының ішкі істер органдарымен өзара
іс-қимылы
Ішкі істер органдары өздеріне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде атқарушылық іс жүргізу барысында сот орындаушысының өміріне немесе денсаулығына қатер төнген жағдайда сот орындаушыларына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттер жасалатын орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылады.»;
13) 28-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер ұйым (заңды тұлға) әрекет етпеген және (немесе) басқару органы аппаратының қызметкерлері орнында болмаған жағдайда, ұйымның (заңды тұлғаның) шақыру қағазы немесе хабарламасы тікелей бірінші басшыға немесе бірінші басшының міндетін уақытша атқарушы адамға тапсырылады. Олар болмаған кезде шақыру қағазы немесе хабарлама бас бухгалтерге (бухгалтерге) тапсырылады. Заңды тұлғаның басқару органы болмаған кезде шақыру қағазы немесе хабарлама заңды тұлға құрылтайшыларының біріне тапсырылады.»;
2-тармақ «әкесiнiң атын» деген сөздерден кейін «(ол болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Атқарушылық іс жүргізу кезінде мекенжайдың ауысуы
Атқарушылық іс жүргізу тараптары атқарушылық іс жүргізу кезінде өз мекенжайының ауысқаны туралы сот орындаушысына үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға міндетті. Мұндай хабар болмаған кезде шақыру қағазы немесе хабарлама сот орындаушысына белгілі соңғы мекенжайға жіберіледі және егер адресат бұл мекенжай бойынша енді тұрмайтын немесе болмайтын жағдайда да жеткізілді деп есептеледі.»;
15) 30-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адресат, сондай-ақ осы Заңның 28-бабында көрсетілген адамдар шақыру қағазын немесе хабарламаны қабылдаудан бас тартқан кезде оларды жеткізуші адам оларға тиісті белгі қояды, одан кейін шақыру қағазы немесе хабарлама аумақтық органға (аумақтық органның бөліміне) немесе жеке сот орындаушысының кеңсесіне қайтарылады.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) шақыру қағазы немесе хабарлама онымен бірге тұратын кәмелетке толған жақын туыстарының біріне тапсырылса не соңғылары оларды алудан бас тартса, хабарланды деп есептеледі.»;
16) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану негiздерi
Сот орындаушысы өзінің іс жүргізуіне қабылдаған атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану үшін негіз болып табылады.»;
17) 32-бапта:
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) борышкерге белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салу, оның ішінде заңды тұлға органдарына шешімдер қабылдауға тыйым салу, сол сияқты заңды тұлғаның жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын, бағалы қағаздарын және жарғылық капитал мен мүліктегі үлестерін иеліктен шығару жөнінде қабылданған шешімдердің қолданылуын тоқтата тұру;»;
7) тармақшадағы «өзге де мiндеттемелердi» деген сөздер «өзге де іс-әрекеттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, кейінге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту aтқapушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде бұрын белгiленген шаралардың күшін жоюға әкеп соқпайды.»;
18) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды
тұлғаның лауазымды адамының (оның міндетін
атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын
уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтата тұру
1. Борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның лауазымды адамы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы талаптарды дәлелсiз себептермен белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкердiң Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндiрiп алушының өтiнiшi бойынша осындай қаулы шығаруға мiндеттi.
Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлғаның лауазымды адамының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында белгiленген тәртiппен соттың санкциялауына жатады.
2. Көрсетiлген қаулының көшiрмелерi Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне орындау үшiн және борышкерге мәлімет үшiн жiберiледi.
3. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлғаның лауазымды адамының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу жүргізу қажет болған жағдайларда тоқтатыла тұрылуы мүмкін.
Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлғаның лауазымды адамының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуді тоқтата тұру мерзімі көрсетілген тоқтата тұру туралы сот орындаушысының қаулысын сот Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен санкциялауға тиіс.»;
19) 34-баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Лицензияларды, рұқсаттарды және арнайы құқықтарды
беру және олардың қолданылуы саласындағы уақытша
шектеулер
1. Борышкер:
1) жеке тұлғадан екі жүз
елу айлық есептiк көрсеткiштен астам соманы өндiрiп алу
туралы;
2) заңды тұлғадан бір мың екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен астам соманы өндiрiп алу туралы;
3) мүлiктiк емес сипаттағы атқарушылық құжатты дәлелсiз себептермен орындамаған жағдайда –
сот орындаушысы осы Заңның 39-бабында көзделген орындау мерзiмi өткеннен кейiн, ал алименттер өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берiлген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жiбередi. Сот ұсынысты Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында белгiленген тәртiппен қарайды. Сот орындаушысының ұсынысын қарау нәтижелерi бойынша шығарылған сот ұйғарымының көшiрмелерi борышкерге және орындау үшiн тиiстi уәкiлеттi органдарға жiберiледi.»;
20) 35 және 36-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Борышкердiң өзiнiң
мүлiктiк жағдайы туралы
ақпарат
беруi
1. Борышкер сот орындаушысының талабы бойынша оған өзiнде бар мүлiк туралы ақпарат беруге, сондай-ақ табыс көздерi туралы мәлiметтердi хабарлауға мiндеттi. Ақпарат беру нысанын уәкiлеттi орган бекiтедi.
2. Берiлетiн ақпаратта борышкер өзiне тиесiлi барлық мүлiктiк талаптардың негiздерiн көрсетуге де мiндеттi.
3. Осы бапта көрсетiлген мәлiметтердi ұсынудан бас тарту не көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну атқарушылық құжатты орындамау болып табылады.
36-бап. Борышкерлердің бірыңғай тiзiлiмi
1. Уәкiлеттi орган атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мақсаттарда Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізеді. Борышкерлер туралы мәліметтер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Борышкерлердің бірыңғай тізілімі атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырылады және жүргізіледі.
Мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан асатын берешегі жоқ борышкерлер жөніндегі мәліметтерді қоспағанда, Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгiзу үшiн мәлiметтердi сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін үш жұмыс күні iшiнде жiбередi.
2. Көрсетілген мәлiметтер:
1) борышкердiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған жағдайда) не борышкер ұйымның атауын;
2) атқарушылық құжатты берген органды, берiлген күнiн және борышкердің орындалмаған мiндетінiң мазмұнын;
3) көрсетілген мәлiметтердi жiберетін сот орындаушысының тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған жағдайда) және аумақтық бөлімнің атауы мен мекенжайын немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайын қамтиды.
3. Борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен алып тастау осы Заңның 47-бабында көзделген негіздемелер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек болмаған кезде жүргізіледі.
Атқарушылық iс жүргiзу тоқтатылғаннан кейiн күнтiзбелiк бес күн iшiнде сот орындаушысы уәкiлеттi органға борышкердi Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен алып тастауға негiз болып табылатын тиiстi ақпарат жiбередi.»;
21) 37-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Атқарушылық құжатты өзіне сот, басқа орган (лауазымды адам) жіберген жағдайда сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді өндіріп алушының өтінішінсіз қозғайды. Жеке сот орындаушысына өндіріп алушысы мемлекет болып табылатын атқарушылық құжаттарды мүдделі мемлекеттік органдар жібереді.
4. Сот орындаушысы заңда белгiленген талаптарға сәйкес келетiн атқарушылық құжат өзiне келiп түскеннен кейiн үш жұмыс күнінен кешiктiрмей, атқарушылық іс жүргiзудi қозғайды, бұл туралы қаулы шығарады.
Бұл ретте, жеке сот орындаушысы өндіріп алушымен атқарушылық құжаттың орындалу шарттары туралы келісім (шарт) жасасады.
Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаумен бiр мезгiлде осы Заңда көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады, сондай-ақ борышкерге қатысты өзге де атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын анықтайды, ол анықталған жағдайда өндіріп алушыға хабарлайды және осы Заңға сәйкес оның талаптарын қанағаттандырудың кезектілік тәртібін түсіндіреді.»;
22) 38-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот орындаушысы өзіне атқарушылық құжат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, егер:»;
7) тармақшадағы «болса, атқарушылық iс жүргiзудi қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) атқарушылық құжатқа заңды күшіне енгені туралы белгісі бар, судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған сот актісінің көшірмесі қоса берілмесе;
9) уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 709-1-бабында көзделген мәліметтер мен құжаттарды ұсынбаса, атқарушылық iс жүргiзудi қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мән-жайларды жою атқарушылық құжатты сот орындаушысына осы Заңда белгіленген тәртіппен қайта жіберуге (ұсынуға) кедергі келтірмейді.»;
23) 39-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Атқарушылық құжаттарды орындау осы Заңда көзделген негiздер бойынша тоқтатыла тұрған, кейінге қалдырылған не мерзімі ұзартылған уақыт атқарушылық iс жүргiзу мерзiмiне кiрмейдi.»;
24) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«40-бап. Орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, оның тәсiлi мен
тәртiбiн өзгерту, берiлген сомаларды индекстеу
Атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкiн етпейтін мән-жайлар болған кезде өндiрiп алушы немесе борышкер не сот орындаушысы iстi қараған сот алдына немесе орындалатын жердегi сот алдына орындау тәсiлi мен тәртiбiн өзгерту туралы мәселе қоюға құқылы.
Орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ берілген сомаларды индекстеу туралы мәселені сот атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша шешеді.»;
25) 41-бап алып тасталсын;
26) 42-бапта:
бірінші бөлікте:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) борышкер болып табылатын заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе заңнамада белгіленген тәртіппен сот дәрменсіздік (банкроттық) туралы іс жүргізуді қозғау туралы шешім қабылдаған, сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған;»;
4) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) сот немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен атқарушылық құжатты беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұру құқығы берілген лауазымды адам қаулы шығарған, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынған;»;
мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2) тармақшалармен және 13) тармақшадағы «еткен жағдайларда тоқтатыла тұруға тиiс.» деген сөздер «еткен;» деген сөзбен ауыстырылып, 14) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) атқарушылық іс жүргізуді борышкердің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін болмайтын жағдайда, ол бір айдан астам мерзімге уақытша болмаған (борышкер емдеу мекемесінде, қызметтік іссапарда, елді мекеннен тысқары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызмет өткеруіне байланысты тысқары жерде болған);
11-2) өндіріп алушы атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы ағымдағы шотқа жеке сот орындаушысы белгілеген мерзімге қарай енгізбеген;»;
«14) егер сот борышкерге қатысты іздеу жариялаған жағдайларда тоқтатыла тұруға тиiс.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 12) тармақшасында көзделген жағдайда жарияланып қойылған сауда-саттықтарды жүргізу бөлігінде атқарушылық іс-әрекеттер, сондай-ақ инкассолық өкімдердің орындалуы тоқтатыла тұрмайды.»;
27) 43-бап алып тасталсын;
28) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру мерзiмдерi
1) осы Заңның 42-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - борышкердiң немесе өндіріп алушының құқықтық мирасқоры айқындалғанға, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi борышкерге немесе өндіріп алушыға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғанға, заңды тұлғаны тарату туралы шешім белгіленген тәртіппен қабылданғанға, заңды тұлға немесе дара кәсiпкер (борышкер) банкрот деп жарияланғанға дейiн;
2) осы Заңның 42-бабының 5), 7) және 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда - сот актісі заңды күшiне енгенге дейiн;
3) осы Заңның 42-бабының 6) тармақшасында көзделген жағдайда - қадағалау тәртiбiмен iс жүргiзу аяқталғанға дейін немесе атқарушылық құжат беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұрудың күшін жою туралы тиісті лауазымды адамның өкімі шыққанға, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынғанға дейін;
4) осы Заңның 42-бабының 10) тармақшасында көзделген жағдайда - қаржы ұйымын қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін;
5) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 10-1) тармақшасында көзделген жағдайда - бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін;
6) осы Заңның 42-бабының 11-1) тармақшасында көзделген жағдайда - борышкер емдеу мекемесiнен шыққанға, қызметтік iссапардан, елді мекенге, оның ішінде мерзiмдi әскери қызметтiң аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегі, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарындағы мерзімді әскери қызметтен қайтқанға дейiн;
7) осы Заңның 42-бабының 11-2) тармақшасында көзделген жағдайда - өндіріп алушы атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы ағымдағы шотқа енгізгенге дейін;
8) осы Заңның 42-бабының 12) тармақшасында көзделген жағдайда - өндіріп алушыдан өтініш келіп түскенге дейін;
9) осы Заңның 42-бабының 13) тармақшасында көзделген жағдайда - атқарушылық іс жүргізуді талап еткен орган оны қайтарғанға дейін;
10) осы Заңның 42-бабының 14) тармақшасында көзделген жағдайда - борышкердің орналасқан жері белгілі болғанға немесе оның мүлкі анықталғанға дейін тоқтатыла тұрады.»;
29) 45-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде сот орындаушысы ішкі істер немесе қаржы полициясы органдары арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныспен атқарушылық құжат орындалатын жердегі сотқа жүгінуге міндетті. Борышкерге іздеу салу жарияланған және оның өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.
Борышкердің орналасқан жері белгілі болған немесе оның мүлкі анықталған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта жаңғыртылады.»;
30) 47-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) атқарушылық іс жүргізу тараптары медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасасса;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) құқықтық мирасқоры болмаған кезде өндіріп алушы немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаны тарату аяқталса не атқарушылық құжат борышкер болып табылатын заңды тұлғаның конкурстық басқарушысына, оңалтуды басқарушысына, тарату комиссиясына орындау үшін жіберілсе;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) кәмелетке жасы келгеннен кейін алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болмаса;»
«8-1) мүлікті тәркілеу туралы атқарушылық құжаттың орындалуы барысында борышкерде мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табысы болмаса, сот орындаушысы қабылдаған, оның мүлкін немесе табысын анықтау жөніндегі заңда көзделген шаралардың барлығы нәтижесіз болса;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Атқарушылық iс жүргiзу тоқтатылған жағдайларда сот орындаушысы бір тәуліктің ішінде бұл туралы қаулы шығарады. Тиісті белгісімен атқарушылық құжатты не оның көшiрмесiн сот орындаушысы сотқа немесе құжатты берген басқа органға жiбередi.
Сонымен бiр мезгiлде орындауды қамтамасыз ету шараларының күшi жойылуға тиiс. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1) және 7) тармақшаларының негiзiнде тоқтатылған, орындалғаннан кейiн атқарушылық санкциясы, орындау бойынша шығыстар, өсімпұл және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы өндiрiп алынуға жататын атқарушылық құжаттар бойынша орындалуын қамтамасыз ету шараларының күшi олар өндiрiліп алынғаннан кейiн ғана жойылуға тиiс. Атқарушылық құжаттың орындауға ұсынылу мерзiмiн сот қалпына келтiрген не сот орындаушысының iс жүргiзу тоқтатылған атқарушылық құжатты орындау жөнiндегi іс-әрекеті заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылған атқарушылық iс жүргiзудi қайта бастауға болмайды.»;
31) 48-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мүлкін тәркілеу туралы атқарушылық құжатты қоспағанда, егер борышкердiң өндiрiп алу қолданылуы мүмкін мүлкi, оның iшiнде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табыстары болмаса және сот орындаушысы оның мүлкін немесе табыстарын анықтау жөнінде қолданған, заңда көзделген барлық шаралар нәтиже бермесе;»;
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжатты орындау кезінде борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, борыш ауысқан) жағдайда, сот орындаушысы өндіріп алушыға құқықтық мирасқорды белгілеу және борышкерді ауыстыру туралы талаппен сотқа жүгіну құқығы туралы түсіндіре отырып, атқарушылық құжатты орындамай қайтарады;»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Өндіріп алу толық көлемде жүргізілмеген, сондай-ақ сауда-саттық жарияланған атқарушылық құжат, егер өндіріп алушы орындалуы бойынша нақты келтірілген шығыстарды өтесе, өндіріп алушыға өтініші бойынша қайтарылады.»;
32) 50-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
2-тармақ «басшысы» деген сөзден кейін «– аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
33) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«51-бап. Орындалуға жататын атқарушылық құжатты түсiндiру
Атқарушылық құжат немесе оны орындау тәртібі түсiнiксiз болған жағдайда, оны орындау үшін алған сот орындаушысы, сондай-ақ өндiрiп алушы немесе борышкер атқарушылық құжатты беруге негiз болған шешiмдi немесе өзге актiнi түсiндiру үшiн сотқа немесе атқарушылық құжатты берген органға жүгiнуге құқылы.»;
34) 52-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Атқарушылық іс-әрекеттер ұсынылған жері бойынша жүзеге асырыла отырып, атқарушылық құжат борышкер жеке тұлғаның тіркелген жері бойынша не оның тұрақты тұратын жері бойынша не жұмыс орны бойынша, сондай-ақ оның мүлкінің тіркелген жері не орналасқан жері бойынша ұсынылады.
Егер борышкер заңды тұлға болып табылса, онда атқарушылық іс-әрекеттер ұсынылған жері бойынша жүзеге асырыла отырып, атқарушылық құжат тіркелген жері не оның органының (құрылтайшысының) нақты орналасқан жері, сондай-ақ оның мүлкінің тіркелген не орналасқан жері бойынша ұсынылады.
Атқарушылық іс-әрекеттер жасалған жерде сот орындаушысы аудио-, фото-, бейнетіркеуді пайдалана алады, алынған материал кейіннен атқарушылық іс жүргізуге тігіле отырып, бұл туралы іс жүргізу құжатында белгі жасалады.»;
3-тармақ «басшысы» деген сөзден кейін «– аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын.
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер атқарушылық іс жүргізуді орындау процесінде борышкердің атқарушылық құжат ұсынылған мекенжай бойынша жоқ болғаны, басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында екені анықталса:
1) мемлекеттiк сот орындаушысы бұл туралы дереу қаулы шығарады және оны шығарған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық құжат пен атқарушылық iс жүргiзудiң барлық материалдарының көшiрмелерiн борышкердiң жаңа тұрғылықты жерi немесе нақты тұратын жерi, оның жаңа жұмыс орны, борышкер заңды тұлғаның жаңа орналасқан жерi бойынша мемлекеттiк сот орындаушысына жiберiп, бұл туралы өндiрiп алушыға хабарлайды. Атқарушылық құжаттың көшiрмесi атқарушылық iс жүргiзуде қалады;
2) жеке сот орындаушысы атқарушылық құжатты өндіріп алушыға қайтаруға не онымен келісу бойынша тіркелген жері бойынша борышкердің жылжымайтын мүлкін және (немесе) орналасқан жері бойынша өзге де мүлікті өткізу үшін өзінің аумақтық округінен тыс жерге шыға отырып, атқарушылық іс-әрекеттер жасауға құқылы.»;
35) 54-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер сот орындаушысы, жеке сот орындаушысының көмекшісі, аудармашы, маман атқарушылық iс жүргiзудiң нәтижесiне жеке өзi, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса немесе өзге де мән-жайлар, атап айтқанда, тараптардың, олардың өкiлдерiнің бейтараптығына күмән туғызатын туыстық қатынастары орын алса, олар атқарушылық iс жүргiзуге қатыса алмайды және одан бас тартуға тиіс.»;
3-тармақта:
бірінші бөлік «басшысы» деген сөзден кейін «– аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «басшысы» деген сөзден кейін «– аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
36) 55-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Борышкерде берешектi өтеу үшiн жеткiлiктi ақша сомасы болмаған кезде өндіріп алу борышкерге тиесiлi басқа мүлiкке қолданылады. Сот орындаушысы өндiрiп алушының немесе бір кезектегі өндiрiп алушылардың және борышкердiң жазбаша келiсуiмен осы Заңның 68-бабына сәйкес мүлiктi алдын ала бағалап, оны өткізбей, сол қалпында беруге құқылы.»;
37) 57-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Борышкерде кепiлге салынбаған мүлкi жеткiлiксiз болған кезде борышкердiң мүлкiне кепiл құқығы жоқ өндiрiп алушылардың талаптарын қанағаттандыру үшiн, қамтамасыз етiлген облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктi және ипотекалық тұрғын үй қарызы мiндеттемесi бойынша қамтамасыз ету болып табылатын жылжымайтын мүлiктi қоспағанда, кепiлге салынған мүлiкке өндіріп алу сот ұйғарымы негізінде талаптары кепіл ұстаушының талабынан басым болатын, кепіл ұстаушылар болып табылмайтын өндіріп алушылардың мүдделерiне қолданылуы мүмкiн. Өндіріп алуды кепілге салынған мүлікке қолдану туралы сот ұйғарымы кепіл ұстаушыны, өндіріп алушыны және борышкерді сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар ете отырып, сот орындаушысының өтініші бойынша сот отырысында шығарылады. Мүлiктi өткiзу кепiлге салынған мүлiктi өткiзу қағидалары бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда талаптар осы Заңның 110 - 112-баптарында белгіленген кезектілік тәртібімен өткізілген мүліктің құнынан қанағаттандырылады.»;
38) 58-бапта:
2-тармақ «басшысы» деген сөзден кейін «– аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инкассолық өкім берілген банктік шотта ақша болмаған не жеткіліксіз болған кезде ақша өндіріп алу борышкердің теңгедегі не төлем жасалған күні Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілейтін тәртіппен айқындалған валютаның нарықтық айырбас бағамы қолданыла отырып, шетелдік валютадағы банктік шотынан (шоттарынан) жүргізіледі. Осы тармақта көзделген жағдайларда инкассолық өкімді сақтау және орындау ол толық орындалғанға дейін борышкердің банктік шоттарына ақшаның түсуіне қарай жүргізіледі.»;
39) 62-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне, оның ішінде заңда көзделген жағдайларда соттың санкциясымен тыйым салуға міндетті. Бұл ретте, сот орындаушысы өндіріп алуды борышкердің мүлкіне қолданудың кезектілік қағидаларын қолданбауға құқылы.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшаға және басқа да мүлікке тыйым салу туралы сот орындаушысының қаулысында тыйым салынатын ақша сомасы көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Борышкердің банктік шотындағы ақшасына атқарушылық санкцияны, орындау жөніндегі шығыстарды және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді ескере отырып, атқарушылық құжатты орындау үшін қажетті сомада тыйым салынады.
Егер инкассолық өкiм негізінде ақшаны өндiрiп алу толық көлемде жүргізілген жағдайда, инкассолық өкiм орындалған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде бұдан бұрын салынған тыйым алып тасталды деп есептеледі, ал тыйым салу туралы қаулы оның бастамашысына қайтарылуға тиіс.»;
40) 63-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке қатысты тізімдеме жүргізілмейді.»;
41) 67-баптың 1-тармағында:
2) және 4) тармақшалар «әкесiнiң аты», «әкелерінің аттары» деген сөздерден кейін тиісінше «(ол болған жағдайда)», «(олар болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) мүлік түрінің сипаты немесе мүліктің және оның сипаттамаларының тізбеленуі;»;
7) тармақша «әкесiнiң аты» деген сөздерден кейін «(ол болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
42) 68-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкердiң мүлкiн бағалауды сот орындаушысы уәкілетті орган бекіткен борышкердің мүлкін бағалау әдістемесіне сәйкес оның нарықтық құны мен нақты тозуын ескере отырып жүргiзедi. Бұл ретте өндiрiп алушы мен борышкер арасында қол жеткiзiлген бағалау туралы келiсiм ескерiлуi мүмкiн.
Егер жекелеген заттарды бағалау қиындық тудырса не борышкер немесе өндiрiп алушы сот орындаушысының жүргізген бағалауына қарсылық білдірсе, сот орындаушысы мүлiк құнын анықтау үшiн маман тағайындайды. Маманның бағалауына келіспейтін атқарушылық іс жүргізу тарабы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен танысқан (көшірмесін, хабарламасын алған) кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде оған дауласуға құқылы.
Жүргізілген бағалаумен келіспеген жағдайда, сот орындаушысы қайта бағалауды тағайындайды, бұл ретте, қайта бағалау жөніндегі маманға ақы төлеуді атқарушылық іс жүргізудің бағалаумен келіспеген тарабы жүргізеді.
Валюталық құндылықтар, қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлiк және басқа да бұйымдар, антиквариат, кескiндеме және мүсiн өнерi туындылары, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлiк мiндеттi түрде мамандардың қатысуымен бағаланады.»;
43) 72-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші кезекте борышкердің іс жүргізуге тікелей қатысы жоқ мүлкі, оның ішінде бағалы қағаздары, валюталық құндылықтары, қымбат бағалы металдары мен асыл тастары, зергерлік бұйымдары, көлік құралдары өткізіледі;»;
44) 74-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Айналымнан заң бойынша алып қойылған мүлікті қоспағанда, тыйым салу негіздеріне және мүлік түрлеріне қарамастан, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті өткізуді комиссиялық негіздерде сауда ұйымдары арқылы, сондай-ақ аукцион нысанындағы сауда-саттықта жүргізеді. Аукцион нысанындағы сауда-саттықты жеке сот орындаушысы – дербес, ал мемлекеттік сот орындаушысы мамандандырылған сауда ұйымы арқылы жүргізеді.
Аукцион нысанындағы сауда-саттық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық аукцион арқылы жүргізілуі мүмкін.
2. Мүлiктi өткiзу нысанын таңдауды сот орындаушысы мүлiк түрiн ескере отырып айқындайды.
Мынадай:
жылжымайтын мүлікті қоспағанда, құны үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүлік комиссиялық негіздерде өткізіледі;
құны үш жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүлік аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізіледі.
Электрондық аукционда мемлекеттік тіркелуге жататын және (немесе) құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мүлік өткізіледі.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Борышкердің мүлікті өткізуге рұқсат алуы атқарушылық іс-әрекеттерді, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу шеңберінде мүлікті сауда-саттыққа шығару бойынша жүзеге асырмауына негіз болып табылмайды. Мүлікке салынған тыйым борышкер мен сатып алушың сатып алу-сату шартына қол қойғаннан және сатып алушы мүліктің бүкіл сатып алу құнын аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізгеннен кейін ғана алынады.»;
45) мынадай мазмұндағы 74-1-баппен толықтырылсын:
«74-1-бап. Сот орындаушысының тыйым салынған мүлікті есепке
алуы
Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы тыйым салынған мүліктің есепке алынуын қамтамасыз етеді.»;
46) 77-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Борышкердің тыйым салынған мүлкін өткізу, осы Заңның 75 және 76-баптарында көрсетілген мүлікті қоспағанда, аукцион нысанындағы сауда-саттықта, оның ішінде электрондық аукцион арқылы, сондай-ақ комиссия шарты негізінде сауда ұйымдары арқылы сату жолымен жүзеге асырылады.
3. Тез бұзылатын мүлiктi, оған тыйым салынып, тiзiмдеме жасалғаннан кейiн атқарушылық iс жүргiзу тараптарының бiлдiрген еркiне қарамастан, сот орындаушысы комиссия шарты бойынша дереу сатуға тапсырады.»;
5-тармақтағы «, ал оған бұрын салынған тыйым алып тасталады» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақ «ол» деген сөзден кейін «сот орындаушысының қаулысы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы «Сот» деген сөз «Мемлекеттік сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Жеке сот орындаушысы жылжымайтын мүлікті оның тіркелген жері бойынша өткізеді, ал өзге мүлікті оның орналасқан жері бойынша өткізеді.»;
47) 78-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Борышкердiң мүлкiн өткiзуге берудi мемлекеттiк сот орындаушысы мамандандырылған сауда ұйымы арқылы қабылдау-тапсыру актiсi бойынша жүзеге асырады.
Жеке сот орындаушысы комиссиялық сауданы жүзеге асыратын ұйымдармен шарттарды дербес жасайды.»;
48) 79-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкердiң мүлкi аукционда өткiзiлетiн кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктің аумағында таратылатын, ресми хабарларды жариялауға құқығы бар мерзiмдi баспасөз басылымдарында аукцион өткiзiлгенге дейін кемінде он күннен кешіктірмей, қазақ және орыс тiлдерiнде алдағы аукцион туралы хабарлайды. Кепiлге салынған мүлiктiң аукцион нысанындағы сауда-саттықта сатылатын уақыты мен орны туралы сот орындаушысы кепiл ұстаушыға хабарлайды.
2. Борышкердiң мүлкi аукционда өткiзiлген кезде мемлекеттік сот орындаушысы мүлiк тiзiмiн – аумақтық органның интернет-ресурсында, ал жеке сот орындаушысы – жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасының интернет-ресурсында жариялайды.»;
49) 80 және 81-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«80-бап. Аукцион өткiзудiң жалпы шарттары
1. Аукционға қатысуға тілек білдіруші адамдар аукционға қатысуға өтінім және өздерінің оған қатысуына кедергілердің жоқ екендігі туралы қолхат беруге және өндіріп алушыны қоспағанда, аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына мүліктің бастапқы құнының бес пайызы мөлшерінде кепілдік жарна салуға міндетті. Аукционды ұйымдастырушының не жеке сот орындаушысының аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдауы аукцион басталғанға дейін бір тәулік бұрын аяқталады. Аукционда ұтқан адам енгiзген сома сатып алу бағасының есебіне жатқызылады. Аукционның қалған қатысушылары енгiзген кепілдік жарна оларға аукцион аяқталғаннан кейiн бес күн iшiнде қайтарылады.
2. Аукционға сот орындаушылары және осы атқарушылық іс жүргізу бойынша шешім шығарған судьялар, тыйым салынған мүлікті бағалаған бағалаушы, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), борышкер сатып алушы ретінде қатыса алмайды.
81-бап. Аукцион өткiзудiң тәртiбi
1. Аукцион басталар алдында қатысушылар сауда-саттықты ұйымдастырушыға немесе жеке сот орындаушысына жеке тұлға үшiн – жеке басты куәландыратын құжаттарды не заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және өкiлдiң сенiмхатын ұсынады. Аталған құжаттардың көшiрмелерi атқарушылық iс жүргiзу материалдарына тiгiлiп қойылады.
2. Аукцион басталғанда сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе жеке сот орындаушысы оны өткізу қағидаларын, сатылатын мүлiктiң атауын, бастапқы бағасын және мүлiктiң бастапқы бағасының бiр пайызынан кем болмайтын бағаны өзгерту қадамын жариялайды.
Бұдан кейiн сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе жеке сот орындаушысы аукционға қатысушылардан мүлiктiң бастапқы бағасына қарағанда көбірек құн төлеуге кiмнiң дайын екендiгiн анықтайды.
3. Аукцион борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетілген мүліктің бағалау құнынан басталады. Сатып алу бағасын ұлғайту қатысушының өзіне берілген тіркеу нөмірі бар карточканы көтеруі және бастапқы құнын бір қадамға немесе бірнеше қадамға ұлғайту туралы хабарлау арқылы жүзеге асырылады.
4. Мүлiктiң құнын әрбір ұлғайтудан кейiн сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе жеке сот орындаушысы мүлiк құнының ұлғайтылғаны туралы хабарлайды және аукционды өткiзу хаттамасына бағаны көтерген қатысушының деректерiн көрсете отырып, тиiстi жазба енгiзедi, одан кейін басқа қатысушыдан (қатысушылардан) бағаны соңғы көтерген қатысушыға қарағанда көбірек құн төлеуге кiмнiң дайын екендiгiн анықтайды.
5. Аукциондағы зат қатысушылардың бiрi ұсынған және сауда-саттықты ұйымдастырушы үш рет қатарынан жариялаған соңғы баға бойынша сатылды деп есептеледi. Сауда-саттықты ұйымдастырушы бағаны үшінші рет жариялағанға дейін аукционға басқа қатысушылардан оны көтеруге ұсыныстар түспесе, ең жоғары баға ұсынған қатысушы аукцион жеңiмпазы болады.
6. Сатып алушы аукцион аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде аукцион басталар алдында енгізілген кепілдік жарнаны есепке жатқыза отырып, өзі сатып алған мүлік үшін толық соманы енгізуге міндетті. Сатып алушы бүкіл сатып алу сомасын белгіленген мерзімде енгізбеген кезде аукцион басталар алдында енгізілген кепілдік жарна оған қайтарылмайды және мемлекет кірісіне немесе жеке сот орындаушысының кірісіне түседі. Егер сатып алушының аукционға қатысуға құқығы болмағаны анықталған жағдайда да кепілдік жарна қайтарылмайды.
Өндіріп алушы сауда-саттық жеңімпазы болып жарияланған кезде және егер мүлік сатып алынған сома борыш сомасынан асып кетсе, өндіріп алушы борыш сомасы мен сатылған мүліктің құны арасындағы айырманы енгізеді.
7. Егер аукционда мүлікті сатып
алушы осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзім ішінде сатып
алу бағасын енгізбеген жағдайда,
сауда-саттықты ұйымдастырушы үш жұмыс күні ішінде
аукцион жеңімпазынан кейін ең жоғары баға
ұсынған аукционның келесі қатысушысына мүлікті
жеңімпаз ұсынған бағадан бір қадам төмендетілген
баға бойынша оның сатып алуы туралы өтініш беру
құқығы туралы хабарлайды. Аукционның
аталған қатысушысы мұндай өтінішті хабарлама алынған
күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сауда-саттықты
ұйымдастырушыға беруге құқылы. Сатып алу
бағасын аукционның аталған қатысушысы
сауда-саттықты ұйымдастырушының, жеке сот орындаушысының
хабарламасын алғаннан кейін бес күн ішінде енгізеді.
8. Егер сатылған мүлiктен түскен түсiм өндiрiп алушының талаптарын қанағаттандыру, мәжбүрлеп орындату, атқарушылық санкциясы бойынша шығыстарды төлеу және жеке сот орындаушысының қызметiне ақы төлеу үшін жеткiлiктi сомаға жететiн болса, сауда-саттықты ұйымдастырушы аукционды тоқтатады.»;
50) 82-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1 Аукционды ұйымдастырушы немесе жеке сот орындаушысы мынадай мәліметтерді:»;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мүлікті сауда-саттыққа қоятын сот орындаушысының тегін, атын және әкесінің атын (ол болған жағдайда);
3) мүлiкке тыйым салынған атқарушылық құжатты және тыйым салу туралы қаулыны;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сауда-саттықты ұйымдастырушының, сот орындаушысының, мүлікті сатып алушының, сатып алушыдан кейін екінші бағаны ұсынған аукционға қатысушының, сондай-ақ егер олар қатысып отырған болса, өндіріп алушы мен борышкердің қойылған қолдарын қамтитын аукцион өткізу хаттамасын жасайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аукцион өткізу хаттамасының бір данасы сауда-саттық жеңімпазына тапсырылады, хаттаманың екінші данасы іс жүргізуінде атқарушылық құжат жатқан сот орындаушысында қалады.»;
51) 83-баптың бірінші бөлігіндегі «аукциондағы мүлiктi сатып алушымен» деген сөздер «сот орындаушысы мен аукциондағы мүлiктi сатып алушы арасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
52) 84-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер болмаса немесе бір ғана өтінім берілсе не аукционға екеуден аз сатып алушы келсе;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер аукцион өткiзiлмесе, осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна оны енгізген адамдарға қайтарылады.»;
53) 85-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«85-бап. Аукционды өткiзiлмеді деп жариялаудың салдары
1. Аукцион өткiзiлмедi деп жарияланған жағдайда өндiрiп алушыға мүлiктi бастапқы құны бойынша өзінде қалдыру, ал одан бас тартқан жағдайда қайталама сауда-саттықтарға қатысу құқығы беріледі.
2. Мүлік өндіріп алушыға берілген кезде өндіріп алушы борышкердің қабылданатын мүлігінің құнынан атқарушылық іс-әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар сомасын және мүліктің берілген құнына мөлшерлес жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын өтейді. Бұл сома кейіннен борышкерден өндіріп алынуға жатады.
3. Аукцион өткiзiлмедi деп танылған және өндiрiп алушы мүлiктi өзiнде қалдырудан бас тартқан жағдайларда сот орындаушысы осы Заңда белгiленген қағидаларды сақтай отырып, қайталама аукцион тағайындайды. Бұл ретте өткізілетін мүліктің бастапқы бағасы қатысушылардың бipeуiнің аукционға шығарылған мүлiк құнының бастапқы бағалауының елу пайызынан төмен болмауға тиiсті жарияланған бағамен мүлiктi сатып алуға келiскен кезіне дейiн жарияланған қадаммен төмендетiледi.
4. Егер аукционшы қатысушының нөмірін қайталаған кезеңде басқа қатысушы (қатысушылар) нөмірін көтерген жағдайда, осы лот бойынша сауда-саттықты жалғастыру бағаны көтеру жағына көше отырып жүзеге асырылады.
5. Қайталама аукцион өтпеді деп жарияланған жағдайда мүлік өндіріп алушыға оның бастапқы құнының (бағалауының) жиырма пайызына азайтылған баға бойынша ұсынылады. Өндіріп алушы мүлікті қабылдаудан бас тартқан кезде борышкердің басқа мүлкі болмаған жағдайда сот орындаушысы оны қайта бағалау және одан әрі өткізу жөнінде шаралар қолданады.»;
54) 86-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өндіріп алуды дебиторлық берешекке қолдану үшін сот орындаушысы өндіріп алуды дебиторлық берешекке қолдану туралы қаулы шығарады, онда дебитордың ақшаны аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізу (аудару) тәртібі көрсетіледі.
Өндіріп алуды дебиторлық берешекке қолдану туралы қаулы дебиторға және атқарушылық іс жүргізу тараптарына жіберіледі.
5. Сот орындаушысының қаулысы дебиторды қаулыда көрсетілген аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына ақша енгізу (аудару) арқылы тиісті міндеттемені орындауға міндеттейді, сондай-ақ борышкерге дебиторлық берешектің туындауына негіз болған құқықтық қатынастарды өзгертуге тыйым салады.»;
55) 87-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың дебиторлық берешегін анықтау үшін сот орындаушысы борышкерден, борышкердің контрагенті болып табылатын заңды тұлғалардан және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардан қажетті бухгалтерлік құжаттаманы талап етуге құқылы.»;
«3. Борышкер, салық органдары, заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар қажетті құжаттар мен ақпаратты сот орындаушысына үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.»;
56) 93-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алу мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжатты орындау кезінде, бір жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, сондай-ақ борышкердің мүлкі болмаған немесе өндіріп алынатын соманы толық өтеу үшін мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда басқа да өндіріп алу бойынша қолданылады.»;
57) 99-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алимент төлемдерiн жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндiрiп алу мүмкiн болмаған жағдайда сот орындаушысы осы Заңның 32-бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолданады және осы Заңның 61-бабына сәйкес өндiрiп алуды қолдануға болмайтын мүлiкті қоспағанда, борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолданады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Берешек өтелген кезде атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етудің қолданылған шаралары тоқтатылуға жатады.»;
3-тармақтағы «тұрған өңiрдегi (облыстағы, астанадағы немесе республикалық маңызы бар қаладағы)» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
58) 100-баптағы «азаматтар және ұйымдардың лауазымды адамдары» деген сөздер «адамдар» деген сөзбен ауыстырылсын;
59) 102-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«102-бап. Жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын бақылау
Сот орындаушысы өндіріп алушының (заңды өкілінің) өтініші бойынша кез келген уақытта, бірақ көп дегенде тоқсанына бір рет борышкердiң жалақысы мен басқа да табыстарынан ұстап қалудың және ұсталған сомаларды өндiрiп алушыға жiберудiң дұрыстығы мен уақтылы жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады.»;
60) 106-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот орындаушысы борышкердi үйден шығару уақыты туралы хабардар етедi. Үйден шығару уақыты туралы тиiсiнше хабардар етiлген борышкердiң болмауы атқарушылық құжатты орындауға кедергi болып табылмайды. Борышкер болмаған кезде атқарушылық іс-әрекеттер аудио-, фото-, бейнетіркеу қолданыла отырып жүргізіледі.»;
61) 11-тараудың тақырыбындағы «өндіріп алушылар арасында» деген сөздер алып тасталсын;
62) 108-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк сот орындаушысы борышкерден өндiрiп алған сомадан ең алдымен атқарушылық құжатты орындау процесiнде борышкерге салынған айыппұлдар өтеледi, содан соң орындау жөнiндегi шығыстар төленедi, қалған сома өндiрiп алушылардың, оның ішінде әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде басқа сот орындаушыларындағы атқарушылық құжаттар бойынша талаптарын қанағаттандыруға түседi.
Жеке сот орындаушысы борышкерден өндiрiп алған сомадан ең алдымен атқарушылық құжатты орындау процесiнде борышкерге салынған айыппұлдар бойынша сомалар өтеледi, содан соң жеке сот орындаушысының қызметiне ақы төлеу жөнiндегi сомалар және орындау жөнiндегi шығыстар төленедi, қалған сома өндiрiп алушылардың, оның ішінде өзінің әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде басқа сот орындаушыларындағы атқарушылық құжаттар бойынша талаптарын қанағаттандыруға түседi.
Барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейiн қалған сома борышкерге қайтарылады.»;
63) 109-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«109-бап. Өндiрiп алуға қосу
Бір борышкерге қатысты қозғалған бірнеше атқарушылық іс жүргізуді, сондай-ақ ортақ өндіріп алу бойынша бірнеше борышкерге қатысты қозғалған атқарушылық іс жүргізуді сот орындаушысы өндіріп алуға қосуы мүмкін.»;
64) 114-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақ «басшысы» деген сөзден кейін «– аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін уәкілетті орган бекітеді.»;
65) 117-бап алып тасталсын;
66) 118-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«118-бап. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу
мөлшерін айқындау қағидалары
1. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу борышкерден өндіріп алынған қаражат есебінен жүргізіледі және өндіріп алынған соманың немесе мүлік құнының үштен жиырма бес пайызына дейінгі мөлшерде белгіленеді. Мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу айлық есептік көрсеткішпен белгіленеді.
2. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу атқарушылық құжат толық немесе ішінара орындалған жағдайда ғана жүргізіледі. Егер мүліктік сипаттағы атқарушылық құжат ішінара орындалса, онда жеке сот орындаушысына оның қызмет ақысының өндiрiп алынған сомаға немесе мүлік құнына пропорционалды бір бөлігі ғана төленеді.
3. Жеке сот орындаушысы өзінің көрсеткен қызметтерінің ақысы үшін соманы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мөлшерде және тәртіппен ғана өндіріп алуға құқылы. Жеке сот орындаушысына өзінің қызмет ақысы сомасының белгіленген мөлшерін өзгертуге тыйым салынады.
4. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Өндіріп алушы жеке және заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жеңілдіктер осы тұлғаларға атқарушылық іс-әрекеттер жасалған кезде қолданылады.»;
67) 119-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «белгiленген тарифтерге сәйкес айқындалған» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) мемлекет пайдасына өндіріп алу бойынша мемлекеттік органдар;»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4.
Осы бапта көзделген аванс беру шарттары осы Заңның
37-бабының 4-тармағына сәйкес жеке сот орындаушысы мен
өндіріп алушы арасында жасалатын келісім (шарт) негізінде реттеледі.»;
68) 120-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер орындау
барысында жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу
жүргізілмесе, орындау жөніндегі шығыстар, өндіріп алушы
енгізген аванстық жарналар өтелмесе, жеке сот орындаушысы осы Заңның
9-бабы 1-тармағының 9) және 10) тармақшаларында
көрсетілген қаулыларды шығарып, оны борышкерге жібереді.
2. Егер атқарушылық құжат ол мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғаннан кейiн орындалса, оны орындау борышкердi орындау жөнiндегi нақты келтiрiлген шығыстарды төлеуден және жеке сот орындаушысының қызметiне ақы төлеуден босатпайды.»;
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
69) 122-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «және» деген сөзден кейін «қажет болған кезде» деген сөздермен толықтырылсын;
70) 123-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Борышкерлерден өндіріп алынған, аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотында, жеке сот орындаушысының ағымдағы шоттарында сақталатын талап етілмеген ақшалай қаражат және мүдделі тұлғаларға арналған басқа да сома, оның ішінде шығыстарды өтеу бойынша аванстық сома қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шоттарына аударылған кезден бастап бес жыл өткеннен кейін аумақтық органның ұсынуы бойынша сот актісі негізінде республикалық бюджетке аударылады.»;
71) 13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-тарау. Атқарушылық санкциясы. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық»;
72) 124-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) борышкер атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғанға дейін толық көлемде атқарушылық құжатты орындаса;»;
73) 125-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«125-бап. Борышкердiң атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшiн
жауаптылығы және оның салдары»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Борышкер мүліктік сипаттағы атқарушылық құжаттың талаптарын уақтылы орындамаған жағдайда, сот орындаушысы борышкерден атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезден бастап мерзімі өткен әрбір күн үшін өндіріп алу сомасының немесе берілуге жататын мүлік құнының 0,1 пайызы мөлшерінде өндіріп алушының кірісіне өсімпұл өндіріп алу туралы ұсыныспен атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған кезден бастап сотқа жүгінеді.»;
74) 126-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) басқа сот орындаушыларында атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын анықтауға;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезiнде туындаған мәселелер бойынша, оның iшiнде орындау тәсiлi мен тәртiбiн өзгерту, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша борышкерге iздеу салу тұрғысынан сотқа ұсыныстар енгiзуге;»;
7) тармақшадағы «кез келген меншiк нысанындағы» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақша «қатысушыларына» деген сөзден кейін «және өзге де адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) егер атқарушылық құжатты орындау процесiнде осындай қажеттiлiк туындаса, басқа аумақтық органның және (немесе) бөлімнің мемлекеттік сот орындаушыларына (жеке сот орындаушысын қоспағанда) жекелеген атқарушылық іс-әрекеттер жасауды тапсыруға;»;
18) тармақша «жүргiзу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 4) тармақшасы «жүргiзу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
75) 128 және 129-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«128-бап. Сот орындаушысының заңды талаптарын
орындамағаны үшiн жауаптылық
1. Сот орындаушысының заңды талаптары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, азаматтар мен ұйымдар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс.
2. Сот орындаушысының заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруына кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
129-бап. Атқарушылық iс жүргiзу органдарының жүйесi
1. Атқарушылық iс жүргiзу органдарының жүйесiн:
1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган;
2) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары (аумақтық органдар);
3) аумақтық органдардың аудандардағы, қалалардағы және қалалардың аудандарындағы бөлiмдерi (аумақтық бөлiмдер) құрайды.
2. Уәкiлеттi органның өкiлеттiгi және қызметiнiң тәртiбi осы Заңда және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi бекiтетiн ережеде айқындалады.
Уәкiлеттi органның аумақтық органдары мен аумақтық бөлiмдерiнiң өкiлеттiгi және қызметiнiң тәртiбi осы Заңда және уәкiлеттi орган бекiтетiн ережеде айқындалады.»;
76) 131-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
77) 137-баптың 2-тармағы «жүргiзу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
78) 138-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«138-бап. Жеке сот орындаушысы қызметiнiң негiздерi
1. Жеке сот орындаушысы орындауға, мемлекеттен немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке және онымен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалардан өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, осы Заңда көзделген барлық атқарушылық құжаттарды қабылдайды.
2. Істердің әлеуметтік маңызы бар санаттары бойынша жеке сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық құжаттардың үлесін (алименттер, жалақы өндіріп алу және басқа да өндіріп алу) уәкілетті орган белгілейді және белгіленгеннен төмен болмауға тиіс.
3. Жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне мемлекеттің, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке және онымен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалардың, табиғи монополиялар субъектілерінің немесе тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілердің қатысуымен атқарушылық құжаттарды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау жатады.
4. Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттерді өтеулi негiзде жүргiзедi. Жеке сот орындаушысы жасаған атқарушылық іс-әрекеттерге ақы төлеу осы Заңда белгіленген тәртiппен айқындалған тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.
5. Жеке сот орындаушыларына Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының борышкерден атқарушылық санкциясын өндiрiп алу бөлiгiндегi ережелерi қолданылмайды.»;
79) 16-тараудың 1-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-параграф. Жеке сот орындаушысының лицензиясы»;
80) 140-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлiк бiлiмi бар, жеке сот орындаушысында үздiксiз тағылымдамадан өткен, бiлiктiлiк емтиханын тапсырған, жеке сот орындаушысының лицензиясын алған, осы Заңда белгіленген тәртіппен жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурстан өткен Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалады.»;
2-тармақта:
«кезеңдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс бойынша борышкер болып табылатын және үш айдан артық кезеңдік өндіріп алу бойынша берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын;» деген сөздер «мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу бойынша кемінде үш ай берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрған;» деген сөздермен ауыстырылсын;
«орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиядан» деген сөздер «орындаушысының лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы «Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының келiсiмi бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жеке сот орындаушысы өзінің лауазымдық міндеттерін өзінің атынан және өзінің жауаптылығымен атқарады. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасына салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
81) 141-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «орналасуға конкурс өткізеді;» деген сөздер «конкурс өткізеді.» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган емтихан өткізу рәсімін, біліктілік емтиханының емтихан сұрақтарын бекітеді.»;
5-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Біліктілік комиссиясының ережесін уәкілетті орган бекітеді.»;
82) 142-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«142-бап. Жеке сот орындаушысының лицензиясы»;
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақта:
«Сот» деген сөз «Жеке сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың» деген сөздер «Жеке сот орындаушысы лицензияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының келiсуiмен» деген сөздер алып тасталсын;
«Сот» деген сөз «Жеке сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Сот» деген сөз «Жеке сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Сот» деген сөз «Жеке сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тұрақты судьялар, өз мiндеттерiн орындау кезiнде атына кiр келтiретiн терiс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшiн судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс iстеген адамдар не теріс себептермен босатылған адамдарды қоспағанда, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органда және оның аумақтық органдарында кемiнде үш жыл жұмыс iстеген адамдар, құқық қорғау органдарының кемінде он жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлері тағылымдамадан өтпей және бiлiктiлiк емтиханын тапсырмай жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға құқылы.»;
83) 143-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«143-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын
тоқтата тұру
1. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру тәртіптік комиссия шешімінің негізінде уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.
2. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы мынадай жағдайларда:
1) жеке сот орындаушысы қылмыстық iс бойынша айыпталушы ретiнде тартылғанда;
2) жеке сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;
3) атқарушылық құжатты қабылдаудан негізсіз бас тартқанда;
4) осы Заңның
52-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында және
77-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларды
қоспағанда, жеке сот орындаушысы өзiнің атқарушылық
округiнiң аумағынан тыс жерлерде атқарушылық іс-әрекеттер
жасағанда;
5) осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 9-1) тармақшасында белгіленген мерзімде оқудан (біліктілігін арттырудан) өтпегенде не одан өтуден бас тартқанда;
6) жеке сот орындаушысы осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 4), 5-1) және 5-2) тармақшаларының және 2-тармағының талаптарын бірнеше рет бұзғанда алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
3. Уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешiмiнде жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұрудың себептерi мен мерзiмдерi көрсетiлуге тиiс. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде, уәкiлеттi орган жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын қалпына келтiру туралы шешiм шығарады.
4. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешiмi қабылданған кезден бастап жеке сот орындаушысы ретiндегi қызметке және атқарушылық іс-әрекеттер жасауға тыйым салуға әкеп соғады.
5. Жеке сот орындаушысының өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты немесе мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақы төленетiн, өз қызметiн тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда оның өтiнiшi бойынша тоқтатыла тұрады. Депутаттың өкiлеттiктерi тоқтатылғаннан кейiн осы адам жеке сот орындаушысының өкiлеттiктерiн атқаруды қайта жалғастыра алады.
6. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, оның орындауындағы атқарушылық іс жүргізу басқа жеке сот орындаушысына беру үшін өндіріп алушының келісімімен жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына жіберіледі.»;
84) 144-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңнамасы бірнеше рет, оның ішінде мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып бұзылған;»;
2) тармақшадағы «лицензияның» деген сөз «жеке сот орындаушысы лицензиясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеке сот орындаушысының лицензиясын беру үшін негіз болып табылған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактісі анықталған;»;
6) тармақшадағы «болмаған жағдайда сот тәртібімен жүзеге асырылады.» деген сөздер «болмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) ғылыми, оқытушылық немесе шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін қызметтің өзге де түрлерімен айналысқан жағдайда сот тәртібімен жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «деп таныған жағдайларда тоқтатылады.» деген сөздер «деп таныған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) жеке сот орындаушысы қайтыс болған;
6) жеке сот орындаушысына қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы қаулы шығарылған;
7) жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
8) жеке сот орындаушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметті жүзеге асыру фактісі анықталған жағдайларда тоқтатылады.»;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «тапсырмасы бойынша» деген сөздерден кейін «жеке сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «жеке сот орындаушысының орнын басқан» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы «ол тәртiптiк iс жүргiзу тоқтатылғаннан кейiн ғана өз еркiмен лауазымынан босатылуы» деген сөздер «атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі өкілеттіктері тәртiптiк iс жүргiзу тоқтатылғаннан кейiн ғана оның өтініші бойынша тоқтатылуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
85) 145-бапта:
2-тармақта:
«лицензиясы» деген сөз «жеке сот орындаушысының лицензиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен келiсiм бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтағы «лауазымына орналасу» деген сөздер «лауазымы» деген сөзбен ауыстырылсын;
86) 146-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
87) 148-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «жеке сот орындаушысы қызметiне тағайындалғаннан» деген сөздер «уәкілетті органда есептік тіркелгеннен» деген сөздермен ауыстырылсын.
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде атқарушылық іс жүргізуді, атқарушылық іс-әрекеттерді уақтылы тіркеуді және мүлікті есепке алуды жүзеге асыруға;
5) Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін сақтауға;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) уәкілетті және (немесе) аумақтық органдарға уақтылы және тиісінше ақпарат ұсынуға;
5-2) тоқсан сайын міндетті мүшелік жарналарды төлеуге;»;
7) тармақшадағы «кәсiби әдеп» деген сөздер «Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғаннан кейін бір жылдың ішінде атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша оқудан (біліктілігін арттырудан) өтуге, кейіннен үш жылда бір рет өтіп тұруға;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке сот орындаушысы жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына және уәкілетті және (немесе) аумақтық органдарға өзінің қызметі туралы ақпарат береді, оның нысаны мен мерзімін уәкілетті орган бекітеді.»;
88) 151-бап алып тасталсын;
89) 152-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен бiрлесiп» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Жеке сот орындаушысы осы Заңның 153-бабының 1-тармағында айқындалған өзінің жұмыс орнынан тыс жерде, осы Заңның 161-бабының 2-тармағына сәйкес өзі мүшесі болып табылатын жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы шегінен тыс жерде атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асырған кезде, ол атқарушылық іс-әрекеттер жасалған жер бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасын хабардар етуге міндетті.»;
90) 153-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жері мен жабдықталуына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
3. Жеке сот орындаушыларының ортақ кеңсесі болуы мүмкін. Ортақ кеңсені күтіп ұстаған жағдайда әрбір жеке сот орындаушысы өзінің өкілеттіктерін өз атынан жүзеге асырады және оларды жасағаны үшін жеке жауаптылықта болады.»;
91) 154-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«154-бап. Жеке сот орындаушысының куәлiгi, жеке мөрi,
мөртабандары және бланкiлерi
Жеке сот орындаушысының өзiнiң тегi, аты мен әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сот орындаушылары өңiрлiк алқасының, атқарушылық округтің атаулары, жеке сот орындаушысы лицензиясының нөмiрi көрсетiлген куәлiгi, жеке мөрi, сондай-ақ мөртабандары мен жеке бланкiлерi болады. Куәлiктiң және жеке мөрдің үлгiлерiн уәкiлеттi орган бекiтедi. Куәлiк пен жеке мөрді дайындауды және берудi жеке сот орындаушыларының өңiрлiк алқасы ұйымдастырады.»;
92) 156-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жоғары заңгерлiк бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары сот орындаушысының тағылымдамашылары бола алады. Тағылымдамашылар кемiнде үш жыл сот орындаушысының жұмыс өтілі бар жеке сот орындаушыларында тағылымдамадан өтеді.»;
93) 16-тараудың 4-параграфы алып тасталсын;
94) 161-баптың 1-тармағындағы «атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
95) 162-баптың 1-тармағында:
3) тармақша «жүргiзу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы «лауазымына» деген сөз «лицензиясын алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1), 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) білім беру ұйымдарымен бірлесіп, жеке сот орындаушыларын оқудан (біліктілігін арттырудан) өткізеді, оның нәтижелері бойынша растайтын құжат береді;»;
«6-1) өзінің интернет-ресурсында борышкердің аукционда өткізілетін мүлкінің тізімін жариялайды;
6-2) уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындау үшін кандидаттарға арналған ұсынысты енгізеді;»;
7) тармақшадағы «кәсiби әдептi» деген сөздер «Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша алып тасталсын;
11) тармақшадағы «, керi қайтарып алу» деген сөздер алып тасталсын;
12) тармақшадағы «жағдайлары» деген сөз алып тасталып, «сақтандыру» деген сөзден кейін «туралы, жеке сот орындаушыларын қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тарту жағдайлары туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
13) тармақша «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
96) 165-баптың 1-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жеке сот орындаушыларының өңірлік алқаларымен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп, жеке сот орындаушыларын оқытуды (бiлiктiлiгiн арттыруды) ұйымдастырады;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жеке сот орындаушысының лицензиясын алуға үміткер жеке тұлғаларды тағылымдамадан өткізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді;»;
9) тармақша «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;»;
97) 167 және 168-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«167-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін реттейді және бақылайды;
2) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасының мөлшерлерін әзірлейді және оны бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
3) жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурс ұйымдастырады;
4) конкурстың қорытындылары бойынша азаматтарды жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындайды;
5) республика бойынша және әрбір өңір бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамын бекітеді;
6) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлейді;
7) жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
8) осы Заңның 143 және 144-баптарының 2-тармақтарында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушылары лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды;
9) осы Заңның 144-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушылары лицензияларының қолданылуын тоқтату туралы сотқа қуыным береді;
10) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілімдерге және электрондық дерекқорға қосу туралы шарттар жасасады;
11) мыналарды:
жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібін;
тәртіптік комиссия туралы ережені;
біліктілік емтихандары туралы ережені;
біліктілік комиссиясы туралы ережені;
жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурс өткізу тәртібін;
жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды;
жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібін;
іс қағаздарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
168-бап. Жеке сот орындаушыларының қызметiн бақылау жөнiндегi
аумақтық органның құзыретi
1. Аумақтық орган:
1) жеке сот орындаушыларының осы
Заңды сақтауын және өздерiнiң мiндеттерiн
тиiсiнше орындауын бақылауды ұйымдастырады;
2) жеке сот орындаушысы лицензиясының
қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы
ұсыныс енгiзедi;
3) тәртiптiк комиссияға жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгiзедi;
4) жеке сот орындаушыларын есептiк тiркеудi жүргiзедi;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Аумақтық орган жеке сот орындаушыларының өңiрлiк алқасымен бiрлесе отырып:
1) жеке сот орындаушыларына
әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
2) жеке сот орындаушыларының жұмыс практикасын
жинақтап қорытады;
3) осы Заңның
148-бабының 2-тармағына сәйкес ақпарат жинауды
жүзеге асырады;
4) жеке және заңды тұлғалардың жеке сот орындаушыларының іс-әрекеттерiне шағымдарын қарайды;
5) жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық іс-әрекеттердiң заңдылығын және олардың iс қағаздарды жүргiзу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
6) атқарушылық қызметті жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының бiлiктiлiгiн арттыруды жүргiзедi.
3. Аумақтық орган өкiлдерi жеке сот орындаушылары өңiрлiк алқасының жалпы жиналысының, басқармасының және басқа да органдарының отырыстарына қатысуға құқылы.»;
98) 169-бапта:
1-тармақтағы «Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен бiрлесе отырып» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақ алып тасталсын;
99) 170-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын
«1) лауазымдық міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы, белгіленген мөлшерлемеден асырып сыйақылар алуы, сондай-ақ уәкілетті және (немесе) аумақтық органдарға ақпаратты ұсынбауы, тиісінше немесе уақтылы ұсынбауы;»;
100) 171-баптың 1-тармағындағы «орган мен аумақтық органның» деген сөздер «немесе аумақтық орган басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
101) 172-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) уәкілетті органның жеке сот орындаушысының лицензиясын тоқтата тұру туралы шешім қабылдауы;»
102) 173 және 174-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«173-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу
Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 138-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
174-бап. Өтпелi ережелер
1. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы құрылғанға дейiн оның нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және қабылдау бөлiгiндегi функцияларын уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Осы Заңның 34-бабы осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жыл бойы алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарға ғана қолданылады.
3. Осы Заңның 74-бабының 1 және 2-тармақтары, 77-бабының 2-тармағы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын, одан кейін бұл нормалар мынадай редакцияда қолданылатын болады деп белгіленсін:
«1. Айналымнан заң бойынша алып қойылған мүлікті қоспағанда, тыйым салу негіздеріне және мүлік түрлеріне қарамастан, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті өткізуді комиссиялық негіздерде сауда ұйымдары арқылы, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта жүргізеді.
2. Мүлікті өткізу нысанын таңдауды сот орындаушысы мүлік түрін ескере отырып айқындайды. Жылжымайтын мүлікті қоспағанда, құны үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүлік комиссиялық негіздерде өткізіледі.».
«2. Осы Заңның 75 және 76-баптарында көрсетілгенді қоспағанда, борышкердің тыйым салынған мүлкін өткізу электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта сату жолымен, сондай-ақ комиссия шарты негізінде сауда ұйымдары арқылы сату жолымен жүзеге асырылады.».
4. Осы Заңның 8-тарауы 2-параграфының ережелері 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық аукцион өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады деп белгіленсін.
18. «Медиация туралы» 2011 жылғы
28 қаңтардағы Қазақстан
Республикасының Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2,
27-құжат; 2012 ж., № 6,
44-құжат; 2013 ж., № 14,
72-құжат):
1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы iстер бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында қаралатын даулар (дау-шарлар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.».
19. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; №15, 82-құжат; №16, 83-құжат):
211-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша түскен мүлікті одан әрі пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оны өткізу арқылы жүзеге асырылады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ