ӘБДИЕВ
Ерлан
Тұрсынбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің

Депутатқа хат
Заң шығару қызметі
06.12.2023

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысына қатысу және сөз сөйлеу.

07.11.2023

Дөңгелек үстелдің отырысында Бюджет кодексі жобасының келесі негізгі бағыттары талқыланды: мазмұнды оңтайландыру, нәтижеге бағдарланған бюджет қағидатын күшейту, мемлекеттік қаржының шоғырлануын қамтамасыз ету және оларды басқаруды қаматамасыз ету, бюджет процесін қайта реттеу, бюджеттік процесті түбегейлі оңайлату, мерзімдер мен кезеңдерді екі есеге қысқарта отырып, бюджет процесінің реинжинирингі, бюджет жобасына және жылдық есепке қоса берілетін бюджеттік ақпаратты кеңейту, бюджетті атқару элементтерін жетілдіру.

Халықаралық қызметі
16.11.2023

Мәжіліс депутаттары Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспанның жетекшілігімен Индонезия Республикасы Халықтық консультативтік конгресі ҚХА Парламентаралық ынтымақтастық комитетінің делегациясымен кездесті.

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50733/1/1

Депутаттық сауалдар
27.03.2024

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында кен өндіру өнеркәсібі жақсы дамығаны, осы сала ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз ететін сенімді табыс көзі болып табылатынын атап өтті.

Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша пайдалы қазбаларды өндіргені үшін салықтық төлемдер 10,6 трлн. теңгені құрады. Қазынаға бес мыңнан астам жер қойнауын пайдаланушыдан қаражат түсті.

Бұл ретте Мемлекет басшысы геологиялық барлауға ерекше назар аударды.

06.03.2024

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға сәйкес Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің мүгедектік белгісі бойынша кемсітусіз әлеуметтік қорғауға және осы құқықты іске асыруды көтермелеуге мойындайтынын және осы құқықты іске асыруды қамтамасыз ету мен көтермелеуге тиісті шаралар қабылдайды. 

27.06.2023

Мүгедектігі бар адамдардың, өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қалын жұрт хабардар еместігін атап өту қажет.

Аймақтағы жұмысы
05.07.2023

Қазақстан Республиксы Парламент Мәжілісі депутаттарының Қазақстан аймақтарына халықпен кездесуге шығуы аясында. 

04.07.2023

Қазақстан Республиксы Парламент Мәжілісі депутаттарының Қазақстан аймақтарына халықпен кездесуге шығуы аясында. 

04.07.2023

Қазақстан Республиксы Парламент Мәжілісі депутаттарының Қазақстан аймақтарына халықпен кездесуге шығуы аясында. 

03.07.2023

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті. Атап айтсақ, Ұласбек Сәдібеков, Темір Қырықбаев және Ерлан Абдиевпен жүздесіп, облыстың,елдің дамуы жөнінде пікір алмасты. Депутаттар заң шығарушы орган тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып, бірқатар маңызды құжаттар қабылданғанын атап өтті. Бұл ретте Түркістан облысы тұрғындарының өтініштеріне сәйкес депутаттық сауалдар жолданып, мәселелер көтерілгеніне де тоқталды. https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/583719?lang=kk

03.07.2023

Қазақстан Республиксы Парламент Мәжілісі депутаттарының Қазақстан аймақтарына халықпен кездесуге шығуы аясында. 

Сөздері, мақалалары мен жарияланымдары
06.06.2023

Қазақстанды мүгедектерге ыңғайлы ету үшін 9 трлн теңге керек – Ерлан Әбдиев. 

Мәжіліс депутаты мүгедектігі бар азаматтарға әуе компаниялары жеңілдік жасауы қажет екенін айтады. 

https://halyq-uni.kz/kozkaras/21265-deputat-erlan-bdievpen-suk-bat/

Қызмет орталығы
05.04.2024

Жобаның бас демеушілері "Самрұқ-Қазына" АҚ-ның компаниялары тобы және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. 

11.03.2024

Депутаттық топтын отырысында «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы №326 қаулысын орындау жөніндегі ұсынымдарды қарау қорытындылары бойынша орталық уәкілетті мемлекет органдардың және жергілікті атқарушы органдардың жауаптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасын әзірленуі талқыланды.

02.11.2023

Ағымдағы жылдың 2 қарашасында Парламент Мәжілісінің депутаты Е.Т. Әбдиевтің төрағалығымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ұлттық экономика, өнеркәсіп және құрылыс, көлік, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту, мәдениет және ақпарат, туризм және спорт, төтенше жағдайлар, ішкі істер, сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерінің қатысуымен «Инклюзивті Парламент» депутаттық тобының кезекті отырысы өтті.

Отырыста Үкіметтің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттырудың 2025 жылға дейінгі Ұлт жоспарының басым бағыттарының іске асырылу барысы туралы ақпарат тындалды.

08.09.2023

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Парламент Мәжілісінің депутаты Е.Т. Әбдиевтің төрағалығымен Парламентаризм институты өкілдерінің қатысуымен мүгедектігі бар адамдардың және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі одан арғы мақсаттар мен міндеттерді талқылау үшін «Инклюзивті Парламент» депутаттық тобының екінші отырысы өтті.

30.06.2023

Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда бірінші сессияның жұмысы қорытындыланды.

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50292/1/1

06.06.2023

2023 жылғы 6 маусымда Экономикалық реформа және өңірлік даму Комитеттің «Тұрғын үй саясатын іске асыру туралы» (Қолжетімді тұрғын үй: ағымдағы ипотекалық бағдарламаларды жетілдіру, проблемалар және оларды шешу жолдары. Мүгедектігі бар адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету)» атты тақырыптық отырысы өтті. Депутаттар алдында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі А.Ө. Бейспеков, «Отбасы Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Л.Е. Ибрагимова баяндама жасады. Отырысқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Дүйсебайұлы Оспанов та қатысты.

06.06.2023

Отырысқа Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ, «SKAT», «Эйр Астана», «Qazak Air» авиакомпанияларының және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

Отырыстың басында Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Е.Т. Әбдиевтің қатысуымен мүгедектігі бар адамдар мен олармен бірге жүретін адамдар үшін жоғарыда аталған авиакомпанияларға арналған билеттердің нақты бағасы туралы бейне-ролик көрсетілді.

17.05.2023

Мәжілісте өткен Үкімет сағаты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру аясында ғылымды дамытуға арналды. Отырысты ашқан Палата төрағасының орынбасары Дания Еспаева Президенттің ғылымды дамытуға айрықша басымдық бере отырып, бірқатар нақты тапсырмалар жүктегенін атап өтті.

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50121/1/1

Басқалары
30.11.2023

Елордада «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған XVI «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.