Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
13.04.2021

Н.Нығматулин: Айлардың сұлтаны саналатын Ораза айы – әрбір адамға рухани күш-жігер береді


Нұр-Сұлтан. 13 сәуір. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жақсылықтың жаршысы атанған Рамазан айының басталуымен барша қазақстандықтарды  құттықтады.

«Барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Айлардың сұлтаны саналатын Ораза айы - кең пейілдің, береке-бірліктің және ізгіліктің, ынтымақ пен мейрімділіктің көрінісі. Шарапаты мен шапағаты мол ай халықты жанашыр болуға, қайымдылық жасап, бір-біріне көмектесуге шақырады. Осы берекесі мен бірлігі жарасқан Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз, барлық дұға-тілектеріңіз және ықыласпен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын,» - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы барлық қазақстандықтарды біріктіре түсетін осындай қасиетті айда әрбір азаматқа рухани күш-жігер, әрбір отбасына бақ-береке, амандық елімізге тыныштық және өркениет тіледі.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.