Астана, 11 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.
(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков).
Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.