Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.05.2024

Мәжіліс Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кандидатурасына келісім берді


Астана, 6 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына Жаслан Хасенұлы Мәдиевтің кандидатурасы келісілді.

Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі