Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
05.09.2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ БЮРОСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ БЮРОСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

БЮРО МАЖИЛИСАПАРЛАМЕНТА

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі жанында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу қағидалары туралы

________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Регламентінің
194-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Бюросы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі жанында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

Н. НЫҒМАТУЛИН

Астана, 2016 жылғы 1қыркүйек

№ 59-VIМБ

Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісі Бюросының 2016 жылғы

1 қыркүйектегі 2016ж. №59-VI МБ қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі жанында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі (бұдан әрі – Мәжіліс) жанында бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі – БАҚ) өкілдерін аккредиттеу «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, осы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі жанында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2. БАҚ өкілдерін аккредиттеуді Мәжілістің баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірі ретінде Мәжілістің қызметі туралы жұртшылықты кеңінен және жедел хабардар ету, БАҚ-тың аккредиттелген өкілдерінің қызметін ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырады.

2. Мәжіліс жанында БАҚ өкілдерін аккредиттеу түрлері

3. Тұрақты аккредиттеу Палатаның, тұрақты комитеттердің, Мәжілістегі комиссиялардың, саяси партиялар фракцияларының және депутаттық топтардың, Мәжіліс депутаттарының қызметін жария ету мақсатында Мәжіліс ғимаратында тұрақты жұмыс істейтін БАҚ өкілдері үшін, сондай-ақ Мәжіліс қызметін жария ету жөніндегі БАҚ редакциясының жеке тапсырмаларын орындайтын БАҚ өкілдері үшін жүзеге асырылады.

4. БАҚ өкілдері Парламент сайланымының ағымдағы сессиясының жұмыс кезеңіне аккредиттеледі.

5. Аккредиттеу ағымдағы сессия ашылғанға дейін басталады және ағымдағы сесссия жабылатын күні аяқталады. Аккредиттеу Парламент сайланымының бүкіл ағымдағы сессиясы ішінде жүзеге асырылады.

6. Мәжіліс өткізетін жекелеген іс-шараларды жария ету үшін БАҚ редакциясы БАҚ өкілінің және БАҚ редакциясының деректері көрсетілетін жазбаша өтініш, ал жедел жағдайларда – БАҚ редакциясының ауызша өтініші негізінде өздерінің өкілдері үшін бірреттік аккредиттеуді ресімдей алады. Бұл жағдайда БАҚ өкілі Мәжіліс ғимаратына фото -, бейне-, аудиоаппаратурасыз және өзге де электрондық техникасыз (ерекше жағдайларда – Мәжілістің баспасөз қызметінің Мәжіліс Аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшелерімен келісуі бойынша) бірреттік рұқсатнама бойынша өтеді.

3. Аккредиттеу тәртібі

7. Мәжілістің баспасөз қызметі Мәжіліс жанында БАҚ өкілдерін аккредиттеуден өткізудің басталғаны туралы ақпаратты БАҚ редакцияларының электрондық мекенжайлары бойынша таратады.

8. Тұрақты аккредиттеуге өтінішті БАҚ-тың меншік иесі немесе БАҚ редакциясы БАҚ-тың меншік иесінің толық атауын немесе БАҚ редакциясын, БАҚ-тың меншік иесінің немесе БАҚ редакциясының заңды мекенжайын және орналасқан жерін, БАҚ-тың меншік иесінің немесе БАҚ редакциясының телефон, факс нөмірлерін, электрондық мекенжайын көрсете отырып, жазбаша нысанда береді.

Аккредиттеу туралы өтінішке:

БАҚ-тың аккредиттелетін өкілінің жеке куәлігінің көшірмесі;

бұқаралық ақпарат құралдары немесе телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган берген мерзімді баспа басылымын немесе ақпарат агенттігін не теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;

аккредиттеу карточкасын ресімдеу үшін 3х4 мөлшердегі фотосурет қоса беріледі.

Егер өтініш БАҚ редакциясының өкілінен берілген жағдайда, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа өтінішке БАҚ өкілін аккредиттеу рәсімін өткізуге БАҚ-тың меншік иесінің сенімхаты қоса беріледі.

Егер өтініш интернет-ресурстың меншік иесінен берілген жағдайда, көрсетілген құжаттардан басқа өтінішке интернет-ресурсқа меншік құқығын растайтын құжат қоса беріледі.

9. БАҚ өкілдерін аккредиттеу туралы шешімді Мәжілістің баспасөз қызметіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасарымен келісім бойынша Мәжілістің баспасөз қызметі қабылдайды. Мәжілістің баспасөз қызметі өтінішті қарау қорытындылары бойынша жеті жұмыс күні ішінде:

1) БАҚ өкілін акредиттеу және аккредиттеу карточкасын беру туралы;

2) БАҚ өкілін аккредиттеуден бас тарту туралы қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

10. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар берілмеген жағдайларда, егер өтініштің мазмұны осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеcе, сондай-ақ соттың БАҚ-тың шығуын не теле-, радиоарнаның эфирге шығуын тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген шешімі негізінде БАҚ өкілін аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылданады.

11. БАҚ-тың меншік иесі не БАҚ-тың редакциясы БАҚ-тың аккредиттелген өкілін БАҚ-тың басқа өкілімен ауыстырған жағдайда оны аккредиттеу осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

12. БАҚ-тың аккредиттелген өкілі аккредиттеуден БАҚ-тың меншік иесінің өтініші негізінде айырылады не одан БАҚ редакциясы айырады, сондай-ақ заңды күшіне енген соттың шешімімен айырылады.

13. Аккредиттеу карточкасы жоғалған, ұрланған немесе бүлінген жағдайда БАҚ-тың редакциясы немесе осы БАҚ-тың өкілі Мәжілістің баспасөз қызметіне аталған мән-жайлар туралы дереу хабарлауға міндетті, бұл ретте БАҚ өкілінің аккредиттеу карточкасының күші жойылады және жаңасы ресімделеді.

4. БАҚ-тың аккредиттелген өкілдерінің құқықтары мен міндеттері

14. БАҚ-тың аккредиттелген өкілдерінің:

1) Мәжілісте іс-шаралар өткізілген уақытта Мәжіліс ғимаратында орналасқан, осы мақсаттар үшін бөлінген үй-жайларда, сондай-ақ Мәжілістің іс-шараларын өткізуге арналған өзге де орындарда Мәжіліс баспасөз қызметінің шақыруы бойынша жұмыс істеуге;

2) редакциямен байланыс жасау және оған жедел хабарларды беру үшін өзінің ұялы телефон байланысы аппараттарын, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар құралдарын, өз диктофондарын, фотоаппараттары мен дербес портативті компьютерлерін, сондай-ақ арнайы бөлінген үй-жайда (Баспасөз залында) орнатылған бейнемагнитофондарды белгіленген тәртіппен пайдалануға;

3) тұрақты комитеттердің, Мәжілістегі комиссиялардың, саяси партиялардың фракциялары мен депутаттық топтардың шақыруы бойынша
іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ өздерімен келісе отырып, Мәжілістің ғимаратында Мәжіліс депутаттарымен, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуге;

4) Мәжілістің жекелеген іс-шаралары туралы ақпарат алу үшін Мәжілістің баспасөз қызметі ұйымдастыратын брифингтерге, баспасөз конференцияларына және кездесулерге қатысуға;

5) Мәжілістің баспасөз қызметі жәрдем көрсеткен кезде БАҚ редакциясы басшылығының жазбаша (жедел жағдайларда – ауызша) өтінімі бойынша бейне- және фотоматериалдарды пайдалануға құқығы бар.

15. Аккредиттеуге өтініш беру БАҚ өкілдерінің мынадай талаптарды орындауға:

1) өз қызметін жүзеге асырған кезде журналистердің кәсіби этикасын және Мәжілістің ғимаратына кіру режимін, сондай-ақ Мәжілісте белгіленген еңбек тәртібінің қағидаларын сақтауға;

2) Мәжілістің ғимаратына кірген кезде, сондай-ақ кәсіби қызметін жүзеге асырған кезде – аккредиттеу карточкасын; бірреттік аккредиттеуді алған БАҚ өкілдері жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге;

3) Мәжілістің ғимаратына келген кезде іскерлік киім үлгісін ұстануға келісімін растайды.